Негізгі қызмет
Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кітапханасы (бұдан әрі – ПШО) 2012 жылы дербес бағдарламалар бойынша және стратегиялық серіктес – Кембридж университетінің Білім беру факультетімен ынтымақтаса отырып, білім беру жүйесінің отандық және әлемдік озық тәжірибесі негізінде оқыған педагог қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында құрылды.
«Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе үш тілде шығарылады.