Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

желілік когамдастыкта жумыс жасау онай әрі тиімді.https://youtu.be/_2vIidI9-iA

Роза Даулетова -> Аслима Жумалиева, Нургуль Орынбаева, Нургуль Карабалиеваи еще 128 получателей

Құрметті әріптестер, ертең, яғни 2015 жылдың 7 қараша күні Атырау облысы Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп базасында "Өрлеу"АҚ Атырау облыстық филиалы мен аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің бірігіп ұйымдастыруымен "Желілік педагогикалық қоғамдастық қызметін тиімді ұйымдастырудың жаңа бағыттары" тақырыбымен облыстық семинар өтпекші. Семинар жұмысына деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері, облыстық, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер және менің ілгерінді деңгейде бірге оқыған 10 группаласым келмекші. Қуаныштымын. Жаңа бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдер аталған шараға үлкен дайындық жасауда. Семинар жұмысына аудан мектептері 3 бағытта 4 топқа бөлініп дайындалудамыз. 1. "Жарқын жүздесу" тақырыбындағы топтардың сәлемдесуі. 2. "Жаңа бағыттағы ізденістер" бөлімінде "Азия" тобы тәлімгерлер жұмысын қорғап, жинақ дайындайды, "Орталық" тобы аудандық шараларды ұсынады, "Европа" тобы аудан мұғалімдерінің ПШО порталындағы жұмыстарының нәтижесін саралайды, "Гимназия" тобы аудандық үздік сабақтар топтамасын ұсынады. 3. "Нар жолында жүк қалмас" бөлімінде төрт топтың жаңа бағыттағы жұмыстарынан әзірлеген тәмсілдері тамашаланады. Қорытындысы бойынша жүлделі орындар беріліп, үздіктер марапатталатын болады.Барлық мектептер де өз жұмыстары бойынша материалдар салынған дискілер, жинақтар әзірледі. Ол қатынасушы әріптестерімізге таратылатын болады. Тренерлер шеберлік сағатын өткізеді. Біздің аудан мұғалімдерінің үздік жұмыстары осылай насихатталмақшы. Семинар туралы ақпаратты порталдағы әріптестерімізге де ұсынамыз.