Онлайн-семинардың ашылуында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин мен Малави Білім министрлігінің өкілі Левис Энея мұғалімдердің жүйелі кәсіби дамуының маңызын атап өтті.⠀ ⠀
Орталық өкілдері африкалық әріптестерімен Нидерландының Зволлесінде WALS эстафетасын қабылдау кезінде танысты. Сол кезде бірнеше елдің өкілдері Орталықтың халықаралық жобаларына қызығушылық танытып, оқыту туралы ұсыныс тастады. Орталық партасына бірінші болып елордалық Наликуле педагогикалық колледжінің өкілдері отырды.⠀ ⠀
Малави мұғалімдері наурыз айында Астанаға келеді деп жоспарлануда.

