2021 жылы қыркүйек айының 12-жұлдызында «SHALQAR» радиосының «Жұлдызды түн» поэзиялық хабарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкері, талантты жас ақын Ұлжан Шораеваның өлеңдері тікелей эфирде оқылды.
Ақынның радио жүргізушісі Рүстем Жүніспен бірге дуэтте оқыған Отан, өмір, махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері көңіл тербетті. Сондай-ақ жас ақынның сөзіне жазылған қазақстандық әншілердің орындауындағы «Әке», «Астана», «Жаным», «Іздеймін», «Ұнатып қалма» сынды әндері шырқалды.
Ұлжан ұжымның қоғамдық және мәдени іс-шараларына белсене араласады. Соның бірі – Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер өткізетін «Шабыт» бағдарламасының жүргізушісі.
Өлең өнерінің жанашыры, дарынды жас ақынның Орталығымызда жұмыс істегені қай-қайсымыз үшін зор мақтаныш.
Ұлжанның бүгінге дейін жазылған лирикалық өлеңдері кітап болып жинақталуда.
Білікті маман, сыйлы әріптесіміз Ұлжанға шығармашылық шабыт, қаламы ұштала берсін деп тілейміз.
Шығармашылық кездесудің ІІ бөлімін бүгін, 13 қыркүйек күні, сағат 23:00-де «SHALQAR» радиосынан тікелей эфирде мына сілтемеден өту арқылы тыңдай аласыздар: https://qazradio.fm/shalqarfm/ru/live/