Құрметті әріптестер!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтерін «Үздік желілік педагогикалық қауымдастық» өңірлік интернет-байқауына (бұдан әрі – Байқау) қатысуға шақырады.
Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру және оларға әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған педагогтердің желідегі өзара әрекеттесуін жетілдірудегі желілік кәсіби қауымдастықтардың рөлін арттыру.
Байқау қатысушылары (бұдан әрі – Қатысушы) ретінде мектеп веб-сайтында немесе Интернет желісіндегі басқа платформаларда педагогтердің кәсіби қауымдастығының желісін құрған және оның жұмысын жандандырушы педагогтер немесе кәсіби мамандар тобы өтініш бере алады.
Байқау 2020 жылдың 13 қаңтары мен 1 маусымы аралығында өткізіледі.
|
Мерзімі |
Іс-шаралар |
|
1 кезең: 2020 жылғы 13 қаңтардан 28 сәуірге дейін |
Қатысушылардың өтініш беруі. |
|
2 кезең: 2020 жылдың 29 мамырына дейін. |
Қатысушылардың кәсіби қауымдастықтар желісінің жұмысын талдау. |
|
3-кезең: 2020 жылдың 29 мамыры мен 01 маусым аралығында |
Байқау комиссиясының сараптамалық бағасы. |
|
02 маусым 2020 ж. |
Байқаудың қорытындысын шығару, сайтқа орналастыру. Жеңімпаздарды марапаттау. |
I кезең. Қатысушылардың өтініш беруі. Байқауға қатысу үшін Қатысушылар Ұйымдастырушы (www.cpm.kz) сайтында «Қатысушының ақпараттық картасы» формасын сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде онлайн толтырады.
II кезең. Қатысушылардың желілік кәсіби қауымдастықтарының жұмысын талдау. Қатысушылар өздерінің желілік қауымдастықтарының жұмысын желілік педагогикалық қауымдастықтың бағалау критерийлеріне сәйкес әртүрлі ақпараттық технологиялар құралдарын қолдана отырып белсенді ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастырушылар бұл кезеңде қауымдастықтардағы өзгерістер мен жетілдірулер, мұғалімдердің белсенділігі мен кәсіби мәселелерді шешу қызметтеріне сәйкес бақылау жүргізіп отырады.
IIІ кезең. Байқау комиссиясының сараптамалық бағасы. Байқау комиссиясы Байқауға ұсынылған педагогикалық қауымдастықтар желісінің «Қатысушының ақпараттық картасы» онлайн форманы толтыру кезінде көрсетілген ақпараттар мен сілтемеге сәйкес бағалайды.
2.5. Байқау нәтижелері Ұйымдастырушы https://cpm.kz/ сайтында 2020 жылдың 02 маусымында жарияланады.
Байқауға қатысу: қашықтан.
Байқаудың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Байқауға қатысу мақсатында өтініш және Байқау комиссиясының сараптамалық бағасы:
Байқауға қатысуға арналған өтініш онлайн түрде 2020 жылдың 28 ақпанына дейін тіркеу сілтемесі бойынша толтырылады.
Байланыс ақпараты: Педагогикалық шеберлік орталығы,
Нұр– Сұлтан қ., Хусейн Бен Талал көш., 21/1, тел. 8 (7172) 235746, 235742.
Желілік педагогикалық қауымдастықты бағалау критерийлері
Байқау нәтижелері критерийлер бойынша бағаланады, әр критерийдің орындалуы 0-ден 2 ұпайға сәйкес келеді. Байқау нәтижелері бойынша ең көп ұпай саны – 20.
Бағалау критерийлері:
1. Педагогикалық қауымдастық желісінің веб-беттерін аксиологиялық көрнектілікпен рәсімдеу (мақсат, міндеттер, тұжырымдылық, мақсатты топтар);
2. Белсенді қатысушылардың (бастамашы, ұйымдастырушы, модератор, іс-шаралар үйлестіруші, жарияланған авторлық материалдарының авторлары) болуы (саны);
3. Талқыланатын тақырыптардың саны және олардың айналымы;
4. Талқылаудың мазмұндылығы (форум);
5. Қарым қатынастың әлеуметтік-мәдени бағыттылығы (педагогтердің желілік қоғамдастығы туралы ереженің, модерация туралы ереже және басқа нормалардың бар болуы);
6. Ынтымақтастық аясын кеңейтуге көңіл бөлу (басқа мектептердің мұғалімдері, үздіксіз білім беру жүйесінің өкілдері және т.б. қатысуы);
7. Желілік қауымдастықта қолданылатын қарым-қатынастың негізгі формалары (құралдары) (форум, чат, блог, желілік қызметтерді қолдану, вебинарлар, байқаулар);
8. Қауымдастықтың мақсат мен міндеттеріне сәйкес келетін түрлі іс-шаралар (ақпараттық, әдістемелік, сараптамалық-талдау, кеңес беру, оқытушылық);
9. Контент, оқу-әдістемелік әдебиеттер (өзектілігі, ақпараттық мазмұны, интерактивтілігі);
10. Дизайн және
оңтайлылығы (іздеу жолдарының болуы және материалдарды сұрыптау, әлеуметтік
желілер арқылы авторизациялау мүмкіндігі, мобильді нұсқаның

