Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы серіктестер
Тәжікстан Республикасы
Тәжікстан Республикасындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру жобалары Тәжікстан Республикасындағы білім беру және еңбек нарығы секторларына жәрдемдесу жөніндегі Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылады. Халықаралық ынтымақтастық аясында «Болашақ педагогикасы: заманауи мектептерге арналған шешімдер», «Кәсіби тренерлік: педагогтерді дамытудың тиімді әдістемелері», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» курстары ұйымдастырылды. Жоба туралы толығырақ: https://beyim.edu.kz/projects/tajikistan
Малави, Африка
Наликуле педагогикалық колледжі оқытушыларын дайындау (Малави, Африка). Африкалық мұғалімдер Lesson study және Action Research негізгі алгоритмдерін игерді.
Әзірбайжан Республикасы
Әзірбайжан Республикасы педагогтері «Заманауи мұғалім: оқытудан зерттеуге» ауқымды бағдарламасы аясында оқыды. Курстың барлық модульдері заманауи білім берудің ең сұранысқа ие басымдықтары, соның ішінде табысты оқытудың аспектілері мен сабақты жоспарлау, оқу мақсатына жету жолдарына арналды.
Түрікменстан
Еуропалық Одақтың «Түрікменстандағы білім беру жүйесіне жәрдемдесу» жобасы аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оның ішінде кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеу мақсатында оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Қырғызстан Республикасы
Қырғызстан Республикасының аймақтарының мұғалімдері зерттеу қызметін кеңейтуге және мұғалімдердің жүйелі кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған «Мұғалімнің ғылыми-зерттеу қызметі: Lesson Study және Action Research» біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Югра – Ханты-Мансийск автономиялық округі
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Югра – Ханты-Мансийск автономиялық округінің білім және жастар саясаты департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында 2020 жылы «Тиімді оқыту және оқу» атты қашықтан оқыту курсы өткізілді.