Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

ЭКОЛОГИЯ ИНФОРМАЦИОННОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЫ

Предлагаю вашему вниманию статью, в которой рассматривается феномен информационной образовательной среды с точки зрения экологических проблем ее формирования и развития. Сформулированы элементы и типологические признаки информационной образовательной среды. В структуре образовательного процесса определяется понятие экологичности информационной образовательной среды

КиберЛенинка: https://cyberleninka.ru/article/n/ekologiya-informatsionnoy-obrazovatelnoy-sredy

Электронды түрде терілген мәтінді "көркем жазу" туралы

Осы алғашқы жазбамда мен электронды мәтіндерді теру кезіндегі "көркем жазу" мәселесі туралы сөз қозғамақпын. Бұның кем дегенде үш себебі бар: біріншісі - мәтінді теру ережелерін сақтай отырып терілген мәтін көрікті болып көрініп, көздің жауын алады, екіншіден - "көркем жазылған" мәтінді оқығанда көз шаршамайды, ал үшінші себеп - таза "техникалық" деп айтуға да болады. "Техникалық" деп айтып отырған себебім - мәтін теру ережелерін (тіл ережелері емес!) сақтаған жағдайда мәтіндік редакторлардың сөз санау функциясы да дұрыс жұмыс істейді. Тыңдаушылрға мәтінді теру ережелері туралы айтқан кезде мен көбіне осы үшінші себепті келтіремін. Өйткені тыңдаушылар есептерін жазған кезде сөз санына қойылатын талаптар оларды толғандыратын мәселелердің бірі. Ал мәтінді дұрыс термеген жағдайда олар көбіне сөз санын жеткізе алмай, қиналып қалатыны көп кездесетін жағдай.
Сонымен, келесі "Мәтін теру ережелерін" орындаған жағдайда жоғарыда айтылған үш мәселе де оң шешімін табады.
Мәтін теру ережелері

1.Барлық сөздер тек бір бос орынмен ажыратылады.

2.Бос орын тыныс белгілерден кейін қойылады, тыныс белгінің алдында бос орын қойылмайды.

3.Ұзын тиренің алдынан да, артынан да бос орын қойылады, дефис бос орындармен ерекшеленбейді.

4.Тырнақша мен жақшаның ішінде жазылған сөйлем, символ немесе сөз сол тырнақшадан немесе жақшадан бос орынмен ажыратылмайды.

5.Абзацтың «Қызыл жолы» сызғыштағы маркерлердің көмегімен орнатылады, қосымша бос орындармен орнатылмайды.

6.Жаңа жолға көшу үшін «Enter» пернесін басудың қажеті жоқ, мәтін автоматты түрде жаңа жолға көшеді.

7.Абзацтың соңы «Enter» пернесін басумен белгіленеді.

8.Тақырыптың соңында нүкте қойылмайды. Егер тықырып бірнеше сөйлемнен тұрса, онда сөйлемдер нүктелермен аяқталады.

9.Даталар мен Фамилиялар мен аты-жөнінің бірінші әріптерін жазған кезде олардың арасына үзілмейтін бос орынды (Ctrl+Shift+Spacebar) қою ұсынылады


Келесі жазбамда осы ережелер сақталмай терілген мәтінді "көрікті" түрге келтірудің тез және тиімді жолы туралы жазатын боламын.

Төменде пікірлеріңізді және ұсыныстарыңызды жазу