Мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен 2011 жылдан бастап серіктестік қызмет атқарып келемін. Осы уақыт аралығында мұғалімдерді даярлау жүйесінде көшбасшы атанған Орталық тренерлерінің анағұрлым кәсіби шыңдалғанын көрдім. Өзімнің қызметтік жолымда бірге жұмыс істеген Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерін үздік команда ретінде санаймын және күмәнсіз ұсына аламын.
Сарапшылар пікірі
Біз оқыту саласында жоғары деңгейде сапалы қызмет көрсетуге ұмтыламыз. Біз тұтынушыларымызға сенім білдіргеніне және бірлескен жұмыстағы оң пікірлер үшін ризамыз. Егер сіздің ұсынысыңыз болса, төмендегі формада қалдыра аласыз.
Кері байланыс қалдыру
Элейн Уилсон
https://twitter.com/egwilson
Кембридж университетінің білім беру факультетінің аға оқытушысы
Дэвид Марш
Йювяскюля университеті, EduCluster Finland инновациялар және қоғаммен байланыс директоры
Біз үшін Педагогикалық шеберлік орталығының бағдарлама құрастырушылары және тренерлерімен танысу мүдделестердің ерекше кездесуі болды, бұл аса білікті кәсіпқойлардың кездесуі.
Навруз Мирзозода
Тәжістан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтының директоры
Тәжікстан кәсіби тренерлікке Қазақстандағы әріптестерімен бірге қадам басты, табысты ынтымақтастық біздің мұғалімдердің кәсіби өсуінің жаңа кезеңін белгілейді
Назакат Мехдиева
Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының директоры (Әзірбайжан)
Әзірбайжандық педагогтердің Педагогикалық шеберлік орталығына сапары біліктілікті арттыру ғана емес, өзге халықтың мәдениетімен танысудың тамаша мүмкіндігі болды. Қазіргі уақытта әлемдегі білім берудің маңызды мәселелерінің бірі – оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру. Осы өткен екі аптада тренерлерден білім алу – бізге білім берудегі қиындықтарды терең түсінуге, оны егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік берді.
Диана Димова
Тәжікстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың өкілі
Еуропалық одақтың жобасын кәсіби даму бойынша ең табысты әлемдік компаниялардың бірі ретінде қазақстандық Педагогикалық шеберлік орталығына сеніп тапсырдық.
Тошия Чичибу
Ұлттық білім беру саясатын зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Жапония
2012 жылдан бастап ПШО оқыту бағдарламасына «Сабақты зерттеу» әдісі енгізілді, бұл осы зерттеулерге қатысатын мектептер санының артуына әкелді. 2013 жылы мен Қазақстанға Lesson Study кеңесшісі ретінде шақырылу құрметіне ие болдым. 2019 жылдың қазан айында ПШО жүргізген сауалнама мектептердің 80%-дан астамы өз жұмысында осы әдісті қолданатынын көрсетті. Алдағы Қазақстанда өтетін WALS конференциясының қатысушылары қазақстандық Lesson Study тәсілінің озық жетістіктері туралы біле алады.
Эмиль Рысқұлов
«Ақылман» Президенттік лицейінің директоры Республика Кыргызстан
«Ақылман» Президенттік лицейі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары үшін алғысымды білдіремін. Курстардың басты ерекшеліктерінің бірі – тренерлердің әрбір қатысушымен жеке жұмыс істеуі. Курстарға сабақ беретін мұғалімдердің педагогика саласында мол тәжірибесі бар, лицейіміздің ерекшеліктерін жақсы түсінеді. Біз білім берудің әртүрлі тәсілдерін талқылаймыз, озық тәжірибе алмасамыз және күнделікті жұмысымызда кездесетін мәселелерді бірге шешеміз. Бұл білім беру үдерісімізді дамытуға және оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Алексей Дренин
Югра – Ханты-Мансийск дербес өңірі Білім беру және жастар саясаты департаментінің директоры
Барлық үлгіден қол үзу, білім берудегі барлық стандартты, дәстүрлі қағиданы бұзу… Назарбаев Зияткерлік мектептері мұның бәрін орындай алды… білім беру бағдарламаларын қалыптастыруда жаңа тәсілдерді арнайы қолдана білді. Мұндағы тәжірибені тек жақсы деуге келмейді, ең жақсылардың жақсысы, өйткені ол негізінен әлемдегі үздік тәжірибелердің жиынтығын құрайды.
Біздің мекемеміз ұнады ма?Біріккен жұмыс туралы пікіріңізбен қазір бөлісіңіз! |
Кері байланыс қалдыру
|