Үш күндік бағдарлама Қазақстан мен Тәжікстан мамандары заманауи білім берудегі негізгі тенденциялармен бөлісетін алаңға айналды.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім беру процесін жоспарлау мен мониторингілеу, оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тренерлердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мәселелері бойынша үздік тәжірибелерді ұсынды. Сондай-ақ өзін-өзі және өзара бағалаудың практикалық тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінді.
– Біз үшін де тағылымдамалық алаңды ұйымдастыру бір жағынан – үлкен тәжірибе, екінші жағынан – педагогтердің кәсіби дамуының бірегей моделіне деген сенімнің көрінісі, – деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Жанбота Кабдыкаримова.
ПШО-ның Тәжікстанның білім беру институттарымен ынтымақтастығы жүйелі сипатқа ие және ол тұрақты тәжірибе алмасуға, заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге және кәсіби байланыстарды нығайтуға бағытталған.
– Біз үшін барлық бағыт маңызды. Әсіресе, олардың тәжірибеде қалай жүзеге асып жатқанын көру құнды болды. Мұнда оқытудың белсенді әдістеріне және жайлы білім беру ортасын құруға баса назар аударылатынын байқадық. Дәл осы бағыт қазір Тәжікстанда да сұранысқа ие. Мұндай тәжірибе алмасу педагогтерді даярлау саласында тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, – деді Тәжікстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау республикалық институтының кафедра меңгерушісі Манучехра Чумахонова.

