23 желтоқсанда тікелей эфирде онлайн алаңның биылғы жұмысының қорытындысы шығарылды. Жазылушылардың көпшілігінің пікірін ескере отырып, алаңда өз тәжірибесін ұсынған педагогтердің ең танымдық шеберлік сабақтары мен ашық сабақтары анықталды. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш мектебінің мұғалімі Сәуле Зиадинова және Нұр-Сұлтан қ. №59 мектеп-лицей мұғалімі Зәмзәгүл Кенжеахметовалар мазмұнды шеберлік сабақтары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ Өскемен қаласынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мария Максимованың және Алматы қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Дана Байдильдинованың ашық сабақтары атап өтілді.
«Ұлы ұстаз шығармашылығының білгірлері!» онлайн викторинасының жеңімпаздары Шымкент қ. ПШО филиалының тренері Оспанов Ерболат және Қарағанды қ. мектепке дейінгі білім беру педагогі Маргарита Зурдееваға «Білімді ел – Образованная страна» газетіне жылдық жазылымға алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.
Нұр-Сұлтан қ. №16 орта мектеп директорының орынбасары Гүлмира Закирина мен Павлодар қ. ПШО филиалының директоры Нұрлан Сарбасов алаңның «үздік жазылушылары» деп танылды.
«Шамшырақ» алаңы 2022 жылы ел педагогтерінің кәсіби дамуы жолында жұмысын жалғастыратынын қуана хабарлаймыз.

