Центр педагогического мастерства

Описание

Асу2014Атырау

Тема: Атырау
Описание: Атырау қаласы бойынша курстан өтуші мұғалімдерге арналған желілік қоғамдастық.
Создана: 21.10.2014 13:29:12
Участников: 85
Тип группы: Это закрытая группа. Вступить в группу можно только после одобрения администратором.
Это видимая группа. Ее наличие видно всем пользователям.
Обсуждения
Нет прав на просмотр или функционал отключен
Отчеты
Нет прав на просмотр или функционал отключен
Управление
Живая лента
Шолпан Койжигит -> Гүлжан Қойбағар, Садвакасова Бакытгуль, Габдуллина Галияи еще 257 получателей
img_20160619_wa0008.jpg  
Баян НурмагамбетоваБаян Нурмагамбетова
20.09.2016 16:277 Ещё
Керемет
Шолпан КойжигитШолпан Койжигит
02.10.2016 09:054 Ещё
Орынгул ОтеулиеваОрынгул Отеулиева
17.02 01:541 Ещё
Шолпан, мына суретті қайдан алдыңыз?  Бантикті оқушы емес, мұғалім отырғандай көрінді маған. Біздің күнімізде осылай!!!  Біреу ғасыр дертінен отырса, біреу нан үшін, біреу ұрпақ үшін отырады. Ой тастар суретің үшін рахмет!!!
Бактилы Ескалиева -> Ашилова Кулзакира, Шарауова Райхан Бактебаевна Шарауова, Кайрат Тлеуови еще 127 получателей
Оқушылар жетістігі:
Фото:
Умирзакова Хабила ДжумамуратовнаУмирзакова Хабила Джумамуратовна
10.01 22:386 Ещё
Құтты болсын! Табыстарыңыз молая берсін!
Азиза КаюмоваАзиза Каюмова
15.01 22:494 Ещё
ПОЗДРАВЛЯЮ!
Лаззат БайдармановаЛаззат Байдарманова
21.01 19:324 Ещё
Құттықтаймын!
Ақкенже Атшыбаева -> Ашилова Кулзакира, Гульбану Керейбаева, Умит Сугирбековаи еще 31 получатель
"ПОПС" немесе "ҰСМҚ"(ұсыныс,себеп, мысал,қорытынды) әдісін сабақта қолданудың оқушылардың өз көзқарастарын қалыптастыруда, айтылым, тыңдалым, оқылым сияқты тілдік дағдыларын жетілдіруде ықпалы зор.Бұл әдістің үлгісі:1."Менің ойымша...  ... ..." 2."Себебі мен оны былай түсіндіремін ... ... ..." 3."Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын ... ... ..." 4."Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім ... ... ..." Мысалы, С.Мұратбеков "Жусан иісі" повесі бойынша:"Шығарма неге "Жусан иісі"аталған?" .1.Менің ойымша, жусан иісі баланың әкеге деген  жүрек сыздатар сағынышын білдіреді, сондықтан шығарма "Жусан иіс"і аталған 2.Себебі Аян әкесі есіне түскенде ылғи жусанды да есіне алады.3. Оны мен 234 және 235-беттердегі үзінділермен дәлелдей аламын.4.Осыған байланысты, әлдебір адам сезімдерін бейнелеуде сол адамдардың өмірінде ерекше мәні бар, тіпті ұлттық бояуы бар нәрселерді алу үлкен рөл атқарады деген қорытынды жасаймын.
Мөлдір БайдуллаМөлдір Байдулла
21.01.2018 21:0517 Ещё
"ПОПС" әдісі сабақта қолдануға өте тиімді сіздің ойыңызбен келісемін
Ляззат ЖумабековаЛяззат Жумабекова
21.01.2018 23:1018 Ещё
Сәттілік!!!
Абзал Бек ҚасымАбзал Бек Қасым
17.07.2018 22:4210 Ещё
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілеймін ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!!!

Саулекул Есенкабылова -> Сауле Наушина, Бауыржан Тарбаков, Бақытхан Байбураеваи еще 345 получателей
 "Педагогтың шығармашылық ізденісі оқушының функционалдық
сауаттылығын арттырудың кепілі"  коучингтен  көріністер
Фото:
Файлы:
Дилраба ЮнусоваДилраба Юнусова
15.02.2018 21:278 Ещё
удачи!
Аят ЕгизбаевАят Егизбаев
16.02.2018 09:266 Ещё
Сауле апай! Керемет коучинг өткізіпсіз! Сізге сәттілік және шығармашылық табыстар тілеймін. Сіз - мықты көшбасшысыз!
Сапарова Гаухар БагитовнаСапарова Гаухар Багитовна
16.02.2018 20:496 Ещё
Толағай табыс!
Бактилы Ескалиева -> Ашилова Кулзакира, Шарауова Райхан Бактебаевна Шарауова, Кайрат Тлеуови еще 127 получателей
2016-2017 оқу жылындағы  1-жарты жылдықтағы  жасаған жұмысымның есебі
Күні:16.09.2016 ж  коучинг тақырыбы:  «Критериалды бағалау» бойынша рефлексивтік
есебім
Мен бұл күні коучиенг өткізу және оның тақырыбым былай таңдап алуым әріптесім Асылбаева Маржанның өтініші болды. Бұл әріптесім қалалық математиктер форумында   осы тақырыпта коучиенг өткізетін болғандықтан мектеп ішінде бір-екі әріптесіне осы тақырыпта коучиен өткізуге қолқа салды. Себебі өз ойларын бөліскісі және салыстырмалы түрде қарап пікір алмасқысы келді.
Мен коучиен мақсатын:
§ Мектепте  оқыту  сапасын  жоғарылату
§ Мектеп  бітірушілердің  білімін  халықаралық   стандартқа    сәйкестендіру.
§ 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау
деп алдым.  Себебі қазіргі жаңа форматты  оқу жүйесінде бұл критериалды бағалау  өте маңызды деп ойлаймын. Бұл коучиенктен кейінгі алынатын яғни күтілетін нәтиже:
•       Коучинг сессиясына  қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;
•       Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;
•       Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалау туралы үйренеді.
Осы өзім жоспарлаған ойымды жүзеге асыру үшін мен «Критериалды бағалау»  туралы түсінік және оның ерекшеліктері туралы слайд арқылы айтып өттім.
1-                                                        Слайд: «Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.
2-    Слайд: Критериалдық     бағалау – бұл   білімнің   мақсаты мен мазмұнына  сәйкес   келетін, оқушылардың   оқу-танымдық   біліктілігін   қалыптастыруға   себепші   болатын, айқын   анықталған, ұжыммен   шығарылған, білім   процесінің   барлық   қатысушыларына   алдын ала белгілі   критериялармен   оқушылардың  оқу  жетістіктерін   салыстыруға   негізделген    процесс.
3-    Слайд: Осыған  байланысты  оқушылар  арасында  өзара  түсіністік  және  ұжымдық   қарым-қатынасты   орнатып, оқушылардың  сенімсіздіктерін    жойып,  мүмкіндіктерін   арттыруға  жол  ашатын  критериалды   бағалау  болып  табылады.
4-    Критерийлер – оқытудың  міндеттерін  жүзеге асыратын  өлшемдер, атап  айтқанда, оқушылар  жұмыс  барысында  орындайтын    іс-әрекеттер  тізбесі.
Бұл слайдтарды дайындау барысында мен бұны өте қарапайым тілде түсіндіргім келді.  Бұдан соң неге Қазақстанда біз осы критериалды бағалауды енгіздік оның бұрынғы бағалау жүйесімен айырмашылығы неде екенін де айтқым келіп  слайд дайындадым.
ü Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы
ü Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан
қайшылықтар
ü Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Жалпы бұл мен айтқан мәліметтер менің әріптестеріме жаңалық емес екенін білдім. Себебі олар 1  және 2-деңгейден өткен мұғалімдер еді. Дегенмен де әрі қарай мен    осы коучиенг барысында берген жеке,топтық тапсырмаларымның  қазіргі елімізде іске асырылып орындалып жатқан оқушылардан алынып жүрген Пиза   тапсырмаларын алдым. Ондағы  біздің алдымыздағы оқытып отырған оқушыларымыздың өздері кездесетін күнделікті мәселені қиналатынын көрсеткім келді  соны айтып жеткізгім келді .
    Мен оларға берген бірінші тапсырмам көбелектің суретін салу еді. Сол салған әрбір қатысушының   суретін мен өзім бағалап ол бағамен олардың келісетін  нмесе келіспейтінін сұрадым. Егер келіссе неге келіседі  ,ал келіспесе неге келіспейді . әрбір әріптесімнің пікірлерін тыңдап, содан соң  мен оларды алдын ала дайындаған критерийлерім таныстырдым. Әрине күнделікті сабақ үдерісінде оқушы мен оқытушы арасындағыдай кереағар пікірлер болды. Содан соң мен міне осылай бағаға келіспеушіліктің   болмауы үшін мен әріптестеріме оқушыларға білімін бағалау үшін ол сабаққа критерий дайындалуы керек екенін айттым. Бұл білім саласындағы болып жатқан реформаның  басты себебі осыдан тудындаған жағдай екенін оларға түсіндірдім деп ойлаймын. Себебі осы кезде бір-екі әріптесім оны айтып өтті. Бұдан соң жоғарыда айтып өткендей мен Пиза материалынан мынадай есеп алып топтық жұмысқа бердім.  
Тапсырма:  Ойыншықтар дүкенінде    әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары    кестеде көрсетілген.
   Ойыншық түрлері       А       В       С       D       E       F       G    
  Бағалары (теңге)       1130       1500       1030       920       850       4100       3250    
1-сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншықтар  түрлері санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол 2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар.
Жауабы: ______
Бұл тапсырманы орындап болғасын мен оларға алдын –ала дайындалған төмендегідей бағалау критерийімен өздерін бағалауды сұрадым.
5-    Слайд: Топқа берілген тапсырма бойынша бағалау критерийлері
 
Рубрикатор          
 
Критерий
 
Дескриптор
 
Ұпайлары
  1-сұрақ       Сұрақты    түсінуі      
4 ойыншық
 
2
 
3 ойыншық
 
1
 
2 ойыншық
 
0
  2-сұрақ       Таңдаған нұсқалары    саны      
7-8  нұсқа
 
2
 
4-5 нұсқа
 
1
 
4  тен кем
 
0
  3-сұрақ       Сұрақ шарты бойынша    ол қандай үш ойыншықты таңдады      
дұрыс тапты
 
2
 
Қателесті
 
1
 
Қиналды
 
0
6-    Бағалау  рейтингісі :
                                6     ұпай    “5”
                              4-5  ұпай   “4”
                              2-3   ұпай    “3”
                            2-ден төмен ұпай “2”
7-    Осы кестемен бағалау  рейтингісі   бойынша өздерін өзі бағалады.
Содан соң осы екі тапсырмадан соң мен қортындыладым.
7-слайд: Ұстанымдар негіздері:
ü Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
ü   Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі       болуы шарт.
ü  Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы    қажет.
ü  Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
8-    Слайд: Критериалды  бағалаудың басты  ерекшелігі:
ü алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
ü анық, айқындылығы;
ü бағаның әділдігі;
ü өзін бағалауға мүмкіндіктің берілу
Осы слайдтарды көрсеткен соң мен әріптестер пікірін тыңдадым. Мен коучинг басында бұл тақырып бойынша  коучингке қатысушылар деңгейлік курстан өткен  «Менің беріп тұрған мәліметтерім оларға таныс мен оларға осы тақырып бойынша бірнәрсе бере алам ба?»- деген ой болған. Дегенмен олардың пікірін тыңдаған кезде мен олардың соңғы тапсырманы орындау барысында «солай екен ғой шынымен де біздің оқушыларымыз өз мектепте алған білімін қоғамда пайдалана алмайтынына көзіміз жетті»-деген пікірлерінен  көріп  және білдім. Тапсырманы мен бұл коучингке қатысатын әртүрлі пән мұғалімдері екенін ескеріп тапсырманы өте қарапайым  етіп алғанда да көп қиналғанын  және олардың  мойындағанын көріп тұрдым.     Бұдан соң мен қатысушыларға  әрі кері байланыс ,әрі коучингті қортындылау мақсатында төмендегі суретті бере отырып ,постер қорғаттым.
    Әріптестер пікірінен соң мен слайд арқылы қортындылап кеттім.
“Критериалды бағалау” коучингтің қорытынды:
Критерийлік бағалау ,оқушының өздігінен білім алуына  жағдай жасайды, жеті модуль қамтылады, сабақтың сапасы артады, ұстаздың сапалық  шеберлігі  және шығармашылығы  дамиды.Мұғалім оқушылардың еңбегін жоғары обьективті бағалай алуы үшін тапсырмалар әртүрлі болуы керек.Бағалаудың криттерийалды бағдарламасын мұғалім немесе сабақ үстінде сараптама тобына жүктесе,оқушы басқа жанұяның жұмысын бақылай отырып,критерийлік бағалау үлгісін дайындауға сенімділік артса да болады.
Бұндай зерттеу нәтижесінде,оқушы жеке тұлға ретінде өз ойын (уәжін) ашық айтып, өмір сүруге ,қиындық пен жеңілдікті теңестіре отырып,қоғамда өз орнын таба білетін еңбекқор адал азамат болары сөзсіз.
Соңынан олар маған  «Екі жұлдыз ,бір тілегін» білдірді.  

03.11.2016ж күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі коммунальдық мемелекеттік мекемесінде кезекті 1-тоқсаннан соң өтетін педагогикалық кеңесті жаңа форматта мен Ескалиева Бактилы (2-деңгей ) мен Максимова Ұлхия (1-деңгей ) өткіздік.
Қалай өткіздік?
1.     Күн тәртібі бойынша директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары С.Абылғазиева 1-тоқсан қортындысы мен ондағы тек бір пәннен «4»  және тек бір пәннен «3» -ке шыққан оқушыларға тоқталып айтты.
2.     2-мәселе бойынша директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары ҰБТ мен ОСЖБ мәселеріне жауапты Г.Кулбаева айтты.
3.     Деңгейліктен өткен  мұғалімдердің БАҚ беттеріне жарияланған материалдары жөнінде И. Бақамбаева (1-деңгей) информатика пәні мұғалімдері айтты
Бұл  педагогикалық кеңестің 1-бөлімі болды. 2-бөлімінде Максимова Ұлхия (1-деңгей ) математика пәні мұғалімі мектебіміздегі 2 және 1 деңгейден өткен мұғалімдердің   1-тоқсанд жасаған жұмыстарын төмендегі кесте бойынша айтты.
 
 
Мұғалімнің   аты –жөні
 
деңгейі
 
Өзара   сабаққа қатысы
 
Коучинг   ,тәлімгерлік және іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары
 
Шараларға   қалалық ,облыстық,т.б шараларға қатысы
 
БАҚ  беттеріне жарияланған материалдары
 
 
 
 
 
 
     
 
 
 
 
 
 
     
Одан соң мен яғни Ескалиева Бактилы  осы пед. кеңесті бірінші мәселе боп қаралып, пед. кеңесте қызу талқыланған мәселе барлық пәннен «5»  тек бір пәннен «4»  және барлық пәннен «4» пен «5»  те  тек  бір  пәннен «3» -ке шыққан оқушылардың қазіргі кезде оқушыны да, ата-ананы да, сынып жетекшіні де ,пән мұғалімдерін де және мектеп әкімшілігін де толғандыратын жағдай екенін ескере келе осы пед.кеңеске қатысушыларды 5-топқа бөліп топтық жұмыс жүргіздім.            
Бұл 5-топқа берген тапсырмаларым мынадай болды:
№1  топқа : Сіз егер бір сабақтан  «4»  немесе бір сабақтан  «3»-ке шыққан оқушы ата -анасысыз   төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңыз. Әр топ мүшесі бір-біріңізді қайталамаңыз, соңында  бір  ортақ шешімге келіп жауап беріңіз.
1)     Балаңыздың  жоғарыдай жағдайға кез болатынын алдын-ала білдіңіз не істер едіңіз? Баға шыққаннан соң білдіңіз не істер едіңіз?
№2 топқа: Сіз егер бір сабақтан  «4»  немесе бір сабақтан  «3»-ке шыққан оқушының сынып жетекшісіз  төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңыз. Әр топ мүшесі бір-біріңізді қайталамаңыз, соңында  бір  ортақ шешімге келіп жауап беріңіз.
1)     Сыныбыңыздағы оқушының   жоғарыдай жағдайға кез болатынын алдын-ала білдіңіз не істер едіңіз? Баға шыққаннан соң білдіңіз не істер едіңіз?
№3 топқа: Сіз егер бір сабақтан  «4»  немесе бір сабақтан  «3»-ке шыққан оқушының пән мұғалімісіз төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңыз. Әр топ мүшесі бір-біріңізді қайталамаңыз, соңында  бір ортақ шешімге келіп жауап беріңіз.
1)     Сіз сабақ беретін сыныбыңыздағы оқушының   жоғарыдай жағдайға кез болатынын алдын-ала білдіңіз не істер едіңіз? Баға шыққаннан соң білдіңіз не істер едіңіз?
№4 топқа: Сіз егер бір сабақтан  «4»  немесе бір сабақтан  «3»-ке шыққан оқушысыз   төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңыз. Әр топ мүшесі бір-біріңізді қайталамаңыз, соңында  бір  ортақ шешімге келіп жауап беріңіз.
1)     Сіз оқушысыз   жоғарыдай жағдайға кез болатынын алдын-ала білдіңіз не істер едіңіз? Баға шыққаннан соң білдіңіз не істер едіңіз?
№5 топқа : Сіз егер бір сабақтан  «4»  немесе бір сабақтан  «3»-ке шыққан оқушы оқитын мектептің әкімшілігіненсіз   төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңыз. Әр топ мүшесі бір-біріңізді қайталамаңыз, соңында  бір  ортақ шешімге келіп жауап беріңіз.
1)     Мектебіңіздегі оқушының   жоғарыдай жағдайға кез болатынын алдын-ала білдіңіз не істер едіңіз? Баға шыққаннан соң білдіңіз не істер едіңіз?
             
Өте жақсы болды деп ойлаймын бұл идея  . Себебі топта қызу  талданып, ортақ шешімге келіп, постер қорғап, қызу талқыға түскен мәселе болды. Соңынан шешім қабылданды:  Барлық пәннен «5»  тек бір пәннен «4»  және барлық пәннен «4» пен «5»  те  тек  бір  пәннен «3» -ке шыққан оқушылардың жағдайы толық анықталып алдағы уақытта сапасы көтерілуге жұмыстар жандандырылсын.
5-топ жоғарыдағы рольдер: ата-ана ,пән мұғалімі, сынып жетекші, оқушы, мектеп әкімшілігі боп  қызу талқыланды. Жеке-жеке шығып постерлерін қорғап ,сұрақтар қойылды. Соның ішінде ата-ана боп рольде ойнаған топ дегенмен де олар айтты. «Біз бәрімізде ата-ана болғанмен нағыз сол рөлге  кіре алмадық, бәрібір мұғалім боп ойлай береміз. Бұған мұғалім емес өзге мамандықтағы ата-ана болу керек сияқты »-деді. Бұны неге мен сіздерге жариялап, отырмын. Менің ойымша бұл жақсы бастама секілді. Себебі көп әріптестерім соңынан кері байланыс ретінде өздеріне пед. кеңесте осындай мәселе қаралып, осылай өткені ұнағанын айтты. Сіздер де өз мектептеріңізде тәжірибе жасап қарауға болады. Бұл біздің мектепте осылай екінші рет өткен пед.кеңес еді. Үнемі бір сарынды өткеннен гөрі жақсы сияқты. Кәделеріңізге жарасын әріптестер. Мен одан суретке түсіріп, бейне көріністер түсіріп алдым. Егер қажет деп тапсаңдар  мына эл .почтаға хабарласыңыз  салып жіберемін. baktily. ieskaliieva.66@mail.ru


БАҚ беттеріне жариялау туралы   мәліметтер:
    БАҚ беттеріне жариялау мәліметі бойынша осы «Білімділер» сайтына материалдар жарияладым.
    Тақырыбы: 1. Логикалық есептер
2. Қысқаша көбейту формулалары бойынша өрнектерді түрлендіру
3. Күрделі есептерді шешу тәсілдері.
4. Сын  тұрғысынан ойлауға өткізілген коучинг
Осы жариялаған материалдарым нәтижесінде осы сайттың Құрмет громатасымен мараппаталдым.

 
Камила КалубаеваКамила Калубаева
08.02.2018 17:329 Ещё
Өте  тамаша!
Айжан ЕрбатыроваАйжан Ербатырова
08.02.2018 17:528 Ещё
Рахмет!
Дидар ЖапбароваДидар Жапбарова
08.02.2018 22:506 Ещё
Тамаша!
Бактилы Ескалиева -> Бауыржан Тарбаков, Ашилова Кулзакира, Шарауова Райхан Бактебаевна Шарауоваи еще 125 получателей
Жаңа форматтағы пед кеңестің жүрісі
Файлы:
2016.docx (215.11 КБ)
Бакетова БибинурБакетова Бибинур
08.02.2017 21:3015 Ещё
Пед кеңсетің сол баяғы жаттанды күн тәртібімен жүргеннен арылып ,құрлымын өзгертткен пед кеңеске қатысушы мұғалімдердің азда болса қажеттілігін қанағаттындырған жөн деп санаймын .Жақсы құрлымдалған .Табыс тілеймін.Сізге сәттілік!!!
Гаухар БаржаксиеваГаухар Баржаксиева
17.04.2017 10:4112 Ещё
Жақсы ұйымдасқан жоспар, хаттамсы.. табыс тілеймін.
Бағдат ДүйсембиеваБағдат Дүйсембиева
07.02.2018 19:345 Ещё
Тамаша!
Бактилы Ескалиева -> Ашилова Кулзакира, Шарауова Райхан Бактебаевна Шарауова, Кайрат Тлеуови еще 126 получателей
Коучинг : "Критериалды бағалау " туралы слайд пен қмж мен реф.есебі
Гаухар БаржаксиеваГаухар Баржаксиева
17.04.2017 10:4213 Ещё
Ісіңіз оңға бассын!
Майра БалмұхановаМайра Балмұханова
17.04.2017 16:4410 Ещё
РАХМЕТ!
Бағдат ДүйсембиеваБағдат Дүйсембиева
07.02.2018 19:335 Ещё
Сәттілік!


Заметки
Желілік қауымдастықта жолығайық