Тренерлер Сәкен Нұржауытов, Ұлжамал Бейсебаева, Елена Онишенко және Ольга Тушинская ми белсенділігінің формуласы мен есте сақтау қабілетін жетілдіру жолдары туралы әңгімеледі. Оқу барысында деректерді жадыда ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылатын Эббингауз схемасы қарастырылып, «суперми» лайфхактары берілді. Сонымен қатар қатысушылар ми гигиенасын талқылап, оны белсендіру техникасын, зияткерлік және назар аудару жаттығуларын пысықтады.
Қатысушылар «Ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтау үшін не істеу керек? Миды қалай белсендіруге болады? Бейнелі жадыны қалай дамыта аламыз?» сұрақтарына жауап алды. Вебинар соңында тыңдаушыларға миды жаттықтыру үшін қажетті электронды ресурстар, қосымшалар мен тестілер ұсынылды.

