Педагогикалық шеберлік орталығының Питтсбург университеті (АҚШ) профессорларынан инклюзивті білім беру бойынша курс өткен тренерлері мен оқу бағдарламаларын әзірлеушілері алған білімді мұғалімдерді оқыту үдерісіне және оқу бағдарламаларына енгізу мәселелерін қарастырды.
Кездесу аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, инклюзивті орта жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру, сондай-ақ мектеп психологының инклюзияны тиімді іске асырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар оқушылардың мотивациясы мен өзіне деген сенімін арттыруға бағытталған озық оқыту стратегиялары мен жайлы әрі қолдаушы білім беру ортасын құру тәсілдері талқыланды.
Словакиядағы Братислава Экономикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Ярослав Култанның «Цифрлық технологияларды қолдану арқылы бейімделген андрагогика» тақырыбындағы баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Оның баяндамасы ересектерді оқыту үдерісіне заманауи технологияларды интеграциялаудың маңыздылығын, сондай-ақ оқытудың икемділігі мен жекеленуін қамтамасыз етудегі рөлін айқындап көрсетті.
Жинақталған білім мен әдістемелер Қазақстан педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін заманауи білім беру бағдарламаларын жасақтауға қолданылатын болады.