Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

Тәлімгерлік үдерісінде рефлексия жасау дағдылары арқылы кәсіби өсу қалай жүзеге асырылады?

Тәлімгерлік үдерісінде рефлексия жасау дағдылары арқылы кәсіби өсу қалай жүзеге асырылады?
Тәлімгерлік үдерісте бағдарлама идеясында тәжірибелі көмекшінің моделі (Egan,1998) бойынша  рефлексия дағдылары қалыптаса ма? Шындығында, әріптесіне көмек көрсетуге бағытталған  жұмысты үш сатылы бағытта көрсетеді:
Тәлімгерлік үдеріс
Не болып жатыр? (Тәлім алушы қазір қай бағытта жұмыс жасап жатырғандығы туралы рефлексия жасау сұрақтары) Мен үшін қандай шешім маңызды? (Тәлім алушының мақсаты мен менің көздеген мақсатым бір болу үшін көмек ететін рефлексия сұрақтары) Маған қажетті және мен қалайтын  нәтижені қалай алуға болады? ( Іс әрекетті талдау арқылы рефлексия жасап кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру сұрақтары )
Тәлім алушыны таңдау, оның қажеттілігін анықтау үшін пікірлесу үшін сұрақтар беру№ 1  Тәлім алушының проблемалары, нені үйренгісі келетіні, не себепті үйренгісі келетінің анықтау үшін берілетін сұрақтар  №2 Тәлім алушының кәсіби өсу бағытындағы әрекетіне өзінің талдай жасай алуына бағыт беру үшін және не нәрсеге басты назар салып дамыту үшін көмек беру бағытындағы сұрақтар.№3
Сабағыңызда, кәсіби өсуде даму бағытын ұстанасыз ба?
Ол үшін не әрекеттер жасау керек деп ойлайсыз?
Осы әрекеттердің кәсіби дамытады деген қандай да бір себептерін дәлелдеп көріңізші? (3 ден кем емес)
Деген сияқты сұрақтар тәлімалушының қазіргі деңгейін,оның басында не ойлар барын анықтауға мүмкіндік береді.Осы жерге SWOT-талдауын пайдалануға болады.
Бұл жердегі талдау мақсаты өзінің бойындағы мықты,әлсіз,мүмкіндік,қатерді анықтату.
Cабақ мақсатын осылай алу себебі не?
Осы мақсатқа жету үшін жасалатын қадамдарыңыз қандай?
Не себепті осы әрекеттер аталған мақсатқа апарады деп ойлайсыз? Дәлелдеп көріңізші(кем дегенде  3 себеп)
Осы себептердің ішінде оқушылардың оқу қажеттілігі қалай ескерілген?
Сіздің оқыту тәсілдеріңіз осы әрекеттерді жүзеге асыруға қалай көиектеседі деп жоспарлап отырсыз? Не себепті?
Осы жоспарлағаныңыздың күтілетін нәтижеге апаратынын қалай бақылайсыз? Ол бақылау не себепті нәтижені анықтауға мүмкіндік береді деп болжап отырсыз?
Осы сұрақтар қою барысында да тәлімалушы өзі жоспарлаған сабағына рефлексия жасайды(тәжірибеден үзінді келтірілген)
Осы жерге де SWOT-талдауын пайдалануға болады.Бұл жердегі пайдаланудағы мақсат берілген сұрақтарға жауап беру барысында кейбір жетілдіруім,нақтылауым керек деген тұстарын өзі анықтайды.
Осыдан соң әлсіз,мүмкіндігі,катер деген кестедегі толтырылған мәселелер бойынша көмектер,ұсыныстар,аөпараттар беруге болады.(Жоспарды толықтыру,өзгерту)
Сабақ мақсатына жетті деп ойлайсыз ба?
Осы жерге де SWOT-талдауын пайдалануға болады.Бұл жердегі пайдаланудағы мақсат сабаққа қатысу барысында жинақталған деректер бойынша, кері байланыс парақшалары бойынша өз сабағына рефлексия жасату.
Немесе төмендегіше сұрақтар жазылған кесте беруге болады:
Өз оқытуыңызда сабақтың сәтті тұстарын болды?
Сәтті болғанын неден байқадыңыз?
Оған жеткізген қандай да бір әрекеттеріңізді атап көрсете аласыз ба
Осы әрекетті келесіде осы қалпында пайдаланасыз ба? не себепті?толықтырасыз ба? не себепті?
Мақсатқа жетуде оқушылардың оқуын ұйымдастыруда сәтті шыққан тұстары не болды? Оны қалай байқадыңыз? Қандай да бір дәлелі бар ма?
Осы тұста өзіңіз байқаған оқуды ұйымдастыруда сәтсіз тұстары болды ма? Не себепті олай болды деп ойлайсыз? Оны жетілдірудің қандай да бір әрекеттері ойыңызға келе ме? Онда...... деп не жасағыңыз келеді деп ілгері байланыс жасалады.
Енді не ісемекшісіз?Не себепті олай жасамақшысыз?
Келесі сабақты нені жақсарту керек деп ойлайсыз? Не себепті? Онда .. былай жасап көрсек қалай қарайсыз.Сіздің ойыңызша....
Бұл үдерісте сабаққа дейін,сабақ барысында, сабақтан кейін үнемі рефлексия сұрақтарын қойып отыру арқылы тәлім алушының,тек қана тәлім алушының өз әрекетіне рефлексия жасауына мүмкіндік беру арқылы өз сабағын өзі құрып,өзі кәсіби жетілу үшін сізден ақпаратарды сұрап,өзі үуренуіне мұмкіндік бар.