Екі күндік бағдарлама аясында командалар ПШО жұмысының негізгі нәтижелерін саралап, алдағы кезеңге арналған даму басымдықтарын айқындады.
Семинарда білім, бизнес, HR және креативті индустрия өкілдері тәжірибеде қолдануға болатын нақты шешімдер ұсынды.
– Мұғалімнің дамуы – оқушының дамуы, ал бұл мектеп пен қоғамның дамуына әсер етеді, деді Жапониядағы Кюсю университетінің профессоры Тэцуо Курамото.
