World Championship B-Pool чемпионатында полиграфиялық кешеннің дизайнері Ерболат Әбдіғалімов следж-хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында аты аңызға айналған 17 нөмірде ойнады.⠀
Ұлыбритания құрамасымен болған шешуші кездесу Қазақстан құрамасының әдемі жеңісімен аяқталды. Өткен жылы Ерболат пен оның командасы Бангкокта мүмкін емес нәрсені жасап, Жоғарғы лигаға жолдама алды. Тайланд чемпионаты – қазақ хоккейшілері өнер көрсеткен бірінші әлемдік деңгейдегі жарыс және олардың күмісі жанкүйерлердің әлі есінде. ⠀ ⠀
Сондай-ақ Ерболат Ресейдің беделді чемпионаттарында – Сочидегі Құрлықтық кубок пен Омбыдағы Сібір кубогында да бақ сынаған.⠀ ⠀ Мұз айдынында Ерболат әлемнің ең мықты командалары – Финляндия, Ұлыбритания, Швеция, Жапония, Словакиямен кездесулерде жоғары дәреже көрсетті.