Центр педагогического мастерства

Блоги

Қасым Абзал Бек

КӨҢІЛІМ БОСАДЫ... – Шеттен көшіп келген қандасыңызға бір үйіңізді тегін беріпсіз, ол қалай болды? ⠀ – Үй болғанда, еңселі дача-саяжай ғой. Оны мен Мұхтар Шахановтан сатып алғанмын. Сонда өзіміз бірнеше жыл отырып, осында көшіп келдік. Бос тұрды. Бір күні

КӨҢІЛІМ БОСАДЫ...

– Шеттен көшіп келген қандасыңызға бір үйіңізді тегін беріпсіз, ол қалай болды?

– Үй болғанда, еңселі дача-саяжай ғой. Оны мен Мұхтар Шахановтан сатып алғанмын. Сонда өзіміз бірнеше жыл отырып, осында көшіп келдік. Бос тұрды. Бір күні біздің үйге екі әйел келді де, «үйіңізді әрең таптық, сіздің дачаңыздың қасында пәтер жалдап тұрамыз. Монғолиядан көшіп келгенбіз, жеті баламыз бар, қолымызда үлкен-кісілер бар, сіздің үйді сатып алсақ деп едік», – деп мені сол жаққа бастап барды. Әлгі екі әйелдің бірінің күйеуі Сарыөзекте жол құрылысында жұмыс істейді екен. «Күйеуің айына қанша жалақы алады?», – деп сұрап едім, «500 доллар», – деді. «Мына үйімді қаншаға аламақсыңдар?», – дегенімде, «айына 500 доллардан беріп тұрайық, бізге беріңіз» деп жауап қатты. Балалары қуанып, біз осы үйді алатын болдық, қандай бақыттымыз!», – десіп үйді айналып, бірін-бірі қуалап жүгіре жөнелгені. Әлгі сәтті көріп, жетім өскен менің көзімнен жас төгіліп кетті. «Япыр-ай, егер ана балалардың бақыты осы үй болса, онда неге тегін бере салмаймын» деп ойлап, «ендеше мына баламның қолына 500 доллар салыңыз, ырымы болсын, осы 7 балаға қосқаным болсын, осылар аман болса, бір жөні болар, сосын үйді тегін алыңыздар»,– дедім. Олар сенбей тұрып қалды. Кейін бір айдан кейін әлгі бауырларым тағы 500 долларын алып үйге келіпті. Ол кез тамыздың аяғы еді. «Биыл балаларың мектепке барады екен, бұл ақшаға осыларға киім алып беріңдер», – деп қайтардым. Осы күнге дейін жеті баланың үйді айнала жүгіргені көз алдымда. Оларды қуантқан сәтімді ойласам, өзіме іштей разы боламын. Содан кейін екі отбасы жақын араласып кеттік.

Дулат Исабеков
Қазақ әдебиеті газетіне берген сұхбатынан

"Массагет" порталынан.

Дулат ағамыз ұзақ жасасын! Өте қатты құрметтейтін тұлғам.
Қасым Абзал Бек

""Крутые техники рисования: (https://www.facebook.com/delai.club/videos/642603356183166/)" " БЕРИ И ДЕЛАЙ (https://www.facebook.com/delai.club/?__tn__=kC-R&eid=ARBGTwWwnmcmE4sPqXq02fqLF0P2cmayA1w2C6pw6QIU1d-qMWPufkscdZKZFB-ogt0zaCw-jc9esukc&hc_ref=ARR_vyo

Крутые техники рисования:

БЕРИ И ДЕЛАЙ
Қасым Абзал Бек

!!! Мұғалімдер үшін пайдалы ақпарат !!! http://smk.edu.kz (http://smk.edu.kz/?fbclid=IwAR1CD0aV7cUtoS1lC16_vxNErU0B_KmqWA1lxtffvM89NO9fI0wwIBcVUM0) жүйелі-әдістемелік кешеніне мұғалімдердің құрастыруымен барлық пәндер бойынша 1-9-сыныптарға арналған 600 Б

!!! Мұғалімдер үшін пайдалы ақпарат !!!
http://smk.edu.kz жүйелі-әдістемелік кешеніне мұғалімдердің құрастыруымен барлық пәндер бойынша 1-9-сыныптарға арналған 600 БЖБ және ТЖБ-ның үлгілік тапсырмалары жүктелген.

Жүйелі-әдістемелік кешендегі "Педагогтардың әзірлемелері" бөлімін ашып, БЖБ мен ТЖБ-ны өткізуде қолдану үшін тапсырмаларды жүктеп алуға болады.

Жүйелі-әдістемелік кешеннің бұл тапсырмалар базасы үнемі толықтырылуда!!!! Мұғалімдер үшін пайдалы ақпарат !!! http://smk.edu.kz жүйелі-әдістемелік кешеніне мұғалімдердің құрастыруымен барлық пәндер бойынша 1-9-сыныптарға арналған 600 БЖБ және ТЖБ-ның үлгілік тапсырмалары жүктелген.  Жүйелі-әдістемелік кешендегі "Педагогтардың әзірлемелері" бөлімін ашып, БЖБ мен ТЖБ-ны өткізуде қолдану үшін тапсырмаларды жүктеп алуға болады.  Жүйелі-әдістемелік кешеннің бұл тапсырмалар базасы үнемі толықтырылуда!

Қасым Абзал Бек

Жиынтық бағалау туралы (https://www.facebook.com/NISCPM/videos/539673853548413/UzpfSTEwMDAwMjI4MDc4NTA0ODoyNjI5NDM1NjkzODA5MDk4/?id=100002280785048)

Жиынтық бағалау туралы
Қасым Абзал Бек

Қалыптастырушы бағалау туралы (https://www.facebook.com/NISCPM/videos/508281659902002/UzpfSTEwMDAwMjI4MDc4NTA0ODoyNjI5NDM2NjgzODA4OTk5/?id=100002280785048)

Қалыптастырушы бағалау туралы
Қасым Абзал Бек

Қалыптастырушы бағалау туралы (https://www.youtube.com/watch?v=1NAtmrm_9I8)

Қалыптастырушы бағалау туралы
Қасым Абзал Бек

Кімнің ақылы байлығына сай

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
– Мен қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Қарашаңыраққа біреуіңді қалдырамын. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Жиған байлықтарыңды көрсетіңдер, - деді. Балалары әкесіне байлықтарын әкеліп мақтанды.
Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігін көрсетіп:
– Міне, менің байлығым. Жарты патшалыққа татиды. Кім бай болса, сол ақылды, - деді.
Екінші ұлы сәнді киімдерін киіп, әдеміленіп келді де:
– Мені көрген жұрт киімімнің алдында бас иеді. Мұндай киімді патша кимеген. Бәсі – бір патшалық, - деді.
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынып:
– Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес. Құны екі патшалыққа жүк, - деді.
Әкесі үлкен ұлдарына қарап, басын шайқады да, кенже ұлына:
– Әй, сен неге үндемейсің? Мақтанарлық байлығың қане? - деді. Кенжесі:
– Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар. Қайрат-жігерге толы жүрегім бар. Бар байлығым осы, - деді.
Шал кенже ұлына риза болды.
– Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп батасын беріп, мұрагер етті.
Кейін жұт болып, байдың бар малы қырылып, балалары қолдарына таяқ ұстап қалыпты. Сол кезде өнер жиған кіші баласы ғана бақуатты өмір сүріп, ел-жұртына көп пайдасын тигізіпті.

Қасым Абзал Бек

Шүкіршілік етуді ұмытпайық!

Шүкіршілік етуді ұмытпайық!

Бір ақылман кісіден:
–Дүниеде қандай тағам ең дәмді, әрі сүйкімді деп ойлайсыз?–деп сұрапты.
Әлгі кісі сонда:
–Дүниеде ең дәмді тағам-аштықта жеген тағам. Оның дәмі ешқашан ауыздан кетпейді, - деп жауап беріптi.

Қасым Абзал Бек

Бір қарап қойыңыз..."

"Ертеде бір патшаның үш уәзірі болған екен. Бір күні патша үшеуін шақырып алып қолдарына бір-бір қаптан ұстатады да, бау-бақшаға барып піскен жеміс-жидектерден толтырып алып келулерін бұйырады. Оларға бұл істі ешкімнің көмегіне сүйенбей өздері атқаруларына әмір етеді. Тосын бұйрыққа таңырқаған уәзірлер патшаның мақсатын түсіне алмаған күйі қаптарын қолтықтап бақшаға қарай беттейді.
Бірінші уәзір патшаны разы қылмаққа бекініп жемістің піскені мен ең жақсысын теріпті. Әрқайсысын мұқият қарап, құрт түспеген жемісті ғана жинауды мақсат тұтыпты. Адалдық танытып, қулықтан бойын аулақ ұстапты.
Екінші уәзір «патша жеміс-жидекті өзі үшін тергізіп жатқан жоқ қой, сол үшін оны тексеріп әуреленіп жатпайды» деп өзінше топшылапты. Қолына ілінгенді қапқа тоғытумен болып, жақсы-жаманын айыруға немқұрайлылық танытыпты.
Үшінші уәзір «патша соны жейді деймісің?» деп қабына шөп-шалам мен құр жапырақты толтырып алып келіпті.
Келесі күні патша үш уәзірді де қолдарындағы қаптарымен бірге үш айға бөлек-бөлек түрмеге қамауға бұйрық шығарады. Оларға сырттан су, тамақ кіргізуге тыйым салады.
Алғашқы уәзір өзінің терген жемісінің қызығын өзі көріп, үш айды алаңсыз өткізеді.
Екінші уәзір қабын ақтарып, жеуге жарамдысын әзер тауып қатты қиналады.
Үшінші уәзір бір айға жетпей аштан қатқан екен.
Бұл мысалдан түйер ғибратымыз сол, үш уәзір зынданға түскен кезде өзі терген қабындағы жемісімен күнелткені сияқты біз де ертең Алланың алдына барғанда, әрі бұл өмірде де өз қабымызда не бар, соған сай ілтипатқа ие боламыз.
Иә, біздің не істеп, не қойып жүргенімізді бастығымыз, ата-анамыз, туыс-туғанымыз бен досымыз, әріптесіміз көрмеуі мүмкін. Алайда, Алладан жасырын ештеңе жоқ. Жоғарыдағы мысалда келтірілгендей, біз қазір «дүние» дейтін алып бақтың ішінде жүрміз. Жақсы амалдар мен жаман әдеттерді таңдап, ой елегінен өткізіп, ішіндегі ең жақсысын теріп алуға толық мүмкіндік берілген.
Кешігіп келген өкініш еш пайда бермейді. Сондықтан қабыңыздың ішіне не толтырып жүрсіз? Бір қарап қойыңыз..."
Қасым Абзал Бек

Екі дос. «Бүгін менің досым...»

Екі дос сахарада сапар шегіп келе жатып әлденеге келісе алмай, сөз тартысып қалады. Бірі ашуланып екіншісінің бетінен салып қалады. Таяқ жеген досы ауырсынғанына қарамастан жақ ашпайды. Сосын қолына таяқ алып құм бетіне: «Бүгін менің жан досым бетімнен ұрды» - деп жазады. Содан соң сапарларын ары қарай жалғастырады. Көп ұзамай алдарынан үлкен көл кездеседі. Екеуі суға түсіп, салқындап алуға бекінеді. Суға түскені сол-ақ екен соққы жеген жігіт аяғына балдыр оратылып, тұншыға бастайды. Серігі жалма-жан көмекке ұмтылып, әрең дегенде оны құтқарып қалады. Бір ажалдан аман қалған жігіт өз-өзіне келгесін орнынан тұрып, тасқа ойып (қашап) мынадай сөздер жазады: «Бүгін менің жан досым өмірімді аман алып қалды». Жолдасының ісіне аздап таңырқаған досы: «Алғашында құмға жазып едің, ендігі істі тасқа жазып жатырсың. Мұны қалай түсіндік?» - деп сұрайды. Сонда оған: «Бізге біреу зиян тигізсе істеген ісін құмға жазуымыз керек. Кешірім желі суырып, оны өшіріп жіберуге жеңіл болады. Ал біреу бізге жақсылық жасаса оны тасқа жазғанымыз ләзім. Қандай дауыл, борандар болса да, оны ешқашан өшіре алмайды» - деген екен ақылды дос.



Қасым Абзал Бек

«Мен!» деген философ данагөй ақсақалға келіпті

«Мен!» деген философ данагөй ақсақалға келіпті. Оның ойы ақсақалды сөзбен жеңіп, ел алдындағы даңқын аспандату еді. Данагөй қария бірінші болып тіл қатыпты:
— Амансың ба, — деді ақсақал, – Сұрағыма жауап берші.
— Түтінді құбыр ішіне түскен екі адамның бірінің беті күйе де, ал екіншісінің беті тап-таза. Қайсысы жуынуға барады?
Жас философтың екі көзі шарасынан шыға жаздады.
— Бұл мені жеңіп кетудің бір амалы ма?
Ақсақал үндемеді.
— Әрине, кімнің беті күйе болса, сол жуынуға барады да!
— Дұрыс емес. Ақылмен ойлап көр: беті күйе адам екіншісіне қарайды да, өз бетін де таза деп ойлайды. Ал беті таза адам серігінің беті лас болған соң, өзінің де бетін таза емес деп шешіп, жуынады.
— Мен мұны ойламадым. Қызық екен – мен логикалық қате жібердім! Тағы бір сынақтан өткізіңіз!
— Жарайды. Түтінді құбыр ішіне түскен екі адамның бірінің беті күйе де, ал екіншісінің беті құлан таза. Қайсысы жуынуға барады?
— Енді… Екеуі де жуынуға барады.
— Дұрыс емес. Екеуі де жуынуға бармайды. Ақылмен ойлап көр: беті күйе болған адам беті таза адамға қарайды да, өзінің де беті таза деп ойлап жуынуға бармаса, ал беті таза адам беті кір адамның жуынуға бармайтынын білген соң, ол да жуынбайды.
Жас философ састы да қалды.
— Сеніңізші, мен дұрыс жауабын табамын! Тағы да бір рет сұрақ қойыңызшы!
— Жарайды. Түтінді құбыр ішіне түскен екі адам…
— Ой, құдай-ай! Олардың ешқайсысы да бармайды!
— Дұрыс емес. Айтшы, екі адам да түтін құбырға түскен соң, қалайша біреуінің ғана беті күйе болады? Қалайша түсінбейсің? Бұл ойсыз сұрақ. Егер сен өміріңді осындай ойсыз сұрақтарға арнайтын болсаң, жауаптарың да ойсыз болмақ. Сондықтан да сұраққа жауапты бермес бұрын, әуелде сұрақтың мағынасына үңілгенің жөн. Өміріңді даңқыңды асырумен емес, ақылмен басқаруды ойлағайсың!