Педагогикалық шеберлік орталығы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында еліміздегі мұғалімдерге ауқымды әдістемелік қолдау көрсету аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.⠀ ⠀
EduCluster Finland бірлесіп халықаралық зерттеулер тапсырмаларын пайдалана отырып, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістерін, білім беру үдерісін ұйымдастыруды, оқушылардың өзін әртүрлі қызмет түрлерінде табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дағдыларын жетілдіруді көздейтін «Ғылыми-жаратылыстану және оқу сауаттылығын, сыни ойлауды дамыту» және «Математикалық және оқу сауаттылығын, сыни ойлауды дамыту» арнайы бағдарламалары дайындалды. ⠀ ⠀ 12 мыңға жуық мұғалім үшін тренажерлер көмегімен көшпелі практикумдар ұйымдастырылса, 11 мыңға жуық мұғалім каникулярлы мектепке қатысты. Youtube арнасындағы вебинарлар 150 000 қаралым жинаса, мектеп пен колледж әкімшілігінің 2 мыңнан астам өкілі оқу үдерісінде функционалдық сауаттылықтың тренажерлерді пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша семинарларды жоғары бағалады. Еліміздің 4000-нан астам педагогі пәндер контекстінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды талдау бойынша вебинарлардың және «Оқу зертханасы: түсінеміз, бағалаймыз, қолданамыз» асинхронды онлайн курсының маңыздылығын атап өтті. ⠀ ⠀
Педагогикалық шеберлік орталығының командасы еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту үшін отандық және халықаралық озық тәжірибені, адами және әдіснамалық ресурстарды қолдануды жалғастырады.

