Бүгінде Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ашуда – олар енді өз зерттеулерін Camtree (Cambridge Teacher Research Exchange) халықаралық платформасында жариялауда. Бұл – әлемнің түкпір-түкпіріндегі зерттеуші-педагогтерді біріктіретін Кембридж университетінің жаһандық цифрлық кітапханасы.
2024 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы Camtree-дің Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз серіктесіне айналды. Осы серіктестіктің арқасында қазақстандық мұғалімдер Lesson Study форматында жүргізілген зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде жариялау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар Camtree платформасы ПШО мамандарының арасынан арнайы рецензенттер тобын дайындады.
Қазір халықаралық сараптамадан өткен 21 қазақстандық педагогтің зерттеу жұмысы платформада жарияланды. Бұл жарияланымдар 600-ге жуық қаралым жинап үлгерді – бұл тақырыптардың өзектілігін және кәсіби қауымдастықтың жоғары қызығушылығын дәлелдейді. Camtree платформасындағы зерттеулермен танысу үшін: https://share.kz/g5mn

