«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДАҒДАРЫС МЕНЕДЖМЕНТІ. ЖАҢА ТӘЖІРИБЕ МЕН ПРАКТИКА»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы
2020 жылдың 26 тамызында Педагогикалық шеберлік орталығы Нұр-Сұлтан қаласында және оның филиалдары Орал, Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясымен бірлесе отырып «Білім берудегі дағдарыс менеджменті. Жаңа тәжірибе мен практика» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясын өткізеді. Конференцияның ақпараттық серіктесі – «Білімді ел – Образованная страна» ақпараттық қоғамдық-саяси газеті.
Конференция төрт сараптамалық сессиядан өтеді. Спикер ретінде Қазқстан, Белорусия, Украина, Ресей, Армения, Сингапур, Польша, Қырғызстанның ғалым, практик, эффективті менеджерлері шақырылады.
Конференцияда білім беру мекемелерінің – мектеп, колледж, ЖОО, Білім беру орталықтарының басшылық қызметімен айналысатын менеджерлері мен жетекшілері қатысады.
Конференцияның ашылу салтанатында Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Ж. Кәбдікәрімова «Қазақстан Республикасының біліктілігін арттыру жүйесі: індет сынағы" («Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибесі) тақырыбында сөз сөйлейді.
Конференция барысында дағдарыс кезінде байқалған білім мен менеджмент мәселелері, дағдрысқа қарсы менеджменттің қызықты әрі тиімді тәжірибелері, заманауи жағдайдағы білм беру ұйымдарындағы командалық жұмыстағы көшбасшылық қабілет сұрақтары мен кәсіби ортадағы экологиялық басқарма туралы баяндама талқыланды.
Конференцияда білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметкерлер мен мұғалімдердің жалпы саны 300 жетекшісі қатысуы жоспарлануда.

