– Алғашында мен Lesson Study тек сабақ жоспарлаумен байланысты деп ойладым. Бірақ кейін оның ауқымы әлдеқайда кең екенін түсіндім: ол мұғалім мен оқушының оқуға деген қарым-қатынасына, қызығушылықтарын дамытуға және рефлексия жасау қабілеттерін жетілдіруге қатысты, – дейді география пәнінің мұғалімі Саадат Усманова.
2022 жылдан бері Педагогикалық шеберлік орталығы «Сапат» желісінің 150-ден астам мұғалімін оқытып, курстан кейінгі қолдау көрсетіп келеді, сондай-ақ жергілікті конференциялар ұйымдастыруға ықпал етуде. Өткен жылы Астанадағы Ұлттық конференцияда Орталықтың бастамасымен Қырғызстанда Lesson Study енгізу тәжірибесі бойынша есеп ұсынылды. Ынтымақтастық жаңа оқу жылында да жалғасын табады.

