Жаңалықтар
Бішкек қаласындағы мектепте өткен шеберлік сабақтары мен сабаққа қатысу тәжірибесі барысында NIS Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері қазақстандық Lesson Study тәжірибесін таныстырды.
25.04.2026
Жанат Райымқұлова мен Назерке Базарханованың жеке кейстері қырғызстандық әріптестер үшін кәсіби жаңалық болды. Бауыржан Ділманов, Ұлжан Темірғалиева, Гүлжан Қазығұлова, Асия Купешова, Замира Сапарбаева және Айнұр Журунова мұғалімдердің зерттеу тәжірибесіндегі негізгі алгоритмдер туралы баяндады. Қырғызстандық педагогтерді «Топтардағы синергияны құру», «Бақылаудан интерпретацияға: оқушылар үлгерімі туралы сапалық деректерді пайдалану», «Рефлексивті хат» тақырыптары ерекше қызықтырды.
United World International School базасында өткен практикалық сабақта қазақстандық тренерлер ұжымдық жұмыстағы ең күрделі кейстердің бірі – сабаққа топтық бағалау жүргізу үдерісін талдап көрсетті. Бұл жұмысқа бішкектік мұғалімдермен бірге Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Догдуркул Кендирбаева, «Сапат» халықаралық білім беру желісінің академиялық бөлім жөніндегі директор орынбасары Орал Рахми, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Жанбота Кабдыкаримова қатысты.
Lesson Study әдісін енгізуге арналған «Learning together, Growing together» халықаралық конференциясы NIS, «Маариф» және «Сапат» халықаралық білім беру жүйелерінің серіктестігі аясында ұйымдастырылды.
Фотогалерея
- Пікірлер
Загрузка комментариев...
