Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

Саралап оқыту туралы ойлар

Жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы артуда. Зерттеулерде ішкі және сыртқы саралау түрлері айқындалған.
Ішкі саралау  кезінде оқушылар топқа бөлінбейді, оқу үрдісінде мұғалімдер оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық қолдау көрсетеді.
Сыртқы саралау кезінде гимназия, лицей кластарында білім алушы оқушылар үшін факультатив  және бейіндік пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар белгілі бір критерийлерге сай бөлінеді. Сыртқы саралау барысында белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғары оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған сипаттамалар бойынша саралаудың төмендегі алты түріне тоқталғым келеді:

1. Мақсат бойынша саралау
  Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады.

2. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау
 Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.
 Тарих және география пәндері бойынша негізгі ақпараты бірдей түрлі деңгейдегі мәтіндер әзірлеуге болады. Оқушының жұмыс жасау деңгейіне байланысты мұғалімдер ұсынылатын ресурстарды біртекті етпей, оқушыларға түрлі ақпаратты қол жетімді ету шараларын ойластыруымыз қажет.

3. Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар)
 Саралаудың бұл түрі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынуға болады. Кейбір мұғалімдер әр түрлі балаларға ұсынылатын деңгейлік тапсырмалардың әлеуметтік салдары туралы айтады. Мүмкін, олардың пікірі де дұрыс болар, бірақ өз деңгейі үшін күрделі болып шамасы жетпей немесе тапсырма өте жеңіл болғандықтан қызығушылықтың жойылуымен салыстырсақ, әлеуметтік салдардың рөлі төмен деуге болады.
Аталған саралауды әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізілетін топтық жұмыс (мүмкіндіктеріне сай жобаның бөліктерін орындау т.б.) барысында қолданған дұрыс болар.
Тапсырмалар бойынша саралау барысында таратпа материалды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді. Бастапқы тапсырмалар кейінгі тапсырмаларға қарағанда жеңіл болғанымен, кейбір оқушылар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Кейінгі тапсырмалар күрделірек болғанымен, бастапқы деңгейді нәтижелі орындаған қабілетті оқушылар үшін қиындық туғызбауы да мүмкін. Мұғалімдер саралаудың осы түрін қолдану тиімді деп санайды, себебі баршаға бірдей тапсырмалар мен таратпа материалдар дайындалады. Дегенмен, қабілеті жоғары оқушылар бастапқы, яғни өздері үшін тым жеңіл тапсырмаларды орындау барысында уақыт жоғалтады.

4. Диалог негізінде саралау
 Кез-келген білім алушы үшін маңызды ресурс - қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі аспектілері бар.
 Сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді. Қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Барлық оқушыға диалог аясында сындарлы кері байланыс берілуі қажет.
Класты басқарушы тәжірибелі мұғалім әр оқушының даму траекториясын қалыптастыру үшін олардың қабілеті мен сұранысына сай тиімді кері байланыс ұсына білуі тиіс.

5. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау
  Саралаудың бұл түрі жоғарыда аталған диалог арқылы саралаумен байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін  арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы тиіс.  
 Бұл қолдау мұғалім немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін. Оқушы қолдауды басқа оқушыдан, компьютерден немесе ақпараттық   технологиялар арқылы алуы мүмкін. Қабілетті оқушыға жеке оқыту бағдарламасы бойынша қолдау көрсетуге болады. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушы қолдауға лайықты, сабақ жоспарын мұқият ойластырған мұғалім ғана педагогикалық қолдауды сараланған нұсқада ұсына алады.

6. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау  (топтық жұмыс)
   Ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту – саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

Ал, саралау тәсілі болып табылмайтын жағдайларға қандай мысал келтірер едіңіз?
Төмендегі ұсынылған жағдаяттар саралаудың қай түріне жатады деп ойлайсыз?
1. 8-класқа қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін Зейнеп апай Т.Айбергеновтың «Ару ана – бауыр дүние» шығармасы бойынша сабақта кейбір оқушыларға оқулықтағы мәтін бойынша тапсырма берді, ал кластың бір бөлігіне Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасы мен Т.Айбергеновтың «Ару ана – бауыр дүние» шығармасы арасындағы ұқсастықты табуды сұраса, жекеленген оқушыларға тақырып бойынша үндес шығарманы өз бетінше тауып талдау жасауды ұсынады. Бұл жағдайда мұғалім саралаудың қай түрін қолданды деп ойлайсыз?
2. Химия пәнінен сабақ беретін Еркін ағай қабілетті оқушыдан Арманнан реттік саны жиырмасыншы элементтің атом құрылысын сипаттауын, ал химия пәні бойынша қабілеті орта оқушы Мараттан кальцийдің атом құрылысында қанша протон, қанша нейтрон, қанша электрон бар екендігін айтуды сұрады. Бұл жағдайда мұғалім саралаудың қандай түрін қолданды?

Сіздер өз тәжірибеңізде оқытуды саралауды қалай жүзеге асырасыз?
Қолданылған ресурстар:
  1. Differentiation in action! http://www.pdst.ie/sites/default/files/Session%202%20-%20Differentiation%20Resource%20_0_0.pdf (стр 7)
  2. ‘Differentiation: a Practical Handbook of Classroom Strategies’, Chris Dickinson and Julie Wright (NCET, 1993)
  3. ‘Effective Learning Activities’, Chris Dickinson (Network Educational Press, 1996).
  4. The basic forms of differentiation. https://stivodifferentiation.wordpress.com/differentiation-tips/
  5. What is Differentiated Instruction? Examples of How to Differentiate Instruction in the    Classroom. http://education.cu-portland.edu/blog/teaching-strategies/examples-of-differentiated-instruction/

Сындарлы сабақ туралы

Қазіргі кезеңде елімізде орта білім мазмұны жаңартылуда. Жаңартылған мазмұн сындарлы оқыту теориясына негізделеді.
Сындарлылық, яғни «конструктивизм» ұғымы ағылшын тіліндегі «construct» құрылыс, жасау және салу ұғымдарымен түбірлес екендігін аңғаруға болады. Мұғалім оқу процесінде бір жағынан оқушының өмір тәжірибесіне сүйенсе, екінші жағынан жаңалықтар ашуға  ықпал етететін оқу ортасын құруы шарт (1).
Теориялық тұрғыда түсінікті болғанымен, мұны тәжірибеде жүзеге асырудың жолы қандай?
Жақында сындарлы оқытудың тәжірибелік тәсілі туралы, «сындарлы сабақ» деген ұғымға түсініктеме берілген қызықты материал жарияланды.
Аталған жарияланым авторлары - Роджер У. Байбердың басшылығымен нақты ғылым салалары бойынша АҚШ-тың танымал педагогтарынан құралған  Biological Science Curriculum тобы. Кезінде ол  PISA ғылым саласы бойынша оқушылардың  білім жетістіктерін бағалау бағдарламасының ЭЫДҰ комиссиясына басшылық еткен болатын (2).    
Бұл тәсіл «5Е» деп аталып, сындарлылық теориясын тәжірибемен байланыстыруды, яғни сабаққа кіріктіруді қамтиды.  Бұл тәсілге сәйкес тақырып бойынша жұмысты бес кезеңге жіктеуге болады.
Неліктен «5Е»? Зерттеушілер әр кезеңнің ағылшын тіліндегі атауларының алғашқы әріптерін алған: Engage (қызықтыру), Explore (зерттеу, меңгеру), Explain (түсіндіру), Elaborate или Extend (кеңейту, тереңдету), Evaluate (бағалау) – осы 5 кезеңді бір сабақ мазмұнына кіріктіру, тақырып күрделі болған жаңдайда – бірнеше сабақ барысында қамту.
Оқушы меңгеретін тақырып бойынша ұғымдарға, дағдыларға немесе тәжірибеге саналы түрде бойлауы шарт.
25.09 - 2.jpg25.09 - 1.jpg
Аталған мақала авторлары сындарлы сабақтың әр кезеңінде төменде көрсетілген іс-әрекет түрлерін орындауды ұсынады:

5EТапсырма үлгілеріМұғалімнің қызметіОқушының қызметі
Қызықтыру  
·  Демонстрация (көрсетілім)
·  Оқу
·  Еркін жазылым
·  График, диаграммалар ға талдау жасау
·  Органайзер, ментальды картамен жұмыс
·  ББҰ
Ойға шабуыл  
·  Қызығушылық туғызады.
·  Ынтаны оятады.
·  Оқушыны сұрақ қоюға ұмтылдырады.
Оқушыны тақырып бойынша нені білетіндігі, нені ойлайтындығы туралы жауап беруге ынталандырады.
·  Төмендегі сұрақтарды қояды: «Неліктен бұлай болды? Бұл туралы мен не білемін? Бұл туралы тағы нені білуім қажет?»
Тақырыпқа қызығушылық танытады.
Зерттеу
·  Зерттеу/меңгеру
·  Ақпарат жинау үшін қосымша ресурстар оқу
·  Мәселені шешу
Модель құрау
·  Мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға ынталандырады.
·  Бірлескен қарым-қатынас процесіндегі оқушыларды бақылайды және тыңдайды.
·  Қажет болған жағдайда бағыттаушы немесе жетелеуші сұрақтар қояды.
Мәселе туралы ойлану үшін оқушыға уақыт береді.
·  Тапсырма төңірегінде еркін ойлауға мүмкіндік алады.
·  Болжамдар мен балама шешімдерді тексереді.
·  Жаңа шешімдер ұсынады, болжамдар келтіреді.
·  Балама шешімдерді байқап көреді, басқалармен талдайды.
·  Бақылаулар мен идеялар жазбасын жүргізеді.
Түпкілікті шешімді кейінге қалдырады.
Түсіндіру
·  Оқушының талдауы және түсіндірмесі
·  Нақты идеялардың дәлелдемесін келтіру
·  Құрылымдалған сұрақ-жауап немесе сауалнама
·  Оқу және талдау
·  Мұғалімнің түсіндірмесі
Ойлау қызметі: талдау, жіктеу, қателерге талдау жасау
·  Оқушыларды жауаптар мен анықтамаларды өз сөзімен баяндауға ынталандырады.
·  Оқушылардың дәлелдер келтіруін, түсініктеме беруін, нақтылауын сұрайды.
·  Академиялық тілді қолдану арқылы анықтамалар мен түсініктемелер ұсынады, жаңа ұғымдардың мәнін ашады.
·  Ұғымдарды түсіндіруде оқушылардың бұған дейінгі қалыптасқан біліміне сүйенеді.
·  Басқаларға мүмкін жауаптар мен шешімдерді түсіндіреді.
·  Өзгелердің ұсынған түсініктемелерін мұқият тыңдайды.
·  Сұрақтар қояды.
·  Мұғалім түсіндірмесін мұқият тыңдайды және ұғынуға тырысады.
·  Бұған дейін атқарған қызмет пен іс-әрекет түрлеріне қайта оралады.
Өзі орындаған жазбалар мен түсініктемелерін қолданады.
Кеңейту  (тереңдету)
·  Мәселенің шешімін табу
·  Шешім шығару
·  Эксперимент/тәжірибе арқылы зерттеу жүргізу
Ойлау қызметі: салыстыру, жіктеу, қолдану
·  Оқушылардың алдыңғы кезеңде игерілген анықтамалар мен ұғымдарды түсіндіруде академиялық тілді қолдануын күтеді.
·  Оқушылардың ұғымдар мен дағдыларды жаңа жағдайда қолдануын ынталандырады.
·  Балама шешімдер туралы оқушылардың есіне салады.
·  Оқушылардың назарын бұған дейінгі таныс білім мен дәлелдемелерге аударады. «Бұл туралы не білесіздер? Неліктен бұлай ойлайсыздар?» т.б. сұрақтар қояды.
Е2 стратегияларын қолданады.
·  Жаңа ұғымдарды, түсініктемелерді және даңдыларды ұқсас басқа жағдайларда қолданады.
·  Болжам құру, сұрақ қою, шешім қабылдау және экспериментті жоспарлау мақсатында бастапқы ақпаратты қолданады.
·  Дәлелдемелерге сүйеніп қорытындыға келеді.
·  Бақылаулар мен түсініктемелерді жазады.
Қатарларының түсінгендіктерін тексереді.
Бағалау
·  Бағалау шкаласы мен рубрикалар жасақтау
·  Тест
·  Соңғы нәтиже
·  Есеп жазу
Портфолио
·  Оқушылардың жаңа ұғымдар мен түсініктемелерді қалай қолданатындығын бақылайды.
·  Оқушылардың білімі мен дағдысын бағалайды.
·  Оқушылардың ойы немесе білім деңгейі өзгергендігі туралы дәлелдемелер іздейді.
·  Оқушылардың өз оқуын және топта жұмыс жасау дағдысын бағалауға рұқсат етеді.
Ашық сұрақтар қояды: «Неліктен олай ойлайсың? Қандай дәлелдемелер келтіресіз? Х туралы не білесіз? Х-ті қалай түсіндірер едіңіз?» және т.б.
·  Ашық сұрақтарға жауап беру барысында алынған дәлелдемелер, жүргізілген бақылаулар, игерілген түсініктерді келтіреді.
·  Ұғым немесе дағдыны түсінгендігін көрсетеді.
·   Сыныптас құрбыларының білім деңгейіндегі ілгері жылжуды бағалайды.
Жаңа зерттеулерге ынталандыратын сұрақтар қояды.

Әрине, сындарлы оқытудың кез келген белсенді әрекеттегі секілді өзіндік қатерлері де болуы мүмкін. Сабақты жоспарлау барысында тәсілдің қызықты болғаны үшін емес, оқыту мақсаты мен сабақтың мақсатына қол жеткізудегі тиімділігіне сай қолдану жаңартылған білім мазмұны жағдайында ұстаздарды ерекше толғандыруы қажет. Әріптестер, сіздердің осы тақырып бойынша қызықты идеяларыңыз, қосар ойларыңыз болса бірлесіп талқылауға шақырамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.     Загвоздкин В.К. Теоретические основы обучения путем создания обучающей среды. - Режим доступа: http://www.rcde.ru/method/953.html
2.     The BSCS 5E instructional model. Creating teachable moments. - Режим доступа: http://static.nsta.org/files/PB356Xweb.pdf
3.     Конструктивистская теория обучения. - Режим доступа: https://prezi.com/dn--gixp5y68/presentation/

Конструктивистский урок: механизмы планирования

Сейчас в стране происходит обновление содержания среднего образования. Обновленное содержание образования базируется на конструктивистской теории.
Термин «конструктивизм» имеет общий корень с английским словом «construct», что значит строить.  Учитель должен создавать среду, которая,     «с одной стороны обращена к опыту, уже имеющемуся у ребенка, с другой должна содержать в себе открытия» (1).
Теоретически все понятно, но как это осуществить на практике? Недавно был опубликован интересный материал, в котором дается практический подход к конструктивистскому обучению и становится понятным, каким должен быть конструктивистский урок. Авторами разработки является команда Biological Science Curriculum Study под руководством Роджера У. Байбера, одного из известных педагогов США в области точных дисциплин. В свое время он председательствовал в комиссии ОЭСР по тестированию PISA в области науки (2).  
Этот подход называется 5Е и имеет прикладной характер, поскольку делает возможным переложить теорию конструктивизма на практику, то есть на урок. Согласно этому подходу работу над темой можно разложить на 5 этапов.
Почему 5Е? Потому что этапы называются словами, которые на английском языке начинаются с этой буквы: Engage (вовлечь), Explore (исследовать, изучить), Explain (объяснить), Elaborate или Extend (расширить, углубить), Evaluate (оценить) - всего 5 этапов, которые можно уложить в один урок, а при прохождении сложных тем – в несколько.
Ученик должен быть умственно погружен в понятия, опыты или навыки, которые ему предстоит изучить.
25.09 - 2.jpg

25.09 - 1.jpg
Авторы данной разработки предлагают следующий перечень действий, совершаемый учителем и учеником на каждом этапе конструктивистского обучения.
5EВозможные заданияДействия учителяДействия ученика
Вовлечь
  • Демонстрация
  • Чтение
  • Свободное письмо
  • Анализ графиков, диаграмм
  • Органайзеры, ментальные карты
  • ЗХУ
  • Мозговой штурм
  • Возбуждает интерес
  • Будит любопытство
  • Провоцирует вопросы от учеников
  • Побуждает ответы, которые отображают то, что знают или думают ученики по теме/концепту
  • Задает вопросы типа «Почему так произошло? Что я об этом уже знаю? Что я об этом еще могу узнать?»
  • Проявляет интерес к теме
Исследовать (изучить)
  • Исследование/изучение
  • Чтение дополнительных ресурсов для сбора информации
  • Решение проблемы
  • Конструирование модели
  • Поощряет учеников работать вместе без подсказки со стороны учителя
  • Наблюдает и слушает учеников в процессе их взаимодействия
  • Задает уточняющие/ наводящие вопросы при необходимости, чтобы направить учащихся в их изысканиях
  • Предоставляет время ученикам, чтобы подумать над проблемой
  • Имеет свободу мышления, но в рамках задания
  • Проверяет гипотезы и предположения
  • Выдвигает новые гипотезы и предположения
  • Пробует альтернативы и обсуждает их с другими
  • Ведет записи наблюдений и идей
  • Откладывает вынесение окончательного вывода
Объяснить
  • Анализ и объяснение учащегося
  • Подтверждающие идеи с доказательствами
  • Структурированный опрос/анкета
  • Чтение и обсуждение
  • Объяснения учителя
  • Мыслительная деятельность: сравнить, классифицировать, анализировать ошибки
  • Поощряет учащихся объяснять понятия и определения своими словами
  • Просит учащихся предоставить доказательства, подтверждения, пояснения
  • Дает определения, объяснения, и новые термины, используя академический язык
  • Использует имеющиеся знания ученика как основу для объяснения понятий
  • Объясняет другим возможные решения и ответы
  • Внимательно слушает объяснения других
  • Задает им вопросы
  • Слушает и старается воспринять объяснения учителя
  • Обращается/ возвращается к действиям, проделанным раньше
  • Использует свои записи при объяснении
Расширить (углубить)
  • Решение проблем
  • Выработка решения
  • Исследование путем эксперимента/опыта
  • Мыслительная деятельность: сравнить, классифицировать, применить
  • Ожидает, что учащиеся уже будут пользоваться академическим языком при объяснении терминов, определений и объяснений, которые были предоставлены на предыдущем этапе
  • Поощряет учащихся применять или расширять понятия и навыки в новых ситуациях
  • Напоминает учащимся об альтернативных объяснениях
  • Обращает внимание учащихся на уже имеющиеся данные и доказательства и спрашивает: «Что вы уже знаете? Почему вы думаете, что…?
  • Используются также стратегии из Е2
  • Применяет новые термины, понятия, объяснения, и навыки в новой, но похожей ситуации
  • Использует предыдущую информацию, для того чтобы задать вопросы, сделать предположения, принять решение и спланировать эксперимент
  • Делает разумные выводы исходя из доказательств
  • Записывает наблюдения и объяснения
  • Проверяет, поняли ли сверстники
Оценивать
  • Все вышеперечисленное
  • Создание шкалы оценивания и рубрик
  • Тест
  • Конечный продукт
  • Отчет
  • Портфолио
  • Наблюдает за тем как учащиеся применяют новые понятия и умения
  • Оценивает знания и навыки учащихся
  • Ищет доказательства того, что мышление либо поведение ученика изменились
  • Разрешает ученикам оценить свое обучение и навыки работы в группе
  • Задает открытые вопросы, например: «Почему ты так думаешь? Какие доказательства у вас есть? Что вы знаете об Х? Как бы вы объяснили Х?»
  • Отвечает на открытые вопросы, используя наблюдения, доказательства и полученные объяснения
  • Демонстрируется понимание или знание понятия или навыка
  • Оценивает прогресс и знания одноклассников
  • Задает вопросы, которые могли бы вывести на новые исследования
Конечно, у конструктивизма есть свои риски, как, впрочем, у любого другого активного действия. В планирование урока следует включать задания не потому, что они интересны и без них урок будет скучен, хотя и это условие немаловажно. Нужно прежде всего видеть целесообразность того или иного задания в процессе достижения цели урока. В условиях обновления содержания среднего образования, учителя  в первую очередь должны думать о целях обучения и уже под них подбирать средства их достижения. Коллеги, если есть интересные идеи, предложения по данной теме, мы рады обсудить.
Использованная литература
1.     Загвоздкин В.К. Теоретические основы обучения путем создания обучающей среды. - Режим доступа: http://www.rcde.ru/method/953.html
2.     The BSCS 5E instructional model. Creating teachable moments. - Режим доступа: http://static.nsta.org/files/PB356Xweb.pdf
Конструктивизм: основные положения. - Режим доступа: http://nitforyou.com/konstruktivistskij-podxod/