Бос жұмыс орындары
ЗЕРТТЕУШІ-АНАЛИТИКТІҢ БОС ОРНЫ
«Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесіне зерттеу бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру үшін менеджер (зерттеуші-талдаушы) қажет.
Міндеттері:
- зерттеу бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға қатысу;
- зерттеу әдістемесін әзірлеуге және таңдауға қатысу;
- құрылымдалған және құрылымданбаған деректерді жинау және өңдеу;
- математикалық статистика, модельдеу және басқа аналитикалық әдістер арқылы деректерді талдау;
- деректерді визуализациялау;
- есептіліктің статистикалық нысандарын әзірлеу.
Талаптар:
- жоғары білімнің болуы;
- кәсіби қызмет өтілі 2 жылдан кем емес;
- цифрлық дағдылардың озық деңгейі;
- статистикалық бағдарламаларды және/немесе бағдарламалау тілдерін білу (Stata, SPSS, Python және т. б.);
- зерттеуді (сандық және сапалық) әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу саласындағы жұмыс тәжірибесі құпталады;
- қазақ, орыс тілдерін меңгеру (ағылшын тілі құпталады);
- жақсы қарым-қатынас дағдылары;
- таныстырылым дағдылары.
Шарттары:
- бес күндік жұмыс аптасы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
- тұрақты және уақтылы еңбекақы;
- жақсы әлеуметтік пакет;
- мансаптық өсу мүмкіндігі;
- тасымалдау;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу.
Түйіндемені көрсетілген электронды поштаға жіберуіңізді сұраймыз: taizhanova_g@cpm.kz немесе WhatsApp 87010565858.
«Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесіне біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеуші менеджерлер қажет.
Міндеттері:
- білім беру бағдарламаларын және біліктілікті арттыру курстары Бағдарламаларының оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу.
Талаптар:
- PhD докторы/ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы құпталады;
- кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- қазақ, орыс тілдерін меңгеру (ағылшын тілі құпталады);
- білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу/сараптаудағы жұмыс тәжірибесі;
- ғылыми деректерді зерттеу, өңдеу, талдау және жалпылау дағдылары;
- мақалаларды, әдістемелік құралдарды және басқа да жарияланымдарды дайындау дағдылары;
- MS Office 365 компьютерлік бағдарламаларын, ZOOM, байланыс және байланыс құралдарын меңгеру
Шарттары:
- бес күндік жұмыс аптасы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
- тұрақты және уақтылы еңбекақы;
- жақсы әлеуметтік пакет;
- мансаптық өсу мүмкіндігі;
- тасымалдау;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу.
Түйіндемені электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: taizhanova_g@cpm.kz