Еуропалық Одақтың ұлттық білім беру жүйесін ілгерілету жөніндегі ауқымды жобасы аясында Душанбеде «Болашақтың педагогикасы: заманауи мектептердің шешімдері» атты семинар ұйымдастырылды.⠀ ⠀
ПШО директоры Жанбота Кабдыкаримова, сарапшысы Сапура Жолдасбаева, тренері Юлия Мельникова жаһандық өзгерістерді (SPOD, VUCA, BANI) және сәйкесінше, мектептегі білім берудегі жаһандық үрдістерді талдады.⠀ ⠀ Халықаралық жобаның ең бірінші табысы ретінде тәжік мұғалімдерінің кәсіби дамудағы үлкен шабытын атауға болады.⠀ ⠀
– Өмір – догма емес, өмір – алға деген ұмтылыс. Біз бауырлас Қазақстандағы әріптестерімізден білім алатынымызға қуаныштымыз», – деп бөлісті Тәжікстан Білім және ғылым министрлігі жанындағы республикалық оқу- әдістемелік орталығы директорының кеңесшісі Хамза Новрузов.

