Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

курстан кейін муғалімдерді қолдау

Ардак Кайрлиева -> Асель Бердигалиева, Гульжамал Бекеева, Султанбекова Гульнар Турехановнаи еще 136 получателей

Бүгін, 27 қараша күні Индер ауданы "Көктем"қазақ орта мектебінің базасында Атырау ПШО тренерлері Наурызбек Мурсалимұлы және Анаргүл Қарасайқызы аудан көшбасшылары, І ( ілгері), ІІ (негізгі) деңгей мұғалімдерімен кездесіп, "Тиімді оқытуда мұғалімге кеңес" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинардың бірінші бөлімінде "Орта білім мазмұнын жаңартудың бағдарламасы" жөнінде мағлұмат берілді. Одан кейін тиімді оқытудың кедергілерін анықтау және оның шешуде SWOT талдау бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнаманың қорытындысымен мұғалімдер топта жұмыс жасап, өз пікірлерін ортаға салды. Мысалы: әлсіз жағына сабақты зерттеу әдісінің әлі де кемшіл тұстары, деңгейлік бағдарлама бойынша әріптестердің керағар пікірлері,т.б. Түстен кейін оқытудың үш ( танымдық,әлеуметтік, эмоциялық) аспектісін талқылауға тапсырмалар берілді. "Сабақтағы үш аспекті бойынша мұғалімдер не істей алады, оқушылар нені үйренеді?" деген сауалдар төңірегінде топ бір-бірінің пікірлерін толықтырып, қорытынды ой айтты.
Бұл-семинардың бірінші күнінде өткен жұмыстар. Ертең -екінші күні.

Фото: