Мемлекет басшысының кадр резервін жасақтау идеясы және табысты мансап құрудың нақты мүмкіндіктері жалпы білім беретін мектептердің орынбасарына қанат бітірді. Биыл отандық білім берудің топ-менеджерлерінің қатарын жобаның 403 үздік қатысушысы толықтырды.
– Бағдарламаға мен мықты педагог ретінде келдім. Ал бағдарламадан стратегиялық ойлай алатын, жүйені тұтас көре білетін, деректерге сүйеніп шешім қабылдайтын көшбасшы болып шықтым, – дейді жоба түлегі Сұлтанбек Күйкентайұлы.
Сондай-ақ шара барысында қатысушылар сарапшылармен бірге заманауи мектепті басқарудың өзекті мәселелерін талқылады.

