Кеңесте ассоциацияның алдағы стратегиясы, ұлттық және аймақтық Lesson Study конференцияларын байланыстыру, арнайы қызығушылық топтарын құру, сондай-ақ Атқарушы комитет мүшелерін сайлау мәселелері қаралды.
Сайлау нәтижесінде алғаш нет Қазақстаннан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының эксперті Тауиля Акимова ұйымның Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.
Педагогикалық шеберлік орталығының 2015 жылы Дүниежүзілік сабақты зерттеу ассоциациясына ресми мүше болуы Lesson Study Kazakhstan жобасын іске асыруға мүмкіндік берді. Бұл жоба еліміздегі мектептерде мұғалімдердің кәсіби зерттеу қауымдастықтарын қалыптастырып, ауқымды тәжірибе алаңы ретінде қызмет етті.
Сонымен қатар ПШО осы жылдар ішінде қазақстандық Lesson Study тәжірибесін халықаралық деңгейде белсенді түрде таратып, шетелдік мұғалімдерді оқытты. Ал 2024 жылы WALS тарихында тұңғыш рет посткеңестік кеңістікте әлемнің әр түкпірінен келген сарапшылар мен зерттеушілер Қазақстанда кездесті. ⠀
Айта кетейік, Қазақстан өкілінің Атқарушы комитетке кіруі еліміздің Lesson Study қозғалысындағы рөлін растап қана қоймай, оның халықаралық деңгейде әрі қарай дамуына тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Орталық мамандары он жылдан бері WALS Сарапшылар кеңесі мүшелігі құрамында қызмет етуде.
