Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

Жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледж мұғалімдеріне ұйымдастырылған бір күндік оқыту семинарының тиімділігі

     2016 жылдың қаңтар айының 11 жұлдызында Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалы тренері С.Р.Матаева М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының профессорлық оқытушылық құрамына  бір күндік оқыту семинарын өткізді. Семинар тақырыбы:  Білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы.  
Мақсаты: жоғарғы оқу орындарының оқытушыларын білім беру бағдарламасындағы өзгерістер мен білім беру стандартындағы ерекшеліктермен таныстыру, өзгеріс қажеттілігінің өзектілігін ашу, оқытудың заманауи интербелсенді әдістері мен оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесімен таныстыру.
Қарастырылған мәселелер:
-   Білім беру – мемлекет  дамуының басты факторы
-   Дәстүрлі және жаңаша оқытудың айырмашылығы неде?
-   21-ғасырда барлығына үлгеру үшін адам бойында қандай дағды болуы қажет?
-   Орта білім берудің мазмұнын жаңарту негіздері
-   ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының ерекшелігі
-   Спиральді білім беру бағдарламасы
-   Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі
Білім беру мазмұнын жаңартудағы деңгейлік бағдарламаның өзектілігі мен сындарлы оқыту теориясының басымдылығы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері.
Семинар барысында жоғарыда аталған мәлеселерге арналған таныстырылым көрсетілді. Таныстырылым барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызу талдау болды. ЖОО оқытушылары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Сұрақтар мазмұны «оқушылардың жас ерекшелігіне», «білім беру стандартының мазмұнына» қатысты қойылды.  Жалпы талдау барысында және кері байланыс мазмұнымен таныса отырып, оқытушылардың «Біз білім саласында жұмыс жасағанмен көптеген жаңалықтардан хабарсыз болғанымызды сезіндік», «Егер білім беру мазмұнында осындай жаңалықтар болып жатса, онда ЖОО білім беру стандартының мазмұнын да қайта қарау қажеттілігі туындайды» деген пікірлерді анықталды. Бұл деген сөз өзгерісті ЖОО мұғалімдеріне де қажет екені және бұл мұғалімдер ПШО тарапынан ұйымдастырылатын курстардың қажет екенін атап өтті. Біздің орталық тарапынан түрлі деңгейде ақылы курстар алдағы уақытта ұйымдастырылатынын ескертіп, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктер туатыны ескертілді. Жоғарыдағы аталған семинар арқылы ЖОО мұғалімдерінің қызығушылығын оянуына себеп бола алды. Біздің ұсыныс, ЖОО мен педагогикалық колледж мұғалімдеріне ақылы семинарларды ұсынудан алдын, бірнеше семинар-тренеигтер ұйымдастыру өз пайдасын тигізетіні сөзсіз.

"Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау"

Шымкент қаласындағы ПШО филиалының базасында 3 ақпан күні "Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау" тақырыбындағы оқыту семинарына қатысып келген әріптесіміз Матаева Сәуле Романовна өз білгенімен бөлісті. Бізге беймәлім бірнеше тың мәліметтермен бөлісіп, қызықты ақпараттар ұсынды. Семинарда негізінен бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер мазмұнының ерекшеліктері, қалыптастырушы бағалауды сабақта ұйымдастыру, жиынтық бағалау түрлері мен оны тіркеу, тесттік спецификация, модерация және оны өткізу тәртібі тақырыптары қарастырылды.

img_6890.jpg

img_6902.jpg
Фото:

УРОК ХАРИЗМЫ И ЛИДЕРСТВА

УРОК ХАРИЗМЫ И ЛИДЕРСТВА
1. Делайте так, чтобы ваши собеседники чувствовали себя самыми умными, обаятельными и интересными людьми

2. Ведите себя так, чтобы люди во время разговора чувствовали, что вы не думаете ни о чем другом:
- Понижайте интонацию к концу предложения.
- Кивайте.
- Делайте двухсекундную паузу, прежде чем ответить на реплику.

3. Думайте о приятном, чтобы искренне улыбаться
Мозг порой не замечает разницы между реальностью и фантазиями, поэтому когда вы думаете о чем-то приятном, вы реагируете на это позитивно, а ваша улыбка выглядит искренней. Люди "читают" по лицу всего за 17 миллисекунд, так что любое малейшее проявление негатива будет легко замечено. Неискреннюю улыбку люди чувствуют подсознательно.

4. Когда вы приветствуете кого-то, встаньте со стула, чтобы оказаться с ним примерно одного роста, а пожимая руку, выньте свою другую руку из кармана

5. Будьте отличным слушателем: делайте паузы и задавайте вопросы
Джон Кеннеди был превосходным слушателем. Его собеседники считали, что он "с ними" целиком и полностью. Обычно когда мы слушаем, мы ждем окончания реплики собеседника, чтобы заговорить самим. Чтобы показать, что вы внимательно слушаете, задавайте вопросы. Если на самом деле вам неинтересно, о чем вам рассказывают, скрыть это будет крайне непросто.

6. Тщательно выбирайте место за столом
Выбор места может сильно повлиять на исход переговоров. Когда люди сидят друг напротив друга, а стол как бы разделяет их, они чаще спорят, говорят отрывисто, используют короткие предложения. Если вы изначально хотите избежать конфронтации, садитесь рядом с собеседником или под прямым углом к нему.

7. Сохраняйте человечность
Чтобы стать лидером, не обязательно обладать физической силой. Нужно демонстрировать сильные стороны личности - интеллект, как Билл Гейтс, или доброту, как Далай-лама. Когда вы достигнете некоторого уровня власти, ваша харизма вырастет, но нельзя забывать о человечности - иначе вы рискуете прослыть диктатором.

8. Победите "синдром самозванца"
В 1978 ученые университета штата Джорджия выяснили, что от так называемого "синдрома самозванца" страдают примерно 70% людей. Он порождает неуверенность в себе - вы будто ждете, что вас разоблачат. Это крайне отрицательно влияет на харизму.

9. Заранее готовьтесь к большим событиям
Вы никогда не пробежите марафон без тренировки и не произнесете речь, предварительно не репетируя. Также вы не сможете почувствовать себя сильным и уверенным в себе по мановению волшебной палочки. Нужно проводить "подготовительную" работу.
Если бег вас расслабляет, найдите время, чтобы побегать. Или просто послушайте хорошую музыку перед важной встречей. Убедитесь, что в плейлисте есть песни, которые вам нравятся и придают уверенности.

ЖОО мұғалімдері мен колледж мұғалімдерімен өткізілген семинар-кеңес

<Педагогикалық шеберлік орталығы, Шымкент қаласындағы филиалы желтоқсан айының 25 жұлдызы күні «Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру курсы бағдарламасы» тренерлерді даярлау курстары аясында оқып жатқан тыңдаушылармен  тәжірибе кезеңіндегі қолдау көрсету мақсатында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар-кеңеске Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институттың, Түркістан гумманитарлық-техникалық колледжінің және Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гумманитарлық-техникалық колледжінің мұғалімдері қатысты. Бұл аты аталған оқу орындарының мұғалімдері қазіргі таңда тренерлерді даярлау курстарынан өтіп, тәжірибе кезеңін өткізіп жатыр. Біздің филиал тарапынан ұйымдастырылған бұл семинар-кеңесте "Уақытты тиімді басқару" тақырыбында коучинг өтілді (Егізбаев А.Ж.) және "Орта білім беру мазмұнын жаңарту" тақырыбында таныстырылым (Алиаскаров Д.А), сонымен қатар "Белсенді оқыту дегеніміз не?" тақырыбында шеберлік сынып өткізілді (Қалшабеков А.Б.). Семинар кеңестің соңында "Тәжірибе кезеңіне эвалюация" ретінде мұғалімдердің өз тәжірибе кезеңдеріндегі сұрақтарына толықтай жауап беріліп, ОМЖ мен ҚМЖ жоспарлары тексеріліп, кері байланыс берілді. Сонымен бірге, бұл семинар-кеңес  мұғалімдер ПШО-мен тығыз байланыс орнатып, алдағы уақытта да кәсіби байланыс орнатудың алғашқы бастамасы болуына себеп болды.

img_20151226_wa0003.jpg

img_20151226_wa0002.jpg

&quot;Жылдың үздік тренері-2015&quot; байқауы

Ертең 7 желтоқсан күні Республика бойынша жылдың үздік тренері байқауының ақтық кезеңі өтетіні баршамызға белгілі. Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін бірінші кезеңінде сырттай іріктеу кезеңі өттіп, іріктелген 7 тренер финалға өтті. Ертең осы әріптестерімізге сәттілік тілеп, үлкен жетістіктерге етулеріне тілектеспіз.

Жоғары оқу орындары мен колледж мұғалімдерін деңгейлік бағдарлама бойынша оқыту

Республиканың ЖОО мен колледж мұғалімдерін деңгейлік бағдарлама бойынша оқытып, тренер етіп дайындау бойынша оқыту басталып кетті. Бұл білім беру үдерісіне енгізілген тағы бір жағымды өзгеріс деп айтсақ болады. Тренер ретінде осы мұғалімдерді оқыту барысында үлкен жауапкершілікті саналы түрде сезіндім. ЖОО мен колледж мұғалімдері деңгейлік бағдарламаның идеясын нақты түсініп, қарқынды жұмыс жасауға кірісетіндерін айта кетіп, өзгеру керекпіз деген шешім шығарды деп айта аламыз. Өздерінің білім беру мекемелеріне барып, басқа да мұғалімдерге насихаттауды өздері жоспарлап кетті.

Мазмұнды әрі тартымды вебинар көруге шақырамын

Құрметті әріптестер, баршаңызға 16.10.2015 күні, сағат 17.00-де болатын "Жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою" (Постановка вопросов высокого порядка) тақырыбында вебинар болатынын хабарлаймын. Таңдап алынған тақырыптың өзектілігі жоғары болғандықтан, тамашалап, нақты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды ортаға салып талқылау жасауға шақырамын. Вебинарды Шымкент қаласындағы №64 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі. екінші деңгей бойынша сертификатталған Бибігүл әріптесіміз өтеді.  

Модераторлардың жұмысын жандандыру мәселесі

Құрметті әріптестер, курстан кейінгі қолдау аясында облысымыздың аудандарында болған сәттерімізде бірнеше жәйттардың куәсі болдық. Соның ішінде жетекші мектептердің жұмыстарындағы жетістіктері мен кемшіл тұстарына куә болдық. Менің көтергелі отырған мәселем, осы жетекші мектептердегі модераторлардың жұмысын қайткенде жандандырамыз? Біздің тарапымыздан қандай қолдаулар жүргізсек болады? Менің ойымша бұл мәселе барлығымызды алаңдатады деген ойдамын, ой бөлісейік. Нақты ұсыныстарыңызды күтемін.  

Білім мазмұнын жаңарту

ПШО Шымкент қаласындағы филиалы тарапынан ұйымдастырылған курстан кейінгі қолдау мақсатында соңғы 3 аптада облысымыздағы бірқатар аудандарда іс-сапарда болдық. Іс-сапар барысында біз екі бағытта жұмыс атқардық, біріншісі деңгейлік бағдарламаны оқып кеткен мұғалімдердің жұмыстарына қолдау көрсету, ал екіншісі орта білім беру жүйесінің жаңаруы туралы ақпараттандыру. Аудандарда болған сапарымызда жергілікті білім беру бөлімі қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының басшыларына білім мазмұнының жаңаруы туралы арнайы таныстырылым жасап, туындаған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап берілді. Мектеп басшылары еліміздің білім беру жүйесіне енгізіліп отырған өзгерістерге деген көзқарастары дұрыс екенін алға тартып, білім беру жүйесіне өзгеріс керектігін атап өтті.
img_20151001_wa0010.jpg

img_20151001_wa0006.jpg

img_20150928_wa0004.jpeg

Менің ұстанымым




Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз.

© Конфуций

Курстан кейінгі қолдау

Осы аптаның басында ПШО Шымкент қаласындағы филиал тренерлері "Орта білім беру мазмұнын жаңғырту" аясындағы бағдарламалармен облыстық білім беру мекемелері қызметкерлерін таныстыру және деңгейлік бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдердің курстан кейінгі жұмыстарына қолдау көрсету, зерделеу және жетекші мектептермен жұмыс жүргізу мақсатында Түркістан қаласында іс сапарда болды. Бұл сапарымыз сәтті болды деп баға беруге болады. Себебі, нақты мектептердегі болып жатқан өзгерістерді көріп, кейбір мәселелер бойынша қолдау көрсетіп отырдық. Сонымен қатар, барлық мектеп директорларымен және Түркістан қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып қызу талқылау болды. Білім беру ұйымдарының басшылары және білім бөлімінің қызметкерлері тарапынан  "Орта білім беру мазмұнын жаңғырту" бағдарламасы бойынша бірнеше сұрақтар беріп, қанағаттанарлық жауаптар алды.

20150916_163811.jpg20150915_122726.jpg20150914_130438.jpg

Сәтті шыққан тренинг

Әріптестер, топта тыңдаушылармен өткізген "Мен әріптесіме не үйрете аламын?" атты тренингтің тиімді болғанын көріп, сіздермен бөліскім келді. Бұл тренинг барысында әр тыңдаушы өзі жетік меңгерген 3 әдіс тәсіл мен 3 сергіту сәтін есіне түсіріп өз дәптерлеріне жазады, сосын топта еркін қозғалыс болып әр тыңдаушы кемінде 4 адаммен жолығып әдіс алмасы тапсырылады. 10-15 мин уақыттан соң әр тыңдаушы өзі барған әріптестерінен үйренген тәсілдерін әдістемелік қоржындарына салады. Мектептегі тәжірибе барысына кететін уақытта ұйымдастырған өте тиімді, тәжірибеде көзім жетті. Сіздерден де сәтті шыққан жаттығуларды күтемін.

Тиімді тәлімгерлік жұмысын ұйымдастыру

 Өткен аптада ПШО Шымкент қаласындағы филиалы ұжымының бастамасымен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас мамандарына қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлер бекітілді. Яғни, ПШО тренерлеріне бірнеше мұғалімдерден бекітіп, осы оқу жылына тәлімгерлік жүргізу тапсырылды. Мұғалімдердің барлық қажеттіліктері ескеріліп, тәлімгерлік жоспары түзілді. Алдағы уақытта нақты қолдау көрсетіліп, мұғалімдердің кәсіби өсуіне өз үлесімізді қосамыз деген ниеттеміз. Барша әріптестеріме сәттілік.

20150905_141556.jpg