Әр адам оң және жағымсыз эмоцияларға бейім болып келеді. Жағымсыз эмоцияларды өмірлік күш-қуатқа айналдыруды қалай үйренуге болады?
Дербес ұйым қызметкерлерін корпоративтік оқыту бағдарламасы аясында жоғарыда аталған техникамен таныстыру үшін 2021 жылы 23 сәуірде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы кезекті вебинар өткізді.
Ұжымда эмоционалды ахуал қалыптастыру процесінде барлық қызметкердің эмоциялары маңызды. Тренерлер Ж.К. Байгарина, Е.А. Моторина, З.Е. Идришева және Т.М. Копжасаровалар интербелсенді форматта эмоцияны іске қосу механизмдері, жағымсыз эмоцияларды жағымды эмоцияларға айналдыру тәсілдері мен ережелері туралы айтып берді. Нейропсихологиядан ұсынылған фактілер, эмоцияларды басқару және эмоционалды күйзелісті жеңілдету бойынша практикалық жаттығулар үлкен қызығушылық тудырды.
Вебинарға 600-ден аса адам қатысты. Қатысушылардың белсенді өзара іс-қимылы оқыту формаларының ойластырылғандығын және іс-шараның мазмұндылығын көрсетті. Қатысушылар тренерлердің жұмысына ризашылықтарын білдіріп, жоғары бағалады.