Бағдарлама аясында қонақтар NIS жүйесі ерекшелігі, мектепті басқару мен көшбасшылықты дамыту тәсілдері, педагогтердің кәсіби дамуы және білім беруде жасанды интеллектті қолдану бағыттарымен танысты. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университетіне барды.
Айта кетейік, бұған дейін Орталықтың біліктілікті арттыру бағдарламаларынан Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясы және Малави елдерінің педагогтері өткен. Татарстан делегациясының сапары халықаралық тәжірибе алмасу мен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

