ҚАЗ
РУС
ENG

Тыңдаушыларды қолдау қызметі
Дүйсенбі –  Жұма.: 8:30 - 17:30
Астана қ. , 010000 Хусейн бен Талал көш., 21/1
Біз туралы
  • Біз туралы
  • Стратегия
  • Мекеменің құрылымы
  • Халықаралық мойындау
  • Құжаттар
  • Бос орындар
  • Филиалдар
  • Байланыс
Негізгі қызмет
  • Біліктілікті арттыру курстары
  • Тренерлерді дайындау
  • Оқыту және курстан кейінгі қолдау
  • Ғылыми-зерттеу қызметі
  • Баспа қызметі
Ынтымақтастық
  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша серіктестер
  • Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы серіктестер
Жобалар
  • ҚР мектеп басшыларының кадрлық резерві
  • Жетекші мектептер
  • Жас ұстаз: табысқа апарар жол
  • Өңірлердегі жобалар
  • Педагогикалық қайта даярлау курстары
  • Lesson Study Kazakhstan
  • Мектеп тренері
  • Шамшырақ
  • Шабыт
Жаңалықтар
  • Жаңалықтар
  • Сарапшылар пікірі
    Біз туралы
    • Біз туралы
    • Стратегия
    • Мекеменің құрылымы
    • Халықаралық мойындау
    • Құжаттар
    • Бос орындар
    • Филиалдар
    • Байланыс
    Негізгі қызмет
    • Біліктілікті арттыру курстары
    • Тренерлерді дайындау
    • Оқыту және курстан кейінгі қолдау
    • Ғылыми-зерттеу қызметі
    • Баспа қызметі
    Ынтымақтастық
    • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша серіктестер
    • Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы серіктестер
    Жобалар
    • ҚР мектеп басшыларының кадрлық резерві
    • Жетекші мектептер
    • Жас ұстаз: табысқа апарар жол
    • Өңірлердегі жобалар
    • Педагогикалық қайта даярлау курстары
    • Lesson Study Kazakhstan
    • Мектеп тренері
    • Шамшырақ
    • Шабыт
    Жаңалықтар
    • Жаңалықтар
    • Сарапшылар пікірі
      ҚАЗ
      РУС
      ENG

      • Біз туралы
        • Назад
        • Біз туралы
        • Біз туралы
        • Стратегия
        • Мекеменің құрылымы
        • Халықаралық мойындау
        • Құжаттар
        • Бос орындар
        • Филиалдар
        • Байланыс
      • Негізгі қызмет
        • Назад
        • Негізгі қызмет
        • Біліктілікті арттыру курстары
        • Тренерлерді дайындау
        • Оқыту және курстан кейінгі қолдау
        • Ғылыми-зерттеу қызметі
        • Баспа қызметі
      • Ынтымақтастық
        • Назад
        • Ынтымақтастық
        • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша серіктестер
        • Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы серіктестер
      • Жобалар
        • Назад
        • Жобалар
        • ҚР мектеп басшыларының кадрлық резерві
        • Жетекші мектептер
        • Жас ұстаз: табысқа апарар жол
        • Өңірлердегі жобалар
        • Педагогикалық қайта даярлау курстары
        • Lesson Study Kazakhstan
        • Мектеп тренері
        • Шамшырақ
        • Шабыт
      • Жаңалықтар
        • Назад
        • Жаңалықтар
        • Жаңалықтар
        • Сарапшылар пікірі

      Жаңалықтар

      • Педагогикалық шеберлік орталығы
      • Жаңалықтар
      Более 500 педагогов обсудили, как исследование урока меняет обучение
      Алматыда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ІІ «Кәсіби диалог: Lesson Study оқуды қалай өзгертеді» ұлттық конференциясы аяқталды.
      25.04.2025
      Білім беру алаңында сабақты зерттеуді жүйелі түрде жүргізіп жүрген 550-ден астам отандық және шетелдік педагог кездесті. 

      Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамыту және педагог мамандығының трансформациясы мәселелері басты назарда болды. Конференцияның негізгі спикерлері қатарында Lesson Study жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастықтың Таңдаулы президенті Стефан Клива (Швейцария), Кембридж университетіндегі Хьюз-Холл құрметті мүшесі Питер Дадли (Англия), Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің профессоры Күлзада Құдайбергенева (Қазақстан) сияқты беделді сарапшылар бар. 

      – Жарты жыл бұрын ғана біз Астанада Қазақстанның білім беру кеңістігінде елеулі оқиғаға айналған – Сабақты зерттеу бойынша Дүниежүзілік қауымдастықтың WALS 2024 халықаралық конференциясын абыроймен өткізген едік. Бүгін сол ізгі дәстүрді жалғастыра отырып, оқытуды жетілдіру бойынша ауқымды бағдарлама дайындадық. Педагогикалық шеберлік орталығы арқылы Lesson Study-ге келген мұғалімдердің арнасы кеңейіп келеді, енді олардың қатарын мектеп мұғалімдері, балабақша мен колледж тәрбиешілері, педагогикалық университеттердің студенттері ғана емес, шетелдік әріптестеріміз де толықтырды, – деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Жанбота Кабдыкаримова. 

      Мұғалімдер Кембридж университетінің Camtree – «Cambridge Teacher Research Exchange» онлайн платформасы мен оның бірегей цифрлық кітапханасына қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Конференция аясында профессор Питер Дадлидің қатысуымен онлайн кітапхананың ресми ашылу рәсімі өтті. 
       
      – Біздің мақсатымыз жоғары сапалы білім беру зерттеулеріне қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар оны бүкіл әлемдегі мұғалімдер үшін қолжетімді және түсінікті ету. Әріптестер идеялардан шабыт алып, өздерінің Lesson Studies бағдарламасын жүзеге асырады және олармен платформдюада бөліседі деп үміттенеміз, – деді Питер Дадли. 

      Сондай-ақ мұғалімдер жапондық мектептегі сабақты зерттеуді онлайн режимде бақылап, өзара талқылады. Айта кету керек, Жапонияда Lesson Study тұтас бір философия ретінде саналады. Алматыға Бішкектен зерттеуші-мұғалімдердің үлкен делегациясы келді. Олар Педагогикалық шеберлік орталығының қолдауымен Қырғызстанда енгізіле бастаған Lesson Study тәсілінің ауқымды нәтижелерін ұсынды. 

      Конференция бағдарламасы симпозиумдар, секциялық отырыстар, панельдік пікірталастар, шеберлік сабақтары, ментор сағаттары және Lesson study бойынша үздік кейстерді көрсететін постерлер көрмесін қамтыды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы сабақты зерттеуді отандық білім беру жүйесіне 2012 жылдан бастап енгізіп келеді.

      Фотогалерея
      • Более 500 педагогов обсудили, как исследование урока меняет обучение
      • Более 500 педагогов обсудили, как исследование урока меняет обучение
      • Более 500 педагогов обсудили, как исследование урока меняет обучение
      • Более 500 педагогов обсудили, как исследование урока меняет обучение
      • Более 500 педагогов обсудили, как исследование урока меняет обучение
      • Более 500 педагогов обсудили, как исследование урока меняет обучение
      • Более 500 педагогов обсудили, как исследование урока меняет обучение
      • Пікірлер
      Загрузка комментариев...

      Бөлісу
      Тізімге артқа
      © 2025 Барлық құқықтар қорғалған.
      Бізбен байланыс

      +7(7172) 23-57-50
      info@cpm.kz
      Астана қ. , 010000 Хусейн бен Талал көш., 21/1
      Байланыста болыңыз