Мұғалімнің көшбасшылығы арқылы позитивті мектеп мәдениетін қалыптастыру, мектеп менеджерлерінің біліктілігін арттыру жолдары, қазақстандық мектептердегі LS тұрақтылығы, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының білім алушының үлгеріміне әсері, педагогикалық зерттеуәдістері, зерттеудегі мұғалімдердің аналитикалық құзыреттілігі, LS креативтілікке әсері – Орталық тренерлері зерттеген тақырыптар тізімінің бір бөлігі.⠀
Сондай-ақ авторлық симпозиумда Орталықтың мұғалімдер тәжірибесін жетілдіру бойынша Қазақстанда Lesson Study дамыту және тәжірибеге енгізу табысты жұмысының нәтижелері таныстырылатын болады.⠀ ⠀
Айта кетейік, WALS Сарапшылар кеңесі Қазақстанда Lesson Study ілгерілетудің тиімді жүйесін жоғары бағалап, WALS-2024 халықаралық конференциясын Астанада өткізу туралы ресми шешім қабылдаған болатын.⠀