ҚАЗ
РУС
ENG

Тыңдаушыларды қолдау қызметі
Дүйсенбі –  Жұма.: 8:30 - 17:30
Астана қ. , 010000 Хусейн бен Талал көш., 21/1
Біз туралы
  • Біз туралы
  • Стратегия
  • Мекеменің құрылымы
  • Халықаралық мойындау
  • Құжаттар
  • Бос орындар
  • Филиалдар
  • Байланыс
Негізгі қызмет
  • Біліктілікті арттыру курстары
  • Тренерлерді дайындау
  • Оқыту және курстан кейінгі қолдау
  • Ғылыми-зерттеу қызметі
  • Баспа қызметі
Ынтымақтастық
  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша серіктестер
  • Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы серіктестер
Жобалар
  • ҚР мектеп басшыларының кадрлық резерві
  • Жетекші мектептер
  • Жас ұстаз: табысқа апарар жол
  • Өңірлердегі жобалар
  • Педагогикалық қайта даярлау курстары
  • Lesson Study Kazakhstan
  • Мектеп тренері
  • Шамшырақ
  • Шабыт
Жаңалықтар
  • Жаңалықтар
  • Сарапшылар пікірі
    Біз туралы
    • Біз туралы
    • Стратегия
    • Мекеменің құрылымы
    • Халықаралық мойындау
    • Құжаттар
    • Бос орындар
    • Филиалдар
    • Байланыс
    Негізгі қызмет
    • Біліктілікті арттыру курстары
    • Тренерлерді дайындау
    • Оқыту және курстан кейінгі қолдау
    • Ғылыми-зерттеу қызметі
    • Баспа қызметі
    Ынтымақтастық
    • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша серіктестер
    • Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы серіктестер
    Жобалар
    • ҚР мектеп басшыларының кадрлық резерві
    • Жетекші мектептер
    • Жас ұстаз: табысқа апарар жол
    • Өңірлердегі жобалар
    • Педагогикалық қайта даярлау курстары
    • Lesson Study Kazakhstan
    • Мектеп тренері
    • Шамшырақ
    • Шабыт
    Жаңалықтар
    • Жаңалықтар
    • Сарапшылар пікірі
      ҚАЗ
      РУС
      ENG

      • Біз туралы
        • Назад
        • Біз туралы
        • Біз туралы
        • Стратегия
        • Мекеменің құрылымы
        • Халықаралық мойындау
        • Құжаттар
        • Бос орындар
        • Филиалдар
        • Байланыс
      • Негізгі қызмет
        • Назад
        • Негізгі қызмет
        • Біліктілікті арттыру курстары
        • Тренерлерді дайындау
        • Оқыту және курстан кейінгі қолдау
        • Ғылыми-зерттеу қызметі
        • Баспа қызметі
      • Ынтымақтастық
        • Назад
        • Ынтымақтастық
        • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша серіктестер
        • Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы серіктестер
      • Жобалар
        • Назад
        • Жобалар
        • ҚР мектеп басшыларының кадрлық резерві
        • Жетекші мектептер
        • Жас ұстаз: табысқа апарар жол
        • Өңірлердегі жобалар
        • Педагогикалық қайта даярлау курстары
        • Lesson Study Kazakhstan
        • Мектеп тренері
        • Шамшырақ
        • Шабыт
      • Жаңалықтар
        • Назад
        • Жаңалықтар
        • Жаңалықтар
        • Сарапшылар пікірі

      Жаңалықтар

      • Педагогикалық шеберлік орталығы
      • Жаңалықтар
      Форум «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» объединил молодых педагогов со всей страны
      Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының жас мұғалімдерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы өз жұмысын бастады. Форумда еліміздің барлық өңірінен кәсіби жолын енді ғана бастаған, жаңа идеяларға ашық әрі үнемі өзін жетілдіруге ұмтылатын 300-ге жуық ауыл ұстазы бас қосты.
      08.08.2025
      Қатысушыларға арнаған құттықтау лебіздерін форум мінберінен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бағдарламалар мен жобалар жөніндегі басқарушы директоры Серікбек Елшібеков, «Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры» Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Күләш Шәмшидинова және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Жанбота Кабдыкаримова жолдады. 

      Ашылу салтанатында сөз алған NIS Басқарма төрағасының орынбасары Жанбота Жетілбекқызы жас мұғалімдердің рөліне айрықша мән берді: 

      – Жас ұстаз – кез келген мектептің ең басты стратегиялық ресурсы. Білім ордасының дамуы да, болашағы да сіздердің кәсіби өсулеріңізге тікелей байланысты. Мұғалімнің шеберлігі – ол мектептің бет-бейнесі, абыройы мен қуаты. Сіздер қандай болсаңыздар, ертеңгі білім сапасы да сондай болады. 

      Педагогикалық алаң білім беру саласының заманауи бағыттарын қамтыды. Қатысушылар инклюзивті білім беру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады. Шеберлік сағаттарында пәндік инклюзия, геймификация элементтері, онлайн-платформалар арқылы тапсырма құрастыру, эмоциялық интеллектті дамыту және AI құралдарын тиімді пайдалану жолдары ұсынылды. Форумның мазмұнын байытқан ерекше сәттердің бірі – TED Talks форматындағы мотивациялық сессия болды. Онда түрлі салада жетістікке жеткен мамандар жас ұстаздарға өз тәжірибесі мен табысқа жету жолын баяндады. 

      Спикерлер қатарында Future-IT робототехника мектебінің негізін қалаушы Дамир Нұркежанов, Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі кеңесші Азиз Искаков және «Forbes 30 Under 30» тізіміне енген математика пәні мұғалімі Евгений Солоницын болды. 

      Олар айтқан шынайы да шабытты әңгімелер ұстаздық жолдың мәні – тек білім беру емес, сонымен бірге жүрекпен жасалатын жауапты миссия екенін айқын көрсетті. Жиынның жарқын спикерлерінің бірі Евгений Солоницын жас педагогтерге арнаған үндеуінде жаңашылдықтан қорықпауға, тәжірибе жасап көруге және үнемі дамуға шақырды. 

      – Тоқтап қалмаңыздар. Сабақтарыңызды видеоға түсіріп, өзгелермен бөлісіңіздер, үнемі ізденісте болыңыздар. Жақсы нәтиже біртіндеп келеді. Ең бастысы – бастау және алға қадам жасаудан қорықпау, – деді Евгений. 

      Екі күн ішінде жас педагогтер үшін мазмұнды тренингтер мен воркшоптар, қызықты педагогикалық квесттер, өзекті мәселелерді қамтитын панельдік сессиялар және Зияткерлік мектептердің жас ұстаздарының шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. 

      Айта кетейік, «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы биыл төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл – 2022 жылдан бері NIS Педагогикалық шеберлік орталығының табысты түрде жүзеге асырып келе жатқан жүйелі бастамасы. Жас мамандардың кәсіби қалыптасуына бағытталған платформа аз уақыт ішінде тәжірибе мен шабыт алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

      Фотогалерея
      • Форум «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» объединил молодых педагогов со всей страны
      • Форум «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» объединил молодых педагогов со всей страны
      • Форум «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» объединил молодых педагогов со всей страны
      • Форум «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» объединил молодых педагогов со всей страны
      • Пікірлер
      Загрузка комментариев...

      Бөлісу
      Тізімге артқа
      © 2025 Барлық құқықтар қорғалған.
      Бізбен байланыс

      +7(7172) 23-57-50
      info@cpm.kz
      Астана қ. , 010000 Хусейн бен Талал көш., 21/1
      Байланыста болыңыз