Центр педагогического мастерства

Важная информация по входу на портал

Регистрация
Забыли свой пароль?

Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің білім беру мазмұнын жаңартудағы маңызы

2015 жылдың 28 тамыз күні педагогикалық шеберлік орталығының  Тараз қаласындағы филиалы облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинет және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  тренерлерінің қатысуымен облыс педагогтары үшін  «Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің білім беру мазмұнын жаңартудағы маңызы» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинар-практикум білім мазмұнын жаңартуға көшу кезеңінде Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің маңыздылығын көрсету, облыстағы шығармашылықпен жұмыс жүргізуші педагогтарды анықтау және Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу бойынша деңгейлік курстардан өткен педагогтар арасында тәжірибе алмасуды іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар-практикум филиал директоры Е.Кохаеваның  білім мазмұнын жаңартуға байланысты білім беру саласындағы өзгерістермен таныстырудан басталды.
Үш  секция жұмыс істеді. 1 секция  «Іс-әрекеттегі зерттеу – мектеп пен мұғалім проблемасын шешудің тиімді жолы» тақырыбында облыс бойынша қолдаушы мектеп директорларымен, 2 секция «Іс-әрекеттегі зерттеу – желілік қоғамдастық тәжірибесінде» тақырыбында көшбасшы мұғалімдермен, 3 секция «Іс-әрекеттегі зерттеу және әдістемелік қызмет» тақырыбында коуч-көшбасшы мұғалімдер мен аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинет әдіскерлерінің қатысуымен өтті.
Семинар-практикум барысында Іс-әрекеттік зерттеуді филиал тренерлері Г.Тортаева мектеп деңгейінде, Ш.Алтаева желілік қоғамдастық деңгейінде, Д.Бердибекова, А.Нарегеева Іс-әрекеттік зерттеуді жүргізуді мұғалімдердің біліктілігін көтеру бағытындағы әдістемелік қызметпен байланыстыруға қатысты шеберлік-сыныптарын өткізді. Сол сияқты Іс-әрекеттік зерттеуді жүргізу тәжірибесінен Байзақ ауданы Сарыкемер орта мектебінің директоры М. Наметкулов, Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік мектеп интернатының мұғалімі З. Алкереева, Меркі ауданы №9 Савва атындағы орта мектептің мұғалімдері Н. Алтаев, Сарысу ауданы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі К. Абилкасимова, Тараз қаласы №48 орта мектебінің мұғалімі А.Абашова, Жуалы ауданы Орджоникидзе мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Султашева шеберлік-сыныптарын көрсетті. Облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинеттің әдіскері А.Жапбасбаева білім бөлімдері қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағдарламасының мазмұнымен таныстырып, Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізуде коуч-көшбасшылар мен әдіскерлердің бірлескен жұмыс мазмұны туралы өз ойымен бөлісті.
Семинар-практикум жұмысының барысында қатысушылар Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізуге қатысты проблемалары мен өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын талқылады. Талқылау кезінде мұғалімдер оқу мен оқыту сапасын көтеруде Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің тиімділігін өз жұмыстарының нәтижелері арқылы көрсете алды, әрі қатысушылар осы мәселенің оқу жылының басында көтерілуінің маңыздылығын атап өтті.
Семинар-практикум өз жұмысын Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар қабылдаумен қорытындылады.
img_5105.jpg