Центр педагогического мастерства

Сми о нас

Новости

Стартовал онлайн-курс для родителей 16.09.2020 Стартовал онлайн-курс для родителей

Подробно KZ: 

2020 жылдың 16 қыркүйегінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Қазақстан Республикасының педагогтері үшін қазақ және орыс тілдерінде «Бақытты ата-ана – табысты бала» жаппай ашық онлайн курсын іске қосады.

Онлайн курс ата-аналарға келесі сұрақтарға жауап алуға көмектеседі: «Цифрлық дәуір балалары» деген кімдер? Олардың ерекшеліктері қандай және қазіргі балаларда қандай дағдыларды дамыту керек? Үйде «мектеп күнін» қалай ұйымдастыруға болады? Жасөспірімнің оқуға деген ынтасы мен жауапкершілігін қалай арттыруға болады немесе оның сеніміне қалай қол жеткізуге болады? Болашақтың мамандықтары қандай болмақ? Білім алуға деген ұмтылысты қалыптастыру және қолдау неге маңызды?

Онлайн курстың әрбір тақырыбы өз бетінше оқуға арналған өзекті материалдар мен ресурстардан, ұсынылған ақпаратты жақсы түсінуге мүмкіндік беретін тапсырмалардан тұрады.

Курста оқу синхронды емес форматта өтеді. Сіз компьютерді, ноутбукты, планшетті немесе смартфонды қолдана отырып, оқуға өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдау мүмкіндігіңіз бар.

Ата-аналарға бала тәрбиелеудегі өзіндік тәжірибесімен бөлісуге және түсініктемелерде сұрақтар қоюға мүмкіндік беріледі.

Курс ұзақтығы 22 академиялық сағатты қамтиды. Курс соңында сертификат табысталады. 


Қазірден бастап келесі сілтеме арқылы оқуды бастауға болады: https://stepik.org/course/80077?utm_campaign=teach1&utm_medium=button&utm_source=landing  


Подробно RU: 

16 сентября 2020 г. Центр педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» запускает бесплатный массовый открытый онлайн-курс для педагогов Республики Казахстан «Счастливый родитель – успешный ребёнок» на казахском и русском языках.

Онлайн-курс поможет родителям получить ответы на вопросы: кто они, «цифровые дети»? Как построить «школьный день» дома? Как повысить мотивацию и ответственность подростка за учёбу или как завоевать его доверие? Какие они, специальности будущего? Почему важно сформировать и поддерживать желание учиться? 

Каждая тема онлайн-курса содержит актуальные материалы и ресурсы для самостоятельного изучения, задания, которые позволят лучше осмыслить предлагаемую информацию.

Обучение на курсе проходит в асинхронном формате. Можно выбирать удобное время для обучения, используя компьютер, ноутбук, планшет или смартфон.

Родителям будет предоставлена возможность делиться собственным опытом воспитания детей и задавать вопросы в комментариях.

Продолжительность курса составляет 22 академических часа. По завершению курса выдается сертификат.


Уже сейчас можно начать обучение, пройдя по следующей ссылке: https://stepik.org/course/80076?utm_campaign=teach1&utm_medium=button&utm_source=landing  


Онлайн-встреча с Аланом Бурибаевым 16.09.2020 Онлайн-встреча с Аланом Бурибаевым

Подробно KZ: 

«Мен өз ісімді жақсы көремін ...»

 

«Шабыт» бағдарламасы аясында 2020 жылдың 15 қыркүйегінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері, дирижерлердің көптеген еуропалық конкурстарының жеңімпазы Алан Асқарұлы Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.


Онлайн кездесуді «НЗМ» ДББҰ Басқарма төрайымы К.Н. Шәмшидинова маэстроның Қазақстандағы және шетелдердегі үлкен кәсіби жетістіктерін атап өтіп, жылы лебізімен бастап берді.

Қызықты сұхбат барысында әйгілі қазақстандық дирижер мамандығын таңдауға әсер еткен балалық шағының қызықты оқиғалары мен естеліктерімен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар музыканттың жеке өміріне ғана емес, оның Қазақстандағы және шетелдегі шығармашылық жетістіктеріне, опера өнерінің даму келешегіне, жаңа жобалар мен болашақтағы жоспарларына қызығушылық танытты.

Алан Асқарұлы «ЭКСПО-2017» іс-шаралар бағдарламасында ұсынылған Г. Малердің аты аңызға айналған Симфония №8, сондай-ақ «Мың қатысушының симфониясы» деп те аталатын керемет қойылымы туралы, көрермендер мен музыкалық сыншылар арасында орасан зор құрметке ие Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының жаңа қойылымы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бүгінде дирижер Осло, Хельсинки, Гамбург, Берлин, Милан, Мельбурн, АҚШ, Корея, Жапония, Ұлыбританияның филармониялық оркестрлерімен өнер көрсетеді. Оның айтуынша, әлемнің әртүрлі музыкалық топтарымен жұмыс істеуге көмектескен «музыка тілі – бұл бейвербалды қарым-қатынас тілі».

Алан Асқарұлы заманауи опера өнерінің болашағы туралы сұрақтарға жауап бере отырып, классикалық музыка өмірді сезінуге көмектесетінін, сондықтан көрермендермен байланыстың жаңа түрін іздеу мен табу, қойылымдарды «дәмді» әрі қызықты ету, болашаққа бағдар жасау маңызды екенін айтып өтті. «Бастаған ісіңде жетістікке жеткен сайын, жаңа шыңдарды бағындырып, жаңа мақсаттарға жеткің келеді», – деді маэстро.

Әйгілі дирижермен болған онлайн кездесу абсолютті ашықтық пен сенім атмосферасында өтті. Көрермендердің маэстроға қоятын көптеген сауалына жауап алуы мен кездесуден тамаша әсер алуына кездесудің стандарттан тыс форматы кедергі болмады. 

Ұйым ұжымы Алан Асқарұлына алтын уақытын бөлгеніне алғыс білдіреді және үлкен шығармашылық табыс тілейді.

 

 

Педагогикалық шеберлік орталығының

баспасөз қызметі


Подробно RU: 

«Я люблю то, что делаю...»

В рамках программы «Вдохновение» 15 сентября 2020 года в Центре педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» состоялась онлайн-встреча сотрудников автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» с Бурибаевым Аланом Аскаровичем – заслуженным деятелем Республики Казахстан, лауреатом Государственной премии РК, главным дирижёром Государственного театра оперы и балета «Астана Опера», победителем нескольких европейских конкурсов дирижёров.

Онлайн-встреча началась с тёплых приветствий Председателя Правления АОО «НИШ» К.Н. Шамшидиновой, которая отметила большие профессиональные достижения маэстро в стране и за ее пределами.

В увлекательной беседе казахстанский дирижёр поделился интересными фактами и историями из детства, оказавшими влияние на выбор профессии музыканта.

Участники встречи интересовались не только личной жизнью музыканта, но и его творческими успехами в Казахстане и за рубежом, перспективами развития оперного искусства, новыми проектами и планами на будущее.

Алан Аскарович подробно рассказал об уникальной постановке легендарной Симфонии № 8 Г. Малера, представленной в программе мероприятий «ЭКСПО-2017», которую также называют «Симфонией тысячи участников», о новой постановке оперы «Абай» Ахмета Жубанова и Латифа Хамиди, имеющей огромный успех у зрителей и музыкальных критиков.

Сегодня дирижёр выступает с филармоническими оркестрами Осло, Хельсинки, Гамбурга, Берлина, Милана, Мельбурна, США, Кореи, Японии, Великобритании. По его словам, «язык музыки – это язык невербального общения», который помогает ему в работе с разными музыкальными коллективами мира.

Отвечая на вопросы о будущем современного оперного искусства, Алан Аскарович отметил, что классическая музыка помогает понимать жизнь, поэтому важно искать и находить новые формы общения со зрителями, делать постановки «вкусно», интересно, открыть двери в будущее. «Когда ты достигаешь успеха в начатом деле, то хочется покорять всё новые и новые вершины, ставить новые задачи», – отметил маэстро.

Онлайн-встреча со знаменитым дирижёром прошла в атмосфере абсолютной открытости и доверия. Нестандартный формат встречи не помешал зрителям задать множество вопросов и сполна насладиться общением с маэстро.

Желаем Алану Аскаровичу больших творческих успехов и благодарим за уделённое время от имени всего коллектива.

 

 

Пресс-служба

Центра педагогического мастерства



Новости 1 - 2 из 2 Начало Конец
news title
04.03.14
Заголовок новости текст для примера
для примера Текст для примера Текст для примера Текст для примера Текст для мераТекст для примераТекст для примераТекст для примера
news title
04.03.14
Заголовок новости текст для примера
для примера Текст для примера Текст для примера Текст для примера Текст для мераТекст для примераТекст для примераТекст для примера
news title
04.03.14
Заголовок новости текст для примера
для примера Текст для примера Текст для примера Текст для примера Текст для мераТекст для примераТекст для примераТекст для примера
news title
04.03.14
Заголовок новости текст для примера
для примера Текст для примера Текст для примера Текст для примера Текст для мераТекст для примераТекст для примераТекст для примера