Халықаралық мойындау
Халықаралық танымдылығы (жетістіктер)

Қазақстан алғаш рет UNESCO-Hamdan 2019–2020 конкурсына қатысты.
Онда Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдердің тиімділігін арттыруда жеткен ерекше тәжірибесі мен жетістігі үшін білім берудегі озық әлемдік жобалардың топ-10 қатарына кірді.

Қауымдастық мектепте оқыту мен оқудың сапасын жақсарту үшін бірлескен зерттеу, өзара көмек және ақпараттар алмасу үшін өзінің платформасын ұсынып отыр.
Орталық тренерлері WALS-тің халықаралық конференцияларында (Гётеборг, Эксетер, Нагоя, Пекин, Амстердам ққ.) шеберлік сабақтарын өткізіп келеді.

Халықаралық сертификаттау
ПШО-ның 11 білім беру бағдарламасы ACQUIN аккредитациялау, сертификациялау және сапаны қамтамасыз ету институтының (Германия) халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін сертификаттарына ие болды.
Сертификаттар
Қазақстан педагогтерінің кәсіби даму жүйесінде алғаш рет ПШО-ның 11 бағдарламасы ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтында сөзсіз сертификаттаудан сәтті өтті.