2022 жылғы 15 тамызда NIS Педагогикалық шеберлік орталығы республикалық тамыз конференциясы шеңберінде онлайн-секция отырыстарын өткізді. Оған еліміздің 20 өңірінен 6000-ға жуық мұғалім қатысты. Проблемалық мәселелерді талқылау алаңы: мұғалімдердің сапасы, оқыту сапасын арттыру, оқушыларға атаулы қолдау көрсету.Жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен мұғалімдері, ПШО тренерлері қатарынан 136 спикер team-teaching форматында кәсіби міндеттерді шешуде бірлескен үздік тәжірибені ұсынды. Деректерді талдау негізінде сапаны басқару факторлары, инклюзивті білім беру және оқытуды саралау мәселелерін практикалық шешу қарастырылды.Көптеген қызықты идеялар, тұжырымдамалар, стратегиялар айтылды. Педагогтарды секция жұмысына белсенді тарту үшін өзара әрекеттесудің интерактивті әдістері және кейс-сессиялар, практикумдар, тренингтер, педагогикалық квест-карусель пайдаланылды.Тамыз конференциясы аясында алғаш рет жас мұғалімдерге арналған секция өткізілді. Білім берудің танымал халықаралық сарапшысы, EduCluster Finland (Финляндия) академиялық консультативтік кеңесінің мүшесі Дэвид Марш жастарға іскерлік ынтаны дамытудың мотивациялық идеяларын ұсынды. Сарапшы өз сөзінде табысты мұғалімге қажетті кәсіби қасиеттерді атады. Ақпараттық қолдау және тұрақты кері байланыс қатысушыларға жаңа оқу жылындағы табысты жұмыстың одан арғы бағдарларын айқындауға мүмкіндік берді.
Жаңалықтар
2022 жылғы 15 тамызда NIS Педагогикалық шеберлік орталығы республикалық тамыз конференциясы шеңберінде онлайн-секция отырыстарын өткізді. Оған еліміздің 20 өңірінен 6000-ға жуық мұғалім қатысты.
15.08.2022
- Пікірлер
Загрузка комментариев...