2021 ж. 12 мамырында оңтүстік өңірлердегі жетекші мектептердің «Жаңару жаршысы – 2021» форумы өтті. Осы жылғы ұйымдастыруды Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қаласындағы филиалы өз қолына алды.
Іс-шараға барлығы 1300 адамнан астам Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы оқу-әдістемелік орталықтарының әдіскерлері және жетекші мектеп басшылары, зерттеуші-мұғалімдер, білім қызметкерлері қатысты. Тиімді мектепішілік менеджмент, жетекші және серіктес мектептер мұғалімдерінің ынтымақтастығы, педагогтердің зерттеушілік дағдыларын дамыту және мектеп активтерінің бірлескен көшбасшылығы туралы мәселелерден тұрған бес секцияның жұмысы жемісті өтті. Бала бақша әдіскерлері мен тәрбиешілері мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына жаңа тәсілдерді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды талқылап бекітті.
Форумның соңында Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалына хэштег тапсырудың дәстүрлі рәсімі өтті.
Қатысушылар форумның сындарлы және интербелсенді ұйымдастырылуын ерекше атап өтіп, форум жұмысына жоғары баға берді.