Қауымдастықтың Атқарушы комитеті Қазақстандағы Lesson Study-ді ілгерілетудің тиімді жүйесін жоғары бағалап, бірегей зерттеулер ұсынған Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің кәсібилігін атап өтті.
Атқарушы комитеттің басым көпшілік дауысымен Қазақстанның кандидатурасын 2024 жылы Конференция өтетін орын ретінде бекітті.
Еліміздің педагогтерін халықаралық танылуымен құттықтаймыз және алдағы конференцияның сәтті өтетініне сенім білдіреміз.