- «Мен – көшбасшымын» ( басқару бойынша мәселелерді оңтайлы шешу дағдыларын дамытуға арналған негізгі деңгей: өзінің күшті және әлсіз тұстарына баға беру, жауапкершілік алу, проактивтілік, эмоционалды интеллект және т.б.)⠀ ⠀
- «Мен – команда көшбасшысымын» (команданы нығайту үшін қажетті дағдыларды дамытуға арналған ілгері деңгей: ынтымақтастық, тәлімгерлік, команданы шабыттандыру және дамыту, талантты қызметкерлерді табу, ұстап қалу және т.б.)⠀ ⠀
- «Мен – болашақтың көшбасшысымын» (мектеп пен білім беру жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу үшін қажетті дағдыларды дамытуға арналған кәсіби деңгей: ұстаным, стратегия құру, өзгерістерді басқару, қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау және т.б.).⠀ ⠀
Бағдарлама қатысушыларына кәсіби деңгейді аяқтағаннан кейін республикалық білім беру ұйымдарының базасында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.⠀ ⠀
Өтінім төмендегі сілтеме бойынша қабылданады: https://beyim.edu.kz/reserve

