Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

Даралап және саралап оқыту

«Теория және тәжірибе» неміс зерттеушісі Андреас Хелмкемен болған сұхбатты ұсынады. Онда ескі парталар, «Жеті Б» жүйесі және мұғалімдердің оқыту әдістері туралы және олардың артта қалу керек екендігі туралы ойларын ұсынады. Ол не? «Бір мұғалім оқытады Бір жастағы оқушыларды сол Бір әдіспен Бір сарында жалпыға  Бірдей тапсырмамен Бір сыныпта Бір мақсатта». «Жеті Б» жүйесін күйрету даралап және саралап оқытумен алмастырған жағдайда орын алады. Өз оқытуымның барысында орын алып отырған жағдайды зерделеу мүмкіндігін пайдаланып мұғалімдердегі жағдайларды анықтадым. Басшылық, мектеп пен мұғалім даралап және саралап оқытудың тиімділігін түсінеді. Алайда мұғалім сынып жағдайында мұндай оқытуды орнатуда  бірқатар қиындықтарға кездесіп отыр. Қиындықтар саласы:
1.  Даралап және сралап оқытуды түсіну;
2.  Зерттеу нәтижелерінен хабардар болу;
3.  Сыныпты диагностиалау;
4.  Мақсаттарда қарасытыру;
5.  Жоспарларды бейімдеу;
6.  Тапсырмалар ұсыну;
7.  Әдістер мен тәсілдерді таңдау;
8.  Топтық жұмысты ұйымдастыру;
9.  Тек өзінің қорытындыларына сүйену;
10. Үй тапсырмасын ұсыну.
Даралап және саралап оқытудың бірнеше бағыттары
1. Тапсырма. Балаларға (жекелеп немесе топтарға) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әр түрлі тапсырмалар беріледі. Аса қабілетті балаларға айтарлықтай жоғары деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін, мәселелерді шешу қабілеттері мен зерттеу қабілетін пайдалануды талап ететін күрделі тапсырмалар беруге болады.
2. Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бір тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Бастапқы ойды немесе үдерісті түсіне алатындай етіп басқаларға қалай түсіндіру керек екенін түйсіну өте күрделі, сонымен қатар өте тартымды іс болып табылады. Қабілетті баладан басқа балаларға қандай да бір нәрсені түсіндіруді немесе қандай да бір затты үйретуді өтінуге болады, басқа жастағы балалар үшін бірдеңе жазуды немесе жасауды сұрауға болады.
3. Жұмыс қарқыны. Балаларға жалпы тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Қабілетті бала басқаларға қарағанда негізгі міндеттерді орындауға аз уақыт жұмсайтынын болжауға болады, ал содан кейін айтарлықтай күрделі жұмысты орындауға кірісе алады (яғни, келесі оқу мақсатына көшпей, негізгі оқу жоспары мақсатының мәнмәтінінде оқытуды кеңейту және күрделендіру бойынша жұмыс істеу). Көптеген қабілетті балалар қызығушылық пен ұмтылыстың жоқтығынан негізгі тапсырманы өте баяу орындағандықтан, мүмкіндігінің болуына қарамастан қосымша тапсырмаларды орындауға үлгермейді. Кей жағдайларда кейбір балаларға барлық тапсырманы орындамай («тығыздау» деген атпен белгілі болған әдіс), қосымша жұмысқа бірден кірісуге рұқсат етуге болады.
4. Қолдау. Балалар жалпы тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көп немесе кем қолдау көрсетіледі. Қабілетті балаға білімнің кейбір салаларында жеке көмек қажет болуы мүмкін, мысалы, жазба, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқу дағдыларын немесе бірлесіп оқу дағдыларын дамыту.
5. Ресурстар. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әр түрлі ресурстар беріледі. Қабілетті балалардың әр түрлі ресурстарды немесе өз жұмыстарын таныстыру үшін балама әдістерді пайдалануына түрткі болуға болады.
6. Топтау. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ барлығының табысты болуын қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылған. Қабілетті балаларды кейде қабілеті ұқсас құрдастарымен топтастырып, олар тапсырманы айтарлықтай жоғары деңгейде орындайды деп күтуге болады.
7. Ақпарат. Балалар ортақ тапсырма алады, бірақ оларға әртүрлі ақпарат, немесе қосымша ресурстар мен ойлауды талап ететін көлемі әртүрлі ақпарат беріледі.
8. Рөлдер. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады. Қабілетті балаға бас зерттеуші немесе ақпаратты және топ ресурстарын басқаруды ұйымдастырушы рөлін беруге болады.
9. Үй жұмысы. Балаларға әртүрлі үй тапсырмалары беріледі, ал жекелеген оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Айтарлықтай қабілетті балаларға толық зерттеу жүргізу үшін тақырыптың күрделі аспектілерін қарастыруды тапсыруға немесе басқа тапсырма беруге болады.
10. Диалог/Сұрақтарды пайдалану. Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өздері қоятын сұрақтары мен оқушылар қоятын сұрақтарға жауаптарын саралайды. Соңғы кезде диалог бойынша саралау жоғары қабілетті балалардың қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерін шешуде шешуші мәселе ретінде атап көрсетілуде.  (Eyre материалдары бойынша (1997). Кәдімгі мектепте қабілетті балаларды оқыту)
Олай болса, «осы сұрақатар өз оқытуымда бар ма?», «осы сұрақатарды мен қаншалықты қарастарап отырмын» деген сұрақты жиі қоятын болсақ.

Жетекші мектеп - инновациялық өзгерістердің тиімділігін арттыру кепілі

Заманауи қоғамның тіршілігінде қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетеді. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай кәсіби қоғамдастықтарды дамыту халықаралық қолдауға ие болып отыр.  Либерман (2005) «реформаторлар мектепте оқыту мен оқуды өзгерту және жетілдіруге қажетті деп есептейтін көптеген басты идеяларды әзірлеуге қатысып, жәрдемдесуіне және қолдауына байланысты кәсіби қоғамдастық бүгінгі күні өте танымал болып отыр» деп тұжырымдайды.  Осы орайда,  Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттрырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша курстан өткен педагог қызметкерлер курс барысында басқару және кәсіби қоғамдастық идеяларын меңгеріп, мектеп тәжірибесінде қолданып, оның оқу мен оқыту сапасын жақсартудағы ролін жете түсінуге мүмкіндік алды.
Қолдаушы мектеп – кәсіби қоғамадастық негізі. Атап айтқанда, мұғалімдер қоғамдастығы ең алдымен өздері жақсы үйреніп, біліп алып, алған білімдерімен басқа қоғамдастықтармен бөліседі. Қазіргі таңда Жетекші мектептер аясында құрылып отырған кәсіби қоғамдастықтар жекелеген мектептердің аумағынан тыс таралуға мүмкіндік жасап отыр. Мәселен, Жетекші мектептер базасында құрылған «Даму», «Өзгеріс», «Ынтымақ», «Эверест», «Зерде» т.б. кәсіби қоғамдастықтарға бірігуі инновациялық үдерістердің тиімділігін арттырып отыр. Айта кететін жағдай, Жетекші мектептердің серіктес және басқа да мектептермен құрып отырған кәсіби қоғамдастық қызметін жергілікті білім беруді басқару органдарының қолдауы аса маңызды. Кәсіби қоғамдастықтардың жоғарығы оқу орындармен байлыныс орнатуы назарда болғаны жөн. Олар зерттеулер мен ғылыми жобаларға қолдау көрсетеді.
Бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтарға бірігіп, бірлесіп жүргізген зерттеулері барысында өздері жауап алғысы келген сұрақтары  біртіндеп шешімін таба бастыды. Мәселен, «Қоғамдастық жұмысының бағытын айқындап, жоспар жасадық. Қоғамдастық мақсатына сәйекес  мұғалімдер желілік қауымдастықта байланыста болып, тәжірбие алмасып тұрдық. Осы кездесуден соң  №50 мектепте басқарушы топтың, №33 мектепте  үйлестіруші топтың, №25 мектепте  дамытушы топтардың кездесулері өтіп, талқылау жүргізді. Тәжірибе алмасу барысында апта сайын кездесу ұйымдастырып, №14 мектепте «Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану» деген тақырыппен коучинг  ұйымдастырдық. Онда коучинг сессиясының сәтті, сәттсіз жақтарын талқыладық. Кәсіби қауымдастықтың іс-тәжірбие алмасуда, бір-бірімізбен етене жақын араласып, жауабы жоқ сұрақтарыма жауап алып қайту мен үшін маңызды болды. Қауымдастық мүшелері келесі "коучинг сессияны" №12 мектепте өткіздік. Одан кейін №45 мектепте өтті. Бізге желілік қоғамдастық не берді?
- бір мақсаттағы көптеген адамдармен таныстырды; кәсіби деңгейімізді көтерді; алға қойған мақсатқа жету үшін көптеген қиыншылықтарды шешуді   үйретті, идеялар туындады. Болашақта  біз жұмысымызды балаларының оқу дағдыларын дамытуға, ынталарын арттыру, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты дамытуға бағыттаймыз» мұғалімнің рефлексиялық ойларынан жетекші мектеп аясында кәсіби қоғамдастықтың мұғалімнің өз проблемасымен оқшау қалмай, бірлескен шешім қабылдауға бағытталғандығын көруге болады.
П.Г.Щедровицкийдің ойынша үздіксіз білім беру идеясы адамдарды дамыту міндеттеріне негізделеді. Теоретиктер мен ойшылдар адамның дамуын ең алдымен өзін өзі дамытумен байлансты қарастырады. Дамушы мемлекеттің басты ресурсы – ол үздіксіз дамып отыратын адам. Олай болса, біздің оқытуымыздың мақсаты – әр мұғалімге дамуға қажетті проблемалық аймақ пен әрекет ету саласын ұсыну. Осы тұста Жетекші мектептер аясында мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын дамыту неге маңызды болып отыр?
Дамушы елдерге ортақ мұғалімдерді үздіксіз дамытудың формальді (біліктілікті арттыру курстары), формальді емес (басқа мұғалімдермен ынтымақтастық арқылы кәсіби даму) және информальді (жеке, дара) білім беру форматы қабылданған. Формальді моделі («тапшылық» моделі) бір курстан екінші курсқа, яғни тест тапсыру және сертификат алумен шектеледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай  мұғалімдерді оқытудың тек формальді емес моделі мұғалімді қоғамда болып жатқан өзгерістерді «қуып жетуші» позициясына қояды. Олай болса, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың бірінші (ілгері) деңгей Бағдарламасы мұғалімдерді үздіксіз дамтытудың формальді моделін формальді емес моделімен ұштастырған жағдайда инновациялық өзгерістердің тиімді болатынын түсіне отырып, кәсіби қоғамдастықтар қызметін ұйымдастыруға және оны жетілдіруге үлкен мән береді.
Е.Л.Фрумина мұғалімдерді кәсіби дамыту модельдерінің ішінен келесілерді бөліп қарастырады:
- «тәлімгерлік» моделі- тәжірибелі мұғалімдердің әріптестеріне кеңес беруі;
-  «үйренуші ұйым» моделі –сапалық және сандық стратегиялар негізінде білім алмасуға бағытталған  шебер мұғалімдер қоғамдастығы;
- «интерактивті кәсіби даму» моделі – шебер-мұғалімдердің интернет желісінде шынайы қоғамдастық жағдайында тәжірибелік білімдермен алмасуы, проблеманы бірлесіп шешу және өз құзіреттілігін дамыту негізінде  өзара әрекет жасауы.
Мектептерде білім беру мазмұнын жаңарту және Бағдарлама идеяларын табысты жүзеге асыруға бағытталған жаңа стратегиялар негізінде білім алмасуға бағытталған мұғалімдер қоғамдастықтары құрылып, үйренуші орта қалыптасуда. Ал үшінші модель бойынша мұғалімдердің интернет желісінде тәжірибелік білімдерімен алмасу ортасы әлі де болса қолдауды қажет етіп отыр. Әрине, мұғалімдердің желілік қоғамдастықта әрекет ету мәдениеті бірден дамып кетті десек, артықтау болар еді. Жетекші мектептер жүргізіп отырған курстан кейінгі қолдау жұмысы мұғалімдердің курс барысында меңгерілген теориялық және тәжірибелік білімдері негізінде, интерактивті кәсіби даму ортасын құруға бағытталып отыр. Осы мақсатта «Жетекші мектептердің  кәсіби желілік қоғамдастығы» құрылып, сpm.kz порталына тіркелді. Мұндағы желілік ұғымы нақты нәтижеге жетуге бағытталған әлеуметтік қауымдастық деп түсіндіріледі.
Қазіргі таңда тиімді желілік қоғамдастық «формуласы» жасалған: желілік қоғамдастық = ортақ идея+ортақ таным және қарым-қатынас ортасы+қатысушылардың қарапайым әрекеттері+хабарламамен алмасу+әлеуметтік желі қызметтері. Осындай желілік қоғамдастықтарда жақсы білім беруді сипаттайтын мұғалімдердің кәсіби дамуына М.Барбердің моделі негіз бола алады. М.Барбер моделі: Жақсы білім беру = Этикалық негіздемесі (Білім+Ойлау+Көшбасшылық). Бұл модельдерде білім мен сын тұрғысынан ойлауға, көшбасшылық пен этикалық қағидаларға аса жоғары мән берілуі, оның ықпалы қоғам үшін жүзеге асырылатындығында. Ұсынылған модель бірлесіп білім алуға, тәжірибе алмасуға, проблеманы бірлесіп шешуге, өзара оқытуға бағытталады.
М.Барбер мен М.Муршед оқу нәтижелерін жақсартудың жалғыз жолы-оқытуды жақсарту:оқу орын алады егер мұғалім мен оқушы арасында өзара әрекеттесу болса, сондықтан, оқу сапасын жақсарту үшін бұл өзара әрекетті оңтайландыру қажет екендігін ерекше атап көрсетеді. Мұнда сөз, мұғалімдердің тәлімгерлігі, сыныпта оқыту,  мұғалімдердің дамуына көмек беретін мектеп басшыларын ұсыну, мұғалімдердің бірін бірі үйретуге мүмкіндік болатын жағдай туғызу туралы болады. Ал Жетекші мектептер қызметі мұғалімдердің бірін-бірі үйрететін және бір-бірінен үйрену жағдайын қолдайтын кәсіби орта құруға негізі болып отыр.

Жетекші мектеп базасындағы семинар

Филиалдың 2015 жылға арналаған курстан кейінгі қолдау жұмыс жоспарына сәйкес филиал қызметкерлері 14-15 желтоқсанда Шу, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарына іссапарға шықты. Меркі ауданы №48 орта мектеп базасында "Сындарлы оқыту тәсілдері- бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру негізі" тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинарға аудандар мен Тараз қаласынан 60-қа жуық мұғалім қатысты. Семинар жұмысы көрмемен танысудан басталып,  пленарлық мәжіліс және секция жұмыстарымен жалғасты. Пленарлық мәжілісті аудандық білім бөлімінің маманы өзінің алғысөзімен ашып, мектеп директоры мектептер арасында құрылған "Зерде" кәсіби қоғамдастығы жұмысымен таныстырды. Одан әрі филиал директоры Кохаева Е.Н. "Жаңартылған білім мазмұнының тенденциялары" таныстырылымы бойынша сөз алды. Пленарлық мәжіліс жұмысы мектеп басшыларының курсынан өткен №6 орта мектеп директоры,№21 орта мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, деңгейлік курстан өткен №13 пен №20 орта мектеп мұғалімдерінің мазмұнды баяндамаларымен жалғасты. Пленарлық мәжілістен кейін секция жұмыстары жалғасын тапты. 1-секция "Сабақты зерттеу:Ашық сұрақтар-оқушы ойын жетілдірудің тиімді құралы", 2 - секция "Сындарлы оқыту сабақта - ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту кепілі", 3-секция "Коучинг пен тәлімгерлік - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді тәсілі" бағыттары бойынша жұмыс жасады. Филиал тренерлері "Cұрақ қою" мен "Топтық жұмысты тиімді ұымдастыру" тақырыбында коучинг өткізді. Семинар-практикум барысында №48 орта мектеп ұжымы Жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен бірлесіп жүргізген сабақты зерттеу, тәлімгерлік, іс-әрекеттегі зерттеу  нәтижелерін ұсынды, коучинг-сабақтарды көрсетті. Қатысушылар аталған үдерістерге қатысып, туындаған сұрақтар бойынша пікіралмасу орын алды.

Ынтымақтастық педагогика идеялары-жаңа білім беру негізі

        Қазіргі таңда еліміздің өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруді көздейтін білім беру саясаты ынтымақтастық идеяларына негізделеді. Ынтымақтастық педагогика идеялары-жаңа білім беру негізі. Мақсатқа жетуді көздейтін кез-келген педагогикалық әрекет ынтымақтастықта оқу және оқыту арқылы дамып, табысқа жететінін қазргі тәжірибе көрсетіп отыр.
Ынтымақтастық педагогика негізі адамға деген ізгіліктіктік көзқарас, оның мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сену, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін түсіну, тәрбие үрдісінде оларды есепке алу. Осы тұжырымдамаға сәйкес үш басты тұлғалық ұстанымдарды бөліп көрсетуге болады.
  1. Баланы бар болмысымен қабылдау. Мұнда баланы мұғалімнің қабылдамауы, оқушының өзіндік «Менін» бағаламауы орын алмайды.
  2. Баланы эмпатикалық түсіну. Мұғалім оқушының ішкі дүниесіне енуге, қоршаған ортаны оқушының көзімен қабылдап, оның ішкі дүниесімен сезінуге талпынады.
  3. Оқушылармен ашық, өзара сенімділік қарым – қатынас. Мұғалімнің  оқушыларға өзінің ішкі дүниесін ашуға деген  талпынысы.
   Ынтымақтастық педагогикасы «ынтымақтастықты» бірлескен әрекет деп түсініп, төмендегідей сипаттайды:
1) ортақ мақсаттың болуы;
2) әрекетті ұйымдастыру және басқару;
3) қызметті, әрекетті, жолдарын бөлу;
4) тұлғааралық қатынастың болуы.
  Өзара ынтымақтастықта бола алады:
-  мұғалім мен оқушылар, бірлескен әрекетті және мұғалімнің шұғыл кері байланысты орнату барысындағы өзара түсінушілікті көрсету арқылы әрекеттесуі;
- оқушылар мен оқушылар, тәрбие үрдісінде бір – біріне деген сенім артуы және серістесінің сенімділігіне сенуі;
- мұғалімдер мен мұғалімдер, бір – біріне өзара көмек көрсетуі арқылы педагогика саласындағы теориялық және әдістемелік жаңалықтармен тәжірибе алмасуы;
-  мұғалімдер мен ата – аналар, оқушыларға қатысты ақпараттармен дер кезінде алмасуы;
Ынтымақтастық  білігі мен дағдысын қалыптастыру бойынша жұмыс кезең кезеңмен жүзеге асырылады:
І кезең. Тәрбие үрдісіне қатысушалардың барлығының дағдыны меңгеру қажеттілігін шаралар, тренингтер ұйымдастыру арқылы ұғындыру.
ІІ кезең. Оқушылардың жай сөйлей білу білігінің мәнін түсінуі, бірлескен әрекетте бірін – бірі қолдауы, жауаптарын негіздеуі, ұсынушыларды емес, идеяларды сынауы. Аталған біліктер интеллектуалдық ойындар мен тренингтердің көмегімен  меңгеріліп, жеке бақылау парақтарында тіркеледі.
ІІІ кезең. Мұғалімнің коммуникативтік ситуацияларды, топтық тапсырмаларды (сараланған топтық жұмыстар, ақпараттармен алмасу, орындалған жұмыстар бойынша есеп беру, сарапшы топтың бағасы) жасау.
ІҮ кезең. Драматизация, пікірсайыс, жобалау т.б. құралдар арқылы біліктерді меңгеру мен жетілдіру барысында  мұғалімнің оқушыларды қолдауы.
Ынтымақтастық педагогикасы  80 жылдары білім беру саласында көптеген инновациялық үрдістерді өмірге алып келген мейлінше кең таралған педагогикалық жинақтаулардық бірі болып табылады. Технология атауы кеңес мектебінің  тамаша дәстүрлерін біріктірген (Н.К:Крупская, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко), орыс (К.Д.Ушинский, Н.П.Пирагов, Л.Н.Толстой) және шетелдік (Ж.Ж.Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн) психолого – педагогикалық ғылым мен тәжірибесін жинақтаған жаңашыл – педагогтардың бір тобымен берілді.
   Ынтымақтастық педагогикасының біртұтас технология ретінде нақты құрылымы, нормативтік – орындаушылық нұсқаулығы жоқ. Ол жүздеген мақалалар мен кітаптарда «шашыраңқы» берілген. Ынтымақтастық идеясы қазіргі заманғы технологиялардың барлығында орын алады.
Мақсаттық бағдары:
v  Талап қоюшылық педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына көшу.
v  Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан келу
v  Оқыту мен тәрбие бірлігі

Ынтымақтастық тұжырымдамасы
  Ынтымақтастық педагогикасы өзара түсініспеншілікті бекітетін үлкендер мен балалар  арасындағы бірлескен қызметі, бір – бірінің рухани әлеміне енуі, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін бірлесіп талдау әрекет идеясы ретінде түсіндіріледі.
       Қарым – қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық көпаспектілі: бірақ маңызды орын «мұғалым – оқушы» қатынасына беріледі. Дәстүрлі оқыту мен тәрбиеде мұғалім мен оқушының қарым - қатынасы  «субъект – объект» негізделген. Ал ынтымақтастық тұжырымдамасында бұл жағдай оқушы оқу мен тәрбие үрдісінің субъектісі болумен түсіндіріледі. Сондықтан да бір үрдістегі екі субъект бірлесіп әрекет ету керек, біреуіне біреуіне үстемдігі болмауы керек.
Мазмұны мен әдістеме ерекшелігі
Ынтымақтастық педагогикасы бағыттары:
v  Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан қарау.
v  Белседірушілік және дамытушылық дидактикалық кешен.
v  Тәрбие тұжырымдамасы
v  Қоршаған ортаны педагогикаландыру
Ізгіліктік-тұлғалық тұрғысынан
Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан қарау дегеніміз – мектептің білім беру үрдісі тұлға сапаларының барлығын біртұтас дамытуды басты мәселе деп қарастыруы. Даму деңгейі мектептің білім беру нәтижесімен, мұғалімнің, тәрбиешінің, басшылардың, тәрбие мекемесінің  жұмыс сапасының көрсеткіштерімен бағаланады. Оқу – тәрбие үрдісін ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан ұйымдастыру – тұлғаға бағдарлданған педагогикалық технологиялардың негізі болып табылады. Ол келесі идеяларды біріктіреді:
-    оқу – тәрбие үрдісін тұлғаға бағыттау;
-    педагогикалық қарым – қатынасты демократияландыру және ізгілендіру;
-    қазіргі жағдайда нәтиже бермейтін мәжбүрлеу әдісінен бас тарту;
-    даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесі;
-    «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру.
Тұлғаға жаңаша көзқараспен қарау ұстанымдары:
-    тұлға ерте шағында көрінеді, танылады, мектепте бала – толыққанды адами тұлға;
-    тұлға педагогикалық үрдіс субъектісі;
-    тұлға – мақсатқа жету құралы емес, ол – мақсат;
-    әр бала қабілетті, көпшілігі талантты;
-    тұлғаның басым сапалары болып этикалық құндылықтары саналады (мейірімділігі, сүйіспеншілігі, еңбексүйгіштігі, ар – ұяты, азаматтығы т.б.).
  Педагогикалық қарым – қатынасты ізгілендіру және демократизациялау. Оқу – тәрбие үрдісінің нәтижесін анықтайтын маңызды факторы тұлғааралық қарым – қатынас болып табылады.
  Балаға деген ізгіліктік қатынас:
-    балаға деген махаббат;
-    балаға сену;
-    ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі;
-    мәжбүрлеудің болмауы;
-    жағымды ынталандыру;
-    бала бойындағы кемшіліктерге төзімділік;
Қарым – қатынасты демократияландыру:
-     оқушы мен мұғалімді құқықтық жағынан теңестіру;
-    баланың таңдау еркіндігі;
-     қателік жасауға құқылы;
-    өзіндік көзқарасына құқы;
-    бала құқығы туралы Конвенцияны сақтау;
-  мұғалім мен оқушының қарым – қатынас стилі: тиім жасамау, керісінше бағыт беру; басқармау, өзін - өзі басқару; мәжбүрлемеу, сендіру; бұйырмау, керісінше ұйымдастыру; шектемеу, керісінше таңдау мүмкіндігін ұсыну.
  Мәжбүрлемей тәрбиелеу. Жаңа қарым – қатынастың негізі ізгіліктік орын алмайтын және нәтиже бермейтін мәжбүрлеуден бас тарту. Яғни:
-  мәжбүрлеусіз, сенім артуға негізделген талап қоюшылық;
-  баланың қызығушылығын тудыру;
-  мәжбүрлеуді ниеттілікпен алмастыру;
-  баланың өз бетінше әрекет етуіне  және өзін - өзі анықтауына жағдай жасау;
-  ұжым арқылы әсер ету арқылы жанама талаптар қою.
  Даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесі. Даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесінің мәні білім беру жүйесінде балаға пән арқылы емес, баладан пәнге келу, пәнді баланың мүмкіндіктеріне сүйене отырып меңгерту емес, оның мүмкіндіктерін есепке ала отырып дамыту, жетілдіру, байыту. Яғни:
-   теңесуге бағдарлаудан бас тарту:
-  тұлғаның жақсы жақтарын көре білу;
- тұлғаны психологиялық – педагогикалық диагностикалауды қолдану (қызығушылығы, қабілеттері, бағдары, Мен – тұжырымдамасы, мінез – құлық сапалары, ойлау қабілетінің ерекшеліктері);
-  оқу – тәрбие үрдісінде жеке тұлға ерекшеліктерін есепке алу;
-  жеке тұлғаның дамуын жобалау;
-  дамыту, түзетудің жеке бағдарламаларын құрастыру.
  Тұлғаның «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру. Мен – тұжырымдамасы – бұл жеке тұлғаның өзін тану   туралы ойлар жүйесі. Жағымды, Мен – тұжырымдамасы (Мен ұнаймын, Мен қабілеттімін, Менің өз орным бар) табысқа бағытталады. Жағымсыз, Мен – тұжырымдамасы (Мен ұнамаймын, Мен қабілетсізбін, Мен ешкімге керек емеспін) табысқа жетуге кедергі болады, тұлғаның жағымсыз жағына өзгеруіне себеп болады.
  Ал бала тәрбиесінде тұлғалық тұрғысынан келу  жағымды Мен – тұжырымдамасын қалыптастыруда маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ол үшін ең алдымен:
v  Әр оқушыда керемет тұлғаны көре білу, оған деген құрмет, ізгі қатынас («Барлық бала талантты»);
v  Тұлға дамуы үшін жағымды жағдай жасау, қолдау, мақұлдау, мектепті, оқуды қуанышпен қабылдауы.
v  Мәжбүрлеуді қолданбау, бала бойындағы кемшіліктерге  баса көңіл аудармау, кемшіліктерді айқындап, себебін анықтау, баланың ар – намысына  нұсқан келтірмей жоя білу.
v  Балаға өзін жағымды әректте көрсете білуіне мүмкіндік және көмек беру.
Тәрбие тұжырымдамасы
 Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамалық жағдайлары мектеп тәрбиесін дамытудың  маңызды тенденцияларын  бейнелейді:
v  Білім мектебін Тәрбие мектебіне айналдыру;
v  Оқушы тұлғасын мектептің тәрбие жүйесінің өзегі деп қарастырады;
v  Тәрбиені ізгілендіру, жалпыадамилық құндылықтарды қалыптастыру;
v  Баланың шығармашылық қабілетін, оның даралығын дамыту;
v  Ұлттық және мәдени құндылықтарын дамыту;
v  Жеке тұлғалық және ұжымдық тәрбиенің үйлесімдігі;
    Ынтымақтастық педагогикасының идеологиясы және технологиясы тек оқыту мен тәрбие жүйесінің негізі ғана емес, көп жағдайда білім берудің мазмұнын да айқындайды.