Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

Топтық жұмыстарда Microsoft Mouse Mishief бағдарламасын қолдану

Сіз сабақ барысында тобыңыздағы тыңдаушылардың назарын толықтай оқыту мен оқу үдерісіне аударғыңыз келе ме? Олардың тапсырмаларды белсенді қабылдап, жеке және жұптық, топтық жұмыстарда орындағанын қалайсыз ба? Аталған мәселерді шешуде Сіздің назарыңызға ұсынылып отырылған Microsoft Mouse Mischief бағдарламасы – сабақты интербелсенді түрде өткізуге, оқыту мен оқу үдерісінде аудиториядағы тыңдаушыларды толықтай қамтуда ықпал ететін құрал.
Microsoft Mouse Mischief  бағдарламасы – өзінің қолданудағы қарапайымдылығымен, тапсырма негізінде аудиторияны қамтудағы тиімділігімен   ұстаздар қауымына ұнап, тәжірибеде қолданылып отырылған бағдарламалардың бірі.  
Microsoft  Mouse Mischief бағдарламасы тренердің аудиторияда тыңдаушылармен жұмыс жүргізуінде  жаңа мүмкіндіктерге жол ашып береді. Microsoft  Mouse Mischief бағдарламасы Microsoft PowerPoint 2007, сонымен қатар Microsoft Office PowerPoint 2010 бағдарламаларына кіріктіріліп орнатылады. Бұл интербелсенді презентацияларды жасауға, аудиториядағы қатысушыларды белсенді қатыстыруға ықпал етеді.
Бұл бағдарлама арқылы бір мезгілде 25 тыңдаушымен жұмыс жасауға болады. Ортақ экрандағы тапсырмалардың сұрақтарына жауап беру үшін әр тыңдаушы өзінің жеке тышқандарын пайдаланады. Яғни, тапсырмаларға байланысты жауаптарды таңдап тышқан батырмасын басу немесе сурет салу арқылы жауап береді.
Әрине, бұл аудиториядағы тыңдаушылардың белгілі бір тақырып бойынша тыңдаушылардың білімін анықтауға көмектеседі. Бұл бағдарлама тегін таратылады. Mouse Mischief бағдарламасын Microsoft корпорациясының ресми сайтынан төмендегі сілтеме арқылы  жүктеп алуыңызға болады. https://www.microsoft.com/en-us/download/details.aspx?id=7037
Құрметті Әріптестер, бағдарламаны орнатып, қолданып көрген соң өз тәжірибелеріңізбен, ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар)