Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

Білім мазмұнын жаңартуда функционалдық сауаттылықтың маңызы

Абакиева ЛЕ.JPG      Мынбаева Ж.Ж..JPG
  Абакиева Лилия Елемесовна, Мынбаева Жанна Жумашовна
Педагогикалық шеберлік орталығының
 Орал қаласындағы филиалының тренері
 

Функционалдық сауаттылық – оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени  дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен үйден, отбасынан басталады. Өйткені, ата – аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген. Мысалы, отбасында әрбір граммды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Бала бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру отбасында берілетін тәрбиемен тығыз байланысты. Сол себепті баланың жағымсыз мінез – құлық пен жат әдеттерден арылуына  көмек беретін функционалдық сауаттылық ата – ананың өз бойында да болуға тиіс. Ата – аналар бұны баланың ұғынуына ерте жастан көмектесулері керек.
Үйдегі жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіріп, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы ашық қалған су құбырынан аққан  тамшыдан өзен құралатындығын  бала білуі тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай алады. Осының бәрінде  ата – ананың  аса терең функционалдық сауаттылығы тұр.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалса оқушылардың функционалдық сауаттылығы ерте жастан қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әр пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарастарын, мінез құлық пен жалпы мәдениетті қалыптастыруда көркем әдебиет қуатты құралдардың бірі ретінде пайдаланылуы тиіс және бастауыш сынып пәнінің басты мақсаты болып табылады. Ал тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.
Мысалы: «Әдебиет үйірмесі». Баяндаушы – әңгіменің мазмұнын айтады. Зерттеуші – әңгімедегі негізгі ойды анықтайды. Сілтемеші – сөздіктермен жұмыс жүргізеді. Сұрақ құрастырушы – сұрақтар дайындайды. Дәнекер – өмірмен байланыстырады. Бейнелеуші – әңгімедегі негізгі кейіпкерді суреттейді. Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы арттырылады. Балалар қандай қажетті мәлімет алғанын, оның өз өмірімен қандай байланысы бар екендігін талқылауға үйренді. Тақырып бойынша алған мәліметін қай кезде және қандай жағдайда пайдалануға болатындығын ортаға салып, ой бөлісуге дағдыланады. Болашақта әділ, еңбексүйгіш, отаншыл, ұлтжанды азамат болуға тырысады. Балалар жас та болса, оқыған шығармалары арқылы өмірдің кей асу белестерінің қиындығымен таныса алады, пікір таластыруға да жаттығады. Пікір таластыра алу, өз пікірін орынды айтып, дәлелдей білу – адамның басты құндылықтарының бірі.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалімнің баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастыруына ықпал етуі және баланы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.   Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін сабақтарда оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластырған жөн.  
Сабақ үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында түрлі пәндердегі ерекшеліктер туралы мұғалімдердің пікірлерінен мысалдар келтіретін болсақ:
Дүниетану пәнінің ықпалы туралы...
Функционалдық сауаттылықты оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты деп қарайтын болсақ, жаңартылған білім беру бағдарламаларының мазмұны толығымен мұны қамтиды. Осы уақытқа дейін оқушыларға тақырып бойынша ауқымды мәліметтер беріліп, оның теориясын еске сақтау қажет болса, қазіргі оқу мақсаттары 40 минут аясында қол жеткізу үшін ықшамдалынып беріліп отыр. Мысалы, 2-сыныпта  дүниетану пәнінен «Өзім туралы» бөлімінің «Адам еңбегі» бөлімшесінде оқушылар «Еңбек деген не және  адамдар не үшін еңбек етеді?»  деген оқу мақсатына қол жеткізу үшін сабақта «Дастарханға ас қалай келеді?»  деген проблемалық сұрақ төңірегінде ойланады.  Ас әзірлеу үшін «Анаң азық-түлікті қайдан алады? Олар базарға қайдан келеді?» деген сұрақтарға жауап  беру арқылы адамдардың еңбекпен тапқан дүниесін күнделікті өмірде қолданатындығына көз жеткізеді. Осы бөлімшені өту барысында оқушылар «ысырап», «үнемдеу» деген ұғымдармен танысады. Осылайша, бала бойында күнделікті тұрмыста еңбек етудің маңыздылығы  туралы түсінік қалыптасады. Осы оқулықтың «Менің мектебім» бөлімінде  адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуі және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы, қарым-қатынас жасауы, мектептегі тәртіпті ұстану, өзін ұжымның бір мүшесі екенін сезінуге бағыттайтын тапсырмалар берілген. Яғни, «Не үшін тәртіп ережелері қажет?» екенін талдай отырып, «оған алып-қосарың бар ма?» деген тапсырма арқылы ұжымда өзінің атқаратын рөлі туралы ойланады. Бұл жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Осындай тапсырмалар мен сұрақтарға оқушылар жауап іздей отырып, мектептен алған білімдерінің өмірде қандай пайдасы бар екеніне жауап алады.
Қазақ тілі мен әдебиетін жаңартылған бағдарлама бойынша сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдісімен салыстырғанда, оқыту кезеңінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұрын қазақ тілі сабақтарында оқушылар сөздер мен сөйлемдерге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасаумен ғана шектелсе, әдебиеттен жаттау, түсінгенін айту немесе сұрақтарға жауап беру, хронологиялық кесте толтыру секілді тапсырмаларды  орындайды.
Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақ тілі пәніндегі әр сабаққа берілген лексикалық тақырыптар оқушының сол сабақтан алған ақпараты мен білімін өмір бойы қолдана алуына негізделген. Мысалы, 5-сыныпта «Хобби» тақырыбын өткенде, бастапқы ой шақыру кезеңінде оқушылардың «анаңның хоббиі не?» деген сұраққа «үй жинау» деген жауабынан бұрын оқушыларда мұндай түсініктің мүлдем болмағанын көреміз. Сабақтың өн бойына осы тақырып аясында берілген оқу мақсатына сәйкес әрекет етіп, нәтижесінде, оқушы өміріне бағыт-бағдар алар бір мағлұматпен танысады. Мысалы, «Жол-көлік оқиғалары» тақырыбы. Бұл да оқушылардың өміріне керекті маңызды ақпарат алып шығуына негіз болатын тақырып. Жаңартылған бағдарламада оқу мақсаттарының дайын түрде ұсынылуының өзі сол сабаққа деген басты бағдар болмақ. Мысалы, қазақ тілінде 5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша  өз ойын білдіру деген оқу мақсаты бойынша мұғалім сабағын қалай құрылымдайтынына қиналмайды, себебі сабақта оқушының қандай әрекеттерге жұмылатыны  айқын көрініп тұр. Осылайша әр тақырыпшаның өзі бала үшін құнды,  себебі мақсаттар баланың болашақта өміріне қажет ақпарат негізінде құрылымдалған.
Әр пәнді оқытуда қарым-қатынас жасау, оқушылардың мұғаліммен, сыныптастарымен, басқа балалармен ынтымақтасуы, диалог жүргізуі, даулы жағдайларды мәдениетті шеше білуі, «өз проблемасын шешу» және шағын топта, жұпта жұмыстарын ақылдасуы, саралауы, жағдаятты бағалай алуы - оларды өмірде қарым-қатынас жасауға баулиды.
Қорыта келе, қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың ұлттық сана-сезімін, өзіндік дүниетанымын, азаматтық ұстанымын  қалыптастыруға негіз болатын аса бай құндылықтың бірі - функционалдық сауаттылық екендігіне көз жеткіземіз.
ӘДЕБИЕТ:______________________________________________________________
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. — «Оқушылардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. — Б. 42-47.
Вершловский С.Г., Матюшкина М.Д. Мектеп түлектерінің функционалдық сауаттылығы // әлеуметтік зерттеулер, №5, мамыр 2007
Логвина И.А. Функционалды оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелері //  Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция, Санкт-Петербург, 21-22.04.2011. мақалалар жинағы

«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ» ТӘСІЛІ: НӘТИЖЕ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ТҰСТАРЫ

Lilya-2.png
Абакиева Лилия Елемесовна
ПШО аға менеджері,
деңгейлік курс тренері
     «Сабақты зерттеу» тәсілі  «Lesson Study» деген атауымен 2013 жылдан І және ІІ деңгей бойынша  курс бағдарламасына енгізіліп, жалпы орта білім беретін  мектептерде мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында  тәжірибеде қолданыла бастады.  Курс бағдарламасында  авторы Пид Дадлидің нұсқаулығы бойынша теориялық және тәжірибелік жұмыстардың ағылшындық үлгісінде  түсініктер беріледі. «Lesson Study» тәсілі Жапон елінен бастау алғанымен,  қолданыста тиімділігін арттыру мақсатында  әр ел өз қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай өзгерткен. Сондықтан, бұл тәсілді бір ғана нұсқада қолданамыз деу мүмкін емес, мектептер әр түрлі нұсқада қолдануларына болады.  Тек,  тәсілдің идеясы жойылмай, мақсаты сақталса болғаны.  Ал, сабақты зерттеудің мақсатына келсек, алдымен мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда үлкен ықпалы мол үдеріс және мұғалімдер тәжірибе алмаса жүріп оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, белсенділіктерін дамытатын,  тіптен білім сапасының артуына да ықпалы зор екенін білеміз.
    2014-2017 оқу жылдарындағы  жалпы орта білім беретін мектептердегі сабақты зерттеу тәсілінің ұйымдастырылуы мен жүргізілу жолдарына шолу жасау барысында:
·  «Сабақты зерттеу»  тәсілінің мектептерде жаппай жүргізілетіні;
·   мұғалімдердің ұжымында ынтымақтасқан атмосферанының одан әрі дамуына әсер ететіні;
·   белгілі бір проблема аясында бірлескен  желілік қоғамдастықтың идеясында жүзеге асатыны;
·   мектептің дамуына ықпал ететіні;
·  Сыныптың проблемасы, жекелеген оқушылардың проблемасына  мұғалімдер жеке ойланбай, бірлесе шешуге кірісетіні анықталды.
   Осы тұрғыда өз тәжірибелерімен бөлісуде бүгінгі күнге қандай нәтижелерге қол жеткіздік деген сұрақпен интернет желісі арқылы облыс мұғалімдерінің басылым бетіндегі таратылымына сараптама жүргізген кезде Шыңғырлау ЖОББМ тарих пәні және екінші деңгейдің мұғалімі Г.К.Файзуллинаның «Исследование уроков в рамках Lesson Study: Развитие позновательных способностей учащихся через приемы и методы критического мышления» тақырыбында әдістемелік құралы және  Ғылыми-әдістемелік  «Жайық әдіскері» журналында  «Инновационные подходы в процессе обучения» тақырыбындағы мақаласы жарияланған.  2015 жылы Қазақстан тарихы журналында Л.Қылышев атындағы ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Э.И.Сапашеваның  «Краткосрочное планирование урока с фокус-группой  учителей на тему «Lesson Study» тақырыбындағы мақаласы жарық көрген.
  2017 жылы «Еліміздің бүгін мен ертеңі білімді ұрпақ қолында» деген тақырыппен ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция жинағында Жаңақала ауданы, Д.Нұрпейсова атындағы ЖОББМ математика пәні мұғалімі Ж. Султанованың «Білім сапасын дамытудың бірден бір нышаны- Lesson Study» мақаласы шыққан болса,  «Шағын сабақ» сайтында «Lesson Studyді жоспарлау» және «Lesson Studyді ұйымдастыру мен өткізудің рефлексивті есебі» тақырыптарында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №3 мектептің мұғалімі А.Арыстанованың мақалалары жүктелген.
2015 жылы  қалалық жас ұстаздарға арналған семинарда  №46 ЖОББМ  бастауыш сынып мұғалімі А.Рахметова  «Lesson Study-білімді жетілдіруге бағытталған тәсіл» тақырыбында коучинг өткізген.
    Дегенмен, бұл тәсілдің тиімділігінің жоғарылығын мұғалімдер түсінгенімен қолдануда үстіртіндікке жол беретіндігі, терең талқылаулар жүрмейтіндігі құжаттарды шолу мен сұхбаттасу барысында байқалады. Басшылардың, көшбасшылардың курстары кезеңінің екінші бөлімі  мектептерде тәжірибеден өту барысында белгілі бір кезеңде жақсы зерттеулер болғанымен,  көп жағдайда аяқсыз қалу да кездесіп жатты.
Себебі:
·  Зерттеу сыныбына негізделіп анықталған проблема ауқымды;
·  Ауқымды проблеманы шешу мерзімі қысқа уақытқа жоспарланған;
·  Жоспарда зерттеу үдерісінің толық циклдері сақталмаған;
·  Сабақты талдаудың дәлелді материалдары көрсетілмеген;
·  Оқушылардың білім, дағдыларының өсу динамикасы жүргізілмейді;
·  Басылым беттерінде насихатталуы ұйымдастырылмайды
    Аталып өткен біраз мәселелердің бұл тәсіл мектептерде қолданылып басталған 3 жылдың барысында нақты жүйеге келмей, бірізденбей жүргеніне жауапты осы жылы аламызба деген ойдамыз.  Өйткені, 2018  оқу жылының 18 маусымынан 27 шілдесі аралығында   зерттеу бойынша жетекші мектептерден 136  тренер тағайындалады.  Бұл тренерлердің қызметі жетекші мектептермен серіктес мектептердің мұғалімдері арасында зерттеу жұмысын жандандыру, ұйымдастыру болып табылады.
   2018 жылдың мамыр айына қалалық  №42, №44 МГ тәжірибелерімен бөлісу және сабақты зерттеудің жүргізілу жолына ұтымды бағыт беру мақсатында ПШО тренерлері «Сабақты зерттеу әдісі мұғалімді кәсіби дамыту құралы ретінде» тақырыбында әдістемелік құрал шығаруға дайындық үстінде.
Ұсынбалар:
Аудандық әдістемелік кабинетке:
·  Зерттеу бойынша дайындалатын мектеп тренерлеріне (ЖМ тренерлері) тек өз мектептеріне ғана емес серіктес мектептермен жұмыс жүргізуге ынталы болуына назар аудару;
·  Курстан өткен тренерлердің түсінігі мен ұйымдастыруын бірізділеу мақсатында курс алды семинар өткізуді қолға алу;
·  Зерттеу барысынының нәтижелігіне баға беру үшін аралық бас қосулар ұйымдастыру;
·  Деңгейлік, жаңартылған бағдарламалар бойынша курстан өткен мұғалімдердің сандық және сапалық мәліметтерін ғана жинақтап емес, зерттеу нәтижесінің тәжірибеде аудан, облыс, республика көлемінде бөлісуіне ықпал ету;
Мектеп басшыларына:
·  Педагогикалық кеңестерде сабақты зерттеудің тиімді жүргізілу жолдары мен нәтижесі туралы күн тәртібінде қаралса;
·  Сабақты зерттеу тәсілінің бірден білім сапасына әсер етпеуі мүмкіндігін, бірақ, сабақ беру сапасының дамуына ықпалды екендігін түсінсе;
·  Өзара сабаққа қатысу үдерісін сабақты зерттеу тәсіліне айналдырса мұғалім әлеуеті мен оқушының оқуға қызығушылығын арттыруда пәрменді тәсіл екеніне уақыт көз жеткізеді.

ОСНОВНЫЕ КОМПОНЕНТЫ ФОРМИРОВАНИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ КОМПЕТЕНЦИЙ УЧИТЕЛЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЫ

Катаев Е.С.2.jpg

Катаев Ердан Советович,
ст. менеджер филиала ЦПМ в г. Уральск,
тренер директорских программ
Государственная Программа развития образования и науки Республики Казахстан на 2016-2019 годы (далее-ГПРО) определяет широкомасштабные и глубокие изменения как содержания, так и форм организации учебно-воспитательного процесса в общеобразовательной школе, становление и развитие общечеловеческих ценностей у субъектов образовательного процесса. Поэтому сегодня учитель должен работать в режиме жестких временных рамок и постоянной рефлексии собственной практики. Что, в дополнение к выше сказанному, определяет необходимость формировать и развивать у учителя собственные исследовательские компетенции.
Вместе с тем анализ сбора данных 93 педагогов и 35 руководителей общеобразовательных школ, анкетирование 110 слушателей курсов повышения квалификации на предмет их отношения к исследовательской деятельности педагога говорит о недостаточно сформированной лидерской позиции педагога в процессе обучения, их слабых исследовательских навыках как в наблюдении за учеником, так и в рефлексии собственной практики. Так, у 86% педагогов вызывает затруднение формулировка выявленной проблемы, вследствие слабых навыков использования научного понятийного аппарата, сложности установления истинных причин проблем обучения и учения (цепочки причинно-следственных связей). Трудность в интерпретации выявленной учебной проблемы при ее идентификации с   теми или иными показателя индикаторов Программы развития школы, (школы их разрабатывают на основе ГПРО) испытывают 92% руководителей школ, 84% руководителей в разделе «Результаты методической и исследовательской работы» определили, как проблемы: низкую исследовательскую компетенцию педагогов, недостаток базовых знаний теоретических и методологических основ исследовательской деятельности. 75% респондентов по разделу «Обновление содержания среднего образования и результаты обучения и воспитания» отметили низкую готовность учителей школы и учащихся к внедрению в учебный процесс предмета «проектная деятельность». С определенными трудностями сталкиваются руководители школ в классификации и практической реализации таких понятий как «научно-исследовательская и поисково-исследовательская деятельности», «проведение и организация «исследования в действии, и собственно, «lesson study». Так, 22% опрошенных руководителей школ не участвуют в организации и проведении lesson study и только иногда читают научную педагогическую литературу, 34% респондентов имеют противоречивые ответы на такие вопросы как, участие в поисково-исследовательской деятельности, исследовании в действии и проведении lesson study, что говорит об их затруднениях в понятийном аппарате при объяснении происходящих в школе инновационных процессов.
Вместе с тем посещенные lesson study, наблюдение за деятельностью учащихся на уроке, участие в обсуждениях фокус-групп lesson study, говорят о достаточно высоком уровне технических умений и навыков учителей по использованию активных форм и методов обучения. Поэтому, в начале своей работы с педагогами мы акцентируем усилия на культурологическом подходе как конкретно-научной методология познания и преобразования педагогической реальности. В процессуальном плане мы выделяем 5 этапов формирования исследовательских компетенций:
-на первом этапе учитель должен осознать необходимость собственной исследовательской деятельности, анализирует и обобщает свой опыт, опыт коллег, выявляет дидактические затруднения, ищет пути решения, формулирует проблемы;
-на втором этапе учитель пересматривает традиционные формы собственной методической работы посредством изучения и обобщения идей Программы, проводит аналогию и сопоставление активных форм и методов организации урока, и технологий обучения, происходит апперцепция собственной педагогической деятельности;
-на третьем этапе работа учителя ориентирована на рефлексию собственной профессиональной деятельности посредством изучения и обобщения происходящих изменений школьной практики, результатов исследований, участия в профессиональных педагогических сообществах, принимает участие в разработке учебных программ;
-на четвертом этапе (реализация собственных идей) учитель анализирует свой педагогический опыт, разрабатывает авторские программы и учебно-методические комплексы к ним;
- на пятом этапе (разработка нового педагогического знания) учитель разрабатывает учебно-методическую литературу, готовит научные статьи, создает новые методики обучения и т.д.
Таким образом, главным условием исследовательской работы педагога мы считаем его личную заинтересованность в подобного рода деятельности, основанную на ценностных категориях, характеризующих его как личность.  Высокий уровень когнитивного и рефлексивного компонентов исследовательских компетенций педагогов, а также осознанная степень рефлексии собственной практики со стороны руководителей школ, являются необходимым мотивационным фактором формирования и совершенствования исследовательских компетенций учителей и руководителей школ для системного запуска «исследования в действии» в общеобразовательных школах.

Учитель решает «уравнения» с многими неизвестными!

Катаев Е.С.2.jpg
Катаев Ердан Советович
старший менеджер фЦПМ в г. Уральск
тренер директорских программ

Увлеченность, высокая степень мотивации к какой-либо деятельности, возникает, когда человек осознал сущность каких-либо отдельных сторон вещи или вещь в целом, на которые направлены эти действия, знает и умеет, как их можно видоизменить, создать что-то новое. Человек начинает творить! Не важно, творит он что-то неизвестное миру или создает открытие только для себя,-он творит!
Каждый из нас, населяющих нашу удивительную планету, уникален. Мы все абсолютно разные: характер, темперамент, психический склад личности, мыслительные и художественные способности, способы восприятия окружающего, уклад жизни, социальные позиции и многое другое. И что важно, мы постоянно меняемся, развиваются отдельные способности, свойства и качества, вместе с окружением преобразуются наш образ жизни и социальные коммуникации.
Теперь уже совсем очевидное. Учитель работает с человеком. Объектом направленной, профессиональной деятельности учителя является личность ученика, который изменяется на столько быстро (благодаря не только возрастным и психологическим особенностям, но и в силу естественной потребности «идти в ногу» со временем), что учитель готовясь к уроку и видя перед собой «вчерашнего» ученика, порой осознает на уроке, что нужно было использовать какие-то другие активные формы и методы. Происходит Учитель рефлексирует собственную практику.
Таким образом, учитель работает с тем, что постоянно изменяется. Взаимодействуя с учеником, они вместе создают нечто новое. Каждый из них получает что-то новое для себя, они изменяют какие-то составляющие стороны своей личности. Значит рождается что-то новое. И это новое, в отличие от новых вещей (в широком, философском понимании) является абсолютно новым, потому что каждый из них был уникален и изменяется по каким-то своим, собственным правилам. Следовательно, учитель невольно всегда делает открытия, и так он самовыражается, самореализуется, достигает наивысшей точки человеческого счастья (акме). Но рядом с ним ученик, и он тоже участвовал в своем собственном развитии. Значит ученик тоже самореализуется! Учителю нужно только показать, дать знать ученику, что он тоже сделал открытие, что он создал то, чего еще не было,- что он постоянно создает самого себя как личность. Открытие увлекает, человек не устает от такой деятельности.
Нам всегда нужно поминать, что мы каждую минуту общения создаем что-то новое и делаем открытия, учителя и ученики «открывают» самого себя. Когда мама зовет ребенка домой за стол, а ребенок увлеченно играет и не может прерваться, в это самое время он делает открытие; когда ученик прочитал какое-то литературное произведение и у него сжалось в груди и горле от прочитанного,-он делает открытие; когда ученик решает школьную задачу и полученные ответ и красота решения блеском отражаются в его светящихся глазах,-он делает открытия!
Мы должны замечать открытия друг друга, чтобы учитель и ученик поняли, что мы знаем, видим, поняли и признаем его открытие, и им не будет конца.

«Тәжірибедегі рефлексия: идея, тәжірибе, тұжырым»


Лиля 2.png
Абакиева Лилия Елемесқызы  
Орал қаласындағы ПШО
филиалының аға менеджері
Бустекова Венера Гарифқызы
Ақжайық ауданы, М.Абдулов атн
НЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Сейтова Жұлдыз Төлегенқызы
Сырым ауданы, Ж.Досмухаметов атн.
ЖОММБ қазақ тілі пәні мұғалімі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы жалпы білім беретін мектептердің педагогтерінің кәсіби дамуының 100 акедемиялық сағат көлеміндегі «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасын 2016 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  кеңесінің  хаттамасындағы тапсырманы орындау мақсатында   жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің  әдістемелік күн аясында педагогикалық ұжымды  «Тең-теңімен» қағидасы негізінде мұғалімнің кәсіби даму моделі әзірледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру.
Бағдарламаны мектептерде жүзеге асыру үшін  деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер тартылды.  2016 жылы Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалынан 412,  2017 жылдың бірінші жарты жылдығында  93 мектеп тренерлері бағдарламаның идеясын тәжірибеде жүзеге асыруға сертификатталды. Бүгінгі күні облыс мектептерінде «Тәжірибедегі рефлексия» курсының алғашқы топтары курсты аяқтап, оқыту үдерістерінде ерекшеліктерді қолдана бастады. Бағдарламының тренері ретінде мектептегі курстың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі туралы, соңғы нәтижесіне рефлексияларын білу мақсатында тренерлермен сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Сұрақ: Лилия Елемесқызы
«Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша курстың идеясын тәжірибеде қаншалықты сапалы ұйымдастыра алдыңыз?
Жауап: Венера Гарифқызы
Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Жаңа форматтағы курстар ұйымдастырылып педагогтардың білімдерін шыңдауға барлық жағдайлар қарастырылып жатыр. Соның бірі Педагогикалық шеберлік орталығы және НЗМ ДББҰның бірлесіп ұйымдастырған мектеп тренерлерін дайындау курсы мектеп мұғалімдеріне жаңалық болғаны сөзсіз. Себебі, менің тәжірибемде деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер аса қызығушылықпен қатынасып, өздері үшін қолжетімді курс екендерін айтып, еркін,белсенді түрде  өз қажеттіліктерін ала алды. Дәстүрлі білім беру шеңберінен шыға алмай жүрген әріптестерімізде курстың мазмұнын жете түсініп, тәжірибесінде қолданып көріп нәтижесін сезінгеннен кейін белсенді тыңдаушыларымның біріне айналды. Курс тыңдаушыларын ресурстармен бар мүмкіндігінше қамтамасыз етіп, жағымды ахуал, теория мен практиканы ұштастыратын күнделікті сабақ жоспарына аса жауапкершілікпен дайындалу әрбір мектеп тренерінің дағдысына айналғаны сөзсіз. Бұл біздер үшінде рухани дамуға, шеберлігімізді шыңдауға тамаша мүмкіндік болды.
Өз әріптестеріңізге «Мінсіз тренер» рөлінің құндылықтарын  іс-әрекетте көрсете алдыңыз ба?
Жауап: Жұлдыз Төлегенқызы
   «Мұғалімдікке таңдалған адам жақсы оқытушы болу үшін өзіне тиісті дүниелерді ретімен үйренсе керек. Ол өсу үшін де сабақ берудің оқыту ыңғайларын, әдістерін бақылап, қарап жүреді. Бірақ оқыту-баланы ғана оқыту емес, баламен бірге өзі де оқу екенін әсте естен шығармау керек»,-деген Ж.Аймауытовтың сөзі ұстаздарға көшбасшы болудың тетігін айқындайды. Қазіргі педагогті жаңартылған білім беру мазмұнына икемдейтін  білім берудің басты модульдері деп  ынталандырушылық, мазмұндық, үдерістік деп танысақ, мен өз қызметімнің құндылығы деп осы бағытқа  негізделген  барлық кәсіби әрекеттерді  тыңдаушыларыма мақсатты түрде игерте алғаным деп санар едім.
Бағдарламаның базалық деңгейі, яғни,7 модульдің ерекшеліктерін өз  тәжірибелеріне  кіріктірудегі  мұғалімдердің көзқарасы?
Жауап: Венера Гарифқызы
    Бағдарламаның базалық деңгейі,7 модулды тәжірибемде игертуде өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Тыңдаушыларым да 7 модулді сабаққа енгізу, кіріктіруде  қызығушылық танытты. Әрине кедергілерде кездесіп жатты.  Бұл менің шабытымды шақыра түскендей болды.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың дәрежесін көтеруде, жас ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспалауда, АКТ-ны оқушылардың пайдасына қолдануды жоспарлау, мұғаліммен оқушы, оқушы мен оқушы арсындағы кері байланысты орнату мәселерінде қиналып, тәжірибелерінде қайта-қайта қолданып, шыңдалып нәтижесін көріп өздерінің дамитын тұстары мен сәтті тұстарын талқылайтындай дәрежеге жетті.
Курста алынған білімін тәжірибесімен ұштастырудағы маңызды қорытынды,бұл-мұғалімдердің  рефлексифтік есептері.Яғни,рефлексия жазу дағдыларын қалыптастыра алдыңыз ба?
Жауап: Жұлдыз Төлегенқызы
    «Мінсіз тренердің» ерекше қасиеттерінің бірі-«рефлексивті агент» бола білуі деп ойлаймын. Өз ісін көздеген мақсатына қарай кәсіби тұрғыда сауатты талдай отырып, үнемі жетіліп отыру- табыс критерийінің басты баспалдағы. Мен өз тәжірибемде рефлексияның негізгі идеясын меңгерткеніммен, кейбір тыңдаушыларымның жазу дағдыларын қалыптастыруда қиындықтармен кездестім. Әр ұстаздың жеке пайымын, шығармашылығы мен зияткерлігін қажет ететін рефлексия есебін жазуда бірқатар әріптестерімнің өз әрекеті мен  жұмыстың нәтижесін талдап жазуға  әлі де қиналатынын байқадым. Дегенмен, тыңдаушыларыммен жұмыстанып, ЖАДА арқылы, қосымша ақпарат көздері мен интернет ресурстары арқылы меңгертуге тырыстым.
Тыңдаушыларыңызбен курстан кейінгі әдістемелік қолдауды тиімді ұйымдастырудың жоспарымен  бөліссеңіз.
Жауап: Венера Гарифқызы
   Тыңдаушыларымды әдістемедік тұрғыда жыл бойына қолдап отырдым, сабақтарына ену, өзімнің сабақтарыма шақыру, мектептегі деңгейлік курстан өткен педагогтардың ашық есік күндеріне қатынастыру, жаңартылған курстан өткен педаготарға апталықтар, курстан тыс шеберлік сыныптарды жоспарлауды, өткізуді үйрету жұмыстары жүзеге асып отырды. Келесі оқу жылында да осындай жұмыстар жалғасын табады. Тамыз айында курс тыңдаушыларының сұранысы бойынша 5 кундік курс сабағын жоспарлап қойдық. Онда курстан өткен білімдерін тағы бір еске түсіре отырып, жаңартылған білім мазмұны, критералды бағалау, ОМЖ, ҚМЖ  туралы  ақпараттарға тағы бір шолу жасау. Әр күннің сабағын тыңдаушылар бөліп алып, өздері ұйымдастырады. Өзім мектеп тренері ретінде үнемі Педагогикалық шеберлік орталығымен, бірге оқыған әріптестермен үздіксіз байланыста болып, тәжірибеммен бөлісіп отырдым. Бұл курстың маған әдістемелік дамуыма, ізденуіме көп  әсерін тигізді. Басқаларды оқыта жүріп, өзімізде көп нәрсені үйренетінімзге көзім жетті.
  Сұхбаттасуда көтерілген проблемалық сұрақтарға біраз жауаптар алынды. Барлық «Тәжірибедегі рефлексия» курсының тренерлеріне алғашқы кезеңдегі топпен жүргізілген жұмыстарына талдау жасап, келесі курстарына жіберілген кемшіліктерді толықтырудың тиімді жолдарын ойластырса деген  тұжырым болды.