Центр педагогического мастерства

Блоги

Ауесбаева Майра

"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ІІІ дәрежелі Диплом Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне арналған Респбликалық "ПедСтарт" қашықтық олимпиадасының жүлдегері және әріптесім сертификатқа ие болды

"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ІІІ дәрежелі Диплом Қазақстан тарихы пәні  мұғалімдеріне арналған Респбликалық  "ПедСтарт" қашықтық олимпиадасының жүлдегері және әріптесім сертификатқа ие болды





Фото:
Ауесбаева Майра

БІЗДІҢ МЕКТЕП "ҮЗДІК ҰЖЫМ" НОМИНАЦИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ. Республикалық II "Үздік педагог" олимпиадасының "Үздік Ұжым" номинациясының иегерлері 04.11.2019, 12:37. Республикалық II "Үздік педагог" олимпиадасының "Үзді

БІЗДІҢ МЕКТЕП "ҮЗДІК ҰЖЫМ" НОМИНАЦИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ. Республикалық II "Үздік педагог" олимпиадасының "Үздік Ұжым" номинациясының иегерлері 04.11.2019, 12:37. Республикалық II "Үздік педагог" олимпиадасының "Үздік Ұжым" номинациясының иегерлері төменгі кестеде көрсетілген.  

ОБЛЫСЫ, ҚАЛАСЫ, МЕКТЕП АТАУЫ, ПОЧТА ИНДЕКСІ,

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

1

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

М.Ә.Сужиков атындағы № 6 орта мектеп

Координтор: Байназарова Нурсулу Мансуровна

2

Алматы облысы,Панфилов ауданы

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ш.Уәлиханов көшесі №142, 000413; 872831-5-23-08

Координатор;Ауесбаева Майра Абдракимовна  8707844827

3

Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп

Балпық би ауылы, Панфилова көшесі №1 а

Индекс-041200

Байланыс телефон- 87012568631, 8/72838/4-15-31

Координатор аты-жөні-   Коспанова Айнур Дуйсенбековна

Тел: +77012568631

4

«АйСаф жеке қыздар мектебі», Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, Алтынсарин көшесі, 300.  Байланыс нөмірі: 87079202424

Координатор; Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызы

5

Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Аққыстау орта мектебі, Әбілхайыров көшесі, №1 Пошталық мекенжай: 060300

Сариева Аккенже Лесовна +77026764082

6

Байзақ ауданы әкімдігі №2 орта мектебі КММ

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Дихан ауылы Әлі-Күзембай көшесі

Индексі: 080106

Байланыс номері: +77263733183; +77766119378

Ерханова Гулнар Кездікбайқызы

7

Түркістан облысы, Төлеби ауданы

Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі

Мекен-жайы: Бірінші  мамыр ауылы, Д.Умбеталиев көшесі 10 үй

Индекс: 161111

Координтор; Қыдырбаева Ғалия Кісетайқызы

8

Тараз қаласы А.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебі

Желтовского 1 «А» , 56-30-73

Координатор: Аманкелдиева Индира Керимкуловна

9

Батыс Қазақстан облысы; Жаңақала ауданы

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі

090400     тел: +77752760747     +77114122060

Координатор; Гулмира Тулепова

10

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жамбыл ауылы, Елизаров көшесі №20    Жамбыл Жабаев атындағы № 26 орта мектеп

индекс 080411 телефон 8(7626)28574

Координатор; Айткулова Гулнар Чимкентовна  +77754336641

11

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі,

Жүсіп Шәу көшісі №1, индекс

Байланыс телефоны 87263125329

Координатор; Касенова Аида Аргынгазиевна

12

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Сам орта мектебі» КММ,

Асау батыр көшесі 100 Б ғимарат

Индекс:130100, 8(72932)50-191  Екі координатор:

Жолдасбаева Венера

Бермухамбетова Бибигул

87026911171; 87715702716

13

Атырау қаласы

Жалпы білім беретін №28орта мектебі

Координатор Ислямгалиева Дарико Сигуатовна

14

№19 орта мектебі,  Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, Жақсықылыш №70

Индекс: 120108

Байланыс нөмері: +77759695901

15

№38 мектеп-гимназия

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы,

Титов көшесі 16д, 8 (72752)2-02-58

Координатор; Сарсебаева Карлыгаш Николаевна,

+77029913621

16

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Боровской облыстық санаторлық мектеп - интернаты» КММ

Мекен - жайы: Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Первомай селосы, Абай көшесі 1.

Индекс: 111300

Тел: 8 (71443) 2 -15 -53;

Координатор;  Бегайдарова Гульжиан Серикбаевна,

+77082584032;

17

Қостанай облысы,Қостанай ауданы

Наушабаев ат. Затобольск ОМ

Координатор; Касымова Іңкәр

Моб. телефон: 87072659497

18

Түркістан индустриалды педагогикалық колледжі.

Қызылорда тас жолы №14

+77253340794; +77711420888

Миргалиева Сабохат Самирбаевна +77711420888

19

Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп

Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы Т.Мұсабаев№6-2

Индекс: 161400

Байланыс номері: +7 702 986 06 86

Тунгушбаев Ахан Алтынбекович

+7702 986 06 86

20

«Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 23 орта мектебі» КММ

08000, тараз қаласы, Сухамбай көшесі №20, 87262425606, shool23@mail.ru

Жанабаева Санигуль Каниевна +7707547196

21

Алматы облысы,Текелі қаласы

Мектеп: №5 ОМ

Координатор; Иманбердиева Эльмира

Моб. телефон: 87051873454

22

Ақтөбе облысы, Мартөк ауданы

Мектеп: Хлебодаровка ОМ

Моб. телефон: 87751800213

Координатор; Бегжанова Жаныл Жубановна

23

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы

Мектеп: №276 мектеп

Координатор; Орымбас Бағдат

24

Жамбыл облысы,Қордай ауданы

Мектеп: №31 Сарыбұлақ орта мектебі

Координатор; Карибаева Нұржамал

25

«Қаратөбе мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, С.Датұлы 18/а

Индексі: 090800

Байланыс нөмері: 87114531144

Координатор; Сулейменова Ләззат Батырбекқызы

26

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылы
С.Меңдешев ат. ЖОББ
Индекс; 090409
Координатор; Сабыргалиева Жангул Амангелдиевна
Моб. телефон: +77774187900

ОБЛЫС

Ауесбаева Майра

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері, "Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасына ұстаздарды белсе

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері, "Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасына ұстаздарды белсенді түрде қатыстыруды ұйымдастырғаны үшін алғыс хатпен марапатталдым.
Ауесбаева Майра

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері, "Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған ІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасында жоғары нәтиже көр

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері, "Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған ІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапаттталдым.
Фото:
Ауесбаева Майра

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері, "Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған ІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасында жоғары нәтиже көр

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері, "Білім бұлағы" аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған ІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапаттталдым.
Ауесбаева Майра

ӘРІПТЕСТЕР! ҚУАНЫШЫММЕН БӨЛІСКЕЛІ ОТЫРМЫН, КӨП ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІМНІҢ ЖЕМІСІ МИНИСТРДЕН АЛҒЫС АЛДЫМ

ӘРІПТЕСТЕР! ҚУАНЫШЫММЕН БӨЛІСКЕЛІ ОТЫРМЫН, КӨП ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕГІМНІҢ ЖЕМІСІ МИНИСТРДЕН АЛҒЫС АЛДЫМ
Фото:
Ауесбаева Майра

АТТЕСТАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ

АТТЕСТАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ
Ауесбаева Майра

ҚҰРМЕТТІ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР!!! СІЗДЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!! СІЗДЕРГЕ ДЕНДЕРІҢІЗГЕ САУЛЫҚ, ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗ АМАНДЫҚ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР, ТІЛЕЙМІН!!! ШӘКІРТТЕРІҢІЗДІҢ ҚҰРМЕТІ МЕН МАХАБАБЫНА БӨЛЕНЕ БЕРІҢІЗДЕР!!! МЕРЕЙЛЕРІҢІЗ ҮСТЕМ БОЛСЫН!!!

ҚҰРМЕТТІ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР!!!

СІЗДЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!! СІЗДЕРГЕ ДЕНДЕРІҢІЗГЕ САУЛЫҚ, ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗ АМАНДЫҚ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР,  ТІЛЕЙМІН!!! ШӘКІРТТЕРІҢІЗДІҢ ҚҰРМЕТІ МЕН МАХАБАБЫНА БӨЛЕНЕ БЕРІҢІЗДЕР!!! МЕРЕЙЛЕРІҢІЗ ҮСТЕМ БОЛСЫН!!!  
Ауесбаева Майра

"ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2019" І ОРЫН ДИПЛОМ

"ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2019" І ОРЫН ДИПЛОМ
Фото:
Ауесбаева Майра

ӘРІПТЕСІМНІҢ ЖҰМЫСЫ

ӘРІПТЕСІМНІҢ ЖҰМЫСЫ
Файлы:
тжб 2018.docx (31.09 КБ)
Ауесбаева Майра

«ТАРИХИ ЖӘНЕ САЯСИ ТЕРМИНДЕР ТҮСІНДІРМЕСІ» Адат - мұсылман халықтарының жазылмай қолданылатын заңдары, әдет-ғұрпы мен дәстүрі. Азамат- заңда белгiленген кәмелеттiк жасқа жеткен, барлық құқық пен бостандықтарды пайдалана алатын, қоғам, мемлекет алдындағы м

«ТАРИХИ ЖӘНЕ САЯСИ ТЕРМИНДЕР ТҮСІНДІРМЕСІ»

Адат - мұсылман халықтарының жазылмай қолданылатын заңдары, әдет-ғұрпы мен дәстүрі.

Азамат- заңда белгiленген кәмелеттiк жасқа жеткен, барлық құқық пен бостандықтарды пайдалана алатын, қоғам, мемлекет алдындағы мiндеттердi өтейтiн адам.

Азаматтық- адамның белгiлi бер мемлекетпен құқықтық- саяси байланысы.                                   ҚР территориясындағы әрбiр азамат ҚР-сының азаматы болып табылады.

Азаматтық қоғам- жеке тұлғаның емiн- еркiн дамуын қамтамасыз ететiн қоғамның күйi.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздерi тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсiби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар т.б.) азаматтардың өндiрiстiк және  жеке өмiрi, әдеп-ғұрыптары, салттары кiредi. Бұл қоғамда мемлекеттiң жеке адам өмiрiне араласуына шек қойылады.

Азамат соғысы - бiр ел iшiндегi таптар  және әлеуметтiк топтар арасындағы мемлекеттiк билiк үшiн қарулы көтерiлiстiң шиеленiскен түрi.

           

Азамат соғысына: халықтың қанаушы топтарға қарсы күресi, құлдар көтерiлiсi, партизан соғысы жатады.


Ауесбаева Майра

«ТАРИХИ ЖӘНЕ САЯСИ ТЕРМИНДЕР ТҮСІНДІРМЕСІ» Агора- ертедегi грек қалаларындағы халық жиналысы өтетiн, сауда жасайтын алаң. Аграрлық- жерге байланысты, жердi пайдалануға, өнеркәсiптен егiншiлiктiң басым болуына, елде ауыл-шаруашылығының негiзгi орын алуына

«ТАРИХИ ЖӘНЕ САЯСИ ТЕРМИНДЕР ТҮСІНДІРМЕСІ»

Агора- ертедегi грек қалаларындағы халық жиналысы өтетiн, сауда жасайтын алаң.

Аграрлық- жерге байланысты, жердi пайдалануға, өнеркәсiптен егiншiлiктiң басым болуына, елде ауыл-шаруашылығының негiзгi орын алуына байланысты айтылатын ұғым.

Агрессия  - бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа елдердің жерін басып алу және халқын құл ету мақсатымен бір мемлекеттің екінші мемлекетті экономика немесе саясат жөнінен бағынышты ету мақсатымен шабуылы.

Адам- жер бетiндегi тiрi организмдердiң негiзгi субъектiсi мен объектiсi. Олар 4 мыңнан аса тiлде сөйлейдi.

Адам құқықтары- белгiлi бiр игiлiк алуды, өмiр сүрудi қамтамасыз ететiн адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердiң өзара қатынастары, кепiлдiктерi. Олар, негiзiнен 1948 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған “Адам құқығының жалпыға бiрдей Декларациясында көрсетiлген.

Ауесбаева Майра

Қайырлы таң әріптестер! Тәжірибе алмасайық! Сіздерге мен өзім құрастырған 8-сыныптың Қазақстан тарихы пәнінен 1-тоқсанға БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын жіберіп отырмын. Керектеріңізге жарап қалар.

Қайырлы таң әріптестер! Тәжірибе алмасайық! Сіздерге мен өзім құрастырған 8-сыныптың Қазақстан тарихы пәнінен 1-тоқсанға  БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын жіберіп отырмын. Керектеріңізге жарап қалар.
Ауесбаева Майра

КӘСІБИ ДАМУ ЖОСПАРЫМ

КӘСІБИ ДАМУ ЖОСПАРЫМ
Ауесбаева Майра

АҚҚ тест сұрақтары

АҚҚ тест сұрақтары
Файлы:
Ауесбаева Майра

САБАҚҚА ҚАТЫСУ

САБАҚҚА ҚАТЫСУ
Файлы:
Ауесбаева Майра

САРМАТТАР ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ

САРМАТТАР ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ
Файлы:
Ауесбаева Майра

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер орын алады? (http://qaztest.kz/post/view?id=219) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның қатысуымен өткен биылғы "Тамыз" конференциясында білім саласындағы бірқатар өзгерістер талқыланды. Qaztest.kz олимп

Жаңа оқу жылында қандай өзгерістер орын алады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның қатысуымен өткен биылғы "Тамыз" конференциясында білім саласындағы бірқатар өзгерістер талқыланды. Qaztest.kz олимпиада ұйымдастыру орталығы сол өзгерістерді назарларыңызға ұсынады.

Мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі

Президент ұстаздар қауымы бас қосатын дәстүрге айналған Тамыз конференциясында сөз сөйлеп,  мұғалімдердің жалақысын алдағы төртжылдықта екі есеге арттыруды тапсырды.  "Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын", - деп тапсырды Президент. Айта кетейік, ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысты.  Үштілді жүйеге көшу қалай жүзеге асады? Жиында Президент ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс екенін атап өтті.  "Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын", - деп мәлімдеді Президент. Сонымен қатар, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарап жүргізу қажеттігін атап өткен.

Ахмет Байтұрсынұлының әліппе үлгісі оралады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында Қазақстан мектептеріне "Әліппе" қайтарылатынын мәлімдеді.  "Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсынұлының әдістемесі негізінде енгізілетін болады", - деді министр. Министр осы бағыт бойынша нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме - Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.  "Сондықтан ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз", - деді министр Асхат Аймағамбетов.

ҰБТ электронды форматқа көшеді

Алдағы жылдары мектеп түлектері Ұлттық біріңғай тестілеуді электронды форматта тапсыруы мүмкін. Білім министрлігі ҰБТ өткізу форматын өзгертуді жоспарлап отыр.  © Тұрар Қазанғапов "Оқушылардың түрлі әдіспен жүйені "алдап соққысы" келетіні жасырын емес. Телефон алып кіреді, балды өз білімімен емес, көмекші құралдардың көмегімен жинау туралы көбірек ойлайды. Сондықтан біз ҰБТ тапсыру жүйесін біртіндеп электронды форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз. Осындай жоспарымыз бар", - деді министр тамыз конференциясында.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылдарына 66 556 грант бөлінген. Оның ішінде бакалавриатқа - 51 085, магистратураға - 13 159 және PhD докторантураға 2312 мемлекеттік грант бөлінген.

Студенттер басқа ЖОО-ға ауысқанда грантын сақтап қала алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттер басқа қалаға көшкен кезде гранттарын сақтап қалуды ұсынды.  "Студенттерге бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауысу мүмкіндігін бергіміз келеді. Бүгінде жағдай қалай, студент, мысалы, Павлодар университетіне грант жеңіп алады. Кейін сол грантымен Еуразия ұлттық университетіне не басқа университетке ауыса алмайды", - деді министр.  Студенттер басқа аймаққа көшкенде де грантын алып кете алады. Сонымен қатар, министр бұл мәселе тұрғысында министрлік сарапшылармен ақылдасатынын атап өтті.

"Егер студент бір оқу орнында грант жеңіп алып, кейін басқа елді мекенге көшкен жағдайда сол грантын алып кете алатындай жасаймыз. Өзі қосымша төлей алады. Сондай мүмкіндік беруіміз керек. Бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Оқулықтың орнына планшет

Асхат Аймағамбетов электронды оқулықтарға қатысты пікірін білдірді. Министрдің сөзінше, қағаз оқулықтар қолданыста бола береді. Барлық балада оқулықтардың қағаз нұсқасы болуы тиіс. "Егер ата-ана баласының оқулықтың электронды нұсқасын қолданғанын қаласа, мұндай мүкіндікті береміз. Оны QR-код арқылы жүктеп алуға болады", - деді Білім министрі.

Министр "оқушыларға мұғалімдер электронды оқулықтар қолдануға рұқсат бере ме?" деген сауалға да жауап берді.  "Оқу жылының басында нұсқаулық-әдістемелік хатта оқушының таңдауында екенін жеке жаздық. Егер ата-ана баласының электронды нұсқамен, шартты түрде айтқанда, планшет немесе ноутбукпен келуін қаласа, онда ешкім оған тыйым салмайды. Бұл оқушы мен оның заңды өкілдерінің таңдауы", - деді министр.

Министр ата-ана ретінде өз балаларына оқулықтардың қағаз нұсқасын қолдануға рұқсат беретінін айтты. "Ата-ана ретінде, балама оқулықтардың қағаз нұсқасын беремін. Мүмкін өте дәстүрлі қарайтын болармын, бірақ шынымды айтсам, қағаз нұсқада оқимын. Телефоннан, планшеттен оқу үйреншікті емес, әдеттен өзгеше. Дегенмен біреу электронды нұсқаны оқығысы келсе, оларға БҒМ мұндай мүмкіндік береді", - деді Аймағамбетов.

Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды

Министр Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда өткен Тамыз конференциясы барысында балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдауды ұсынды. Министрдің айтуынша, жаңа бағдарлама бойынша балалардың жас ерекшелігіне байланысты өзгерістер болады.  "Жаңа бағдарламаларға көшіп жатырмыз. Жас ерекшелігіне байланысты өзгерістер болады. Балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдау маңызды", - деді министр.

Сондай-ақ, Аймағамбетов балабақшалардың жұмысын тамызға дейін ұзартуға қатысты пікір білдірді. "Бүгінде балабақшалар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Бірақ балалардың көбі 6 жасқа тола салысымен мектепке барып жатыр. Сондықтан балаларды екі жастан бастап балабақшаға қабылдау мәселесін көтеріп отырмыз. Сонымен қатар, балабақшаның жұмысын тамызға дейін ұзарту керек. Осыған байланысты арнайы бағдарлама әзірлеп жатырмыз", - деді министр.

"Смайлик" түріндегі бағадан бас тарту

Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясы барысында мектептегі "смайлик" түрінде баға беру жүйесінен бас тартуға ұсыныс жасады. Министрдің сөзінше, "смайлик" түрінде баға беру оқушылар мен ата-аналарды шатастырып жіберуі мүмкін. "Көптеген мектептегі бағалау жүйесі бойынша оқушылар тек "смайлик" не "жарайсың" деген баға алады. Оқушы белгілі уақыт арасында осы бағаны алып жүріп, кенеттен ата-анасы немесе өзі күтпеген баға алуы мүмкін", - деді министр.

Министрдің айтуынша, мұндай бағалау жүйесінің түпкі мақсаты мүлде бөлек болған. Яғни оқушының үлгерім процесін, әлсіз тұстарын, қай тұста жұмыс жасау керек деген сияқты көрсеткіштерді алу.  "Өкінішке қарай осы тұс әлсіз болып тұр. Сондықтан министрлік осы бағыт бойынша жұмысты жалғастырады", - деді министр.

Айта кетейік, елімізде алғаш "смайлик" түрінде баға беру жүйесі 2017 жылы енгізілген.

Енді мұғалімдер аптасына бес күн жұмыс істейді

Тамыз конференциясы барысында Асхат Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдер үшін бес күндік жұмыс аптасы енгізілетінін мәлімдеді. Министр елімізде мектептердің біраз бөлігі бес күндік оқу аптасына ауысқанын айтты. Министрдің сөзінше, бұл тұста әлі де шешілмеген мәселелер бар.  "Балалар аптасына бес күн оқыса да, мұғалімдер алтыншы күні де мектепке келуі тиіс. Әрине, кейбір өңірлерде олай емес. Десе де бізде бірыңғай тәртіп болуы керек", - деді ол дәстүрлі тамыз конференциясында.

Сондай-ақ, министрлік осыған қатысты заңнаманы қарап шыққан. Министрлік басшысы мұғалімдерге бес күн жұмыс істеуге ешқандай кедергінің жоқ екенін мәлімдеді.  "Алтыншы күнді педагогтар өз қалауына қарай өткізуі тиіс. Балалармен уақыт өткізе ме, сабаққа дайындала ма, оны өздері шешеді. Кейде бұл күні педагогикалық кеңес өткізуге де болады және тағысын тағы. Бірақ, ең бастысы, алтыншы күн - мұғалімдердің жеке уақыты болуы тиіс", - деді ол.

Оқушылардың жаңа оқу жылындағы демалыс күндері

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша: - 2019-2020 оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталады; - 1-сынып оқушылары - 33 апта оқиды, 2-11 (12)-сынып оқушылары 34 апта оқиды; - күзгі каникулдар - 28 қазаннан 3 қарашаға дейін (жеті күн); - қысқы каникулдар - 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (он күн); - көктемгі каникулдар - 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн); Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметінше, 1-сынып оқушыларына тағы қосымша каникул беріледі - 3-9 ақпан аралығында (жеті күн). Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Дереккөз: Материал Тенгриньюс ақпараттық порталынан алынды

Файлы:
Ауесбаева Майра

ТАРИХ КТЖ

ТАРИХ КТЖ  
Файлы:
Ауесбаева Майра

КТЖ

КТЖ
Ауесбаева Майра

«Пікірлер базары» Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсілінде

«Пікірлер базары»

     Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.

Ауесбаева Майра

«Екі лагерь» Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайт

«Екі лагерь»

             Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек.  Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.
Ауесбаева Майра

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕРАграрлық- жерге байланысты, жердi пайдалануға, өнеркәсiптен егiншiлiктiң басым болуына, елде ауыл-шаруашылығының негiзгi орын алуына байланысты айтылатын ұғым. Агрессия - бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа елдердің жерін басып алу және х

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР

Аграрлық- жерге байланысты, жердi пайдалануға, өнеркәсiптен егiншiлiктiң басым болуына, елде ауыл-шаруашылығының негiзгi орын алуына байланысты айтылатын ұғым.

Агрессия  - бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа елдердің жерін басып алу және халқын құл ету мақсатымен бір мемлекеттің екінші мемлекетті экономика немесе саясат жөнінен бағынышты ету мақсатымен шабуылы.

Адам- жер бетiндегi тiрi организмдердiң негiзгi субъектiсi мен объектiсi. Олар 4 мыңнан аса тiлде сөйлейдi.

Адам құқықтары- белгiлi бiр игiлiк алуды, өмiр сүрудi қамтамасыз ететiн адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердiң өзара қатынастары, кепiлдiктерi. Олар, негiзiнен 1948 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған “Адам құқығының жалпыға бiрдей Декларациясында көрсетiлген.

Адат - мұсылман халықтарының жазылмай қолданылатын заңдары, әдет-ғұрпы мен дәстүрі.

Ауесбаева Майра

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР Автократия - бір адамға жоғарғы өкімет билігін шексіз беру арқылы басқару. Автономия - бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси ұлттық құрылым. Авторитаризм - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сү

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР

Автократия - бір адамға жоғарғы өкімет билігін шексіз беру арқылы басқару.

Автономия - бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси ұлттық құрылым.

Авторитаризм - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп.

Аврора - Балтық флотының крейсері, ол 1917 ж. 25қазан (7.ХІ) қарулы көтеріліс кезінде буржуазиялық Уақытша үкіметтің соңғы тірегі болған. Қысқы сарайға шабуыл жасауды хабарлап, тарихи оқ атқан. 1948 ж. 17 қарашада «Аврора» крейсері тарихи ескерткіш есебінде Неваның «Петраградская набережная» тұсына мәңгі сақталуға қойылып, сондағы Нахимов училищесіне берілді.

Ауесбаева Майра

«Домино - 2» Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, к

«Домино - 2»  
Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы бүтін бір әңгіме айтылып шығады.  
Ауесбаева Майра

«Баяндама» Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндам

«Баяндама»

Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
Ауесбаева Майра

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР Австракция- затты белгiсiнен, қасиетiнен ажыратып, ойша дерексiздендiру, дерексiз ұғыммен тұжырымдалатын және табиғаттың немесе қоғамның материалдық процестердiң iшкi мәнiн бейнелейтiн ғылыми ой. Абсурд- танту, бос сандырақ, мәнсiз бiрдем

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР

Австракция- затты белгiсiнен, қасиетiнен ажыратып, ойша дерексiздендiру, дерексiз  ұғыммен тұжырымдалатын және табиғаттың немесе қоғамның материалдық процестердiң  iшкi мәнiн бейнелейтiн ғылыми ой.

Абсурд- танту, бос сандырақ, мәнсiз бiрдемелердi айту.

Абыздар- Абыздар алғашқы дiн тараған кезде шыққан. Олар құлдық қоғамда үстем тап өкiлдерiнiң қатарында болып, дiн уағыздарын таратты, дiн жораларын орындау арқылы байыды. Абыздардың кейде мемлекеттiк билiкте қолына алған кезi де болды. Мысалы, Ежелгi Египетте, Қөсөзенде, Мексикада. т.б.

Бiлгiр көреген, тасаттық берушi, құрбандық шалушы мен  құдайдың арасындағы делдалмын дегендi бiлдiредi.

Ауесбаева Майра

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР Авангардизм – XX ғасырдағы өнердің мазмұнын және тұрпатын түбірлі түрде жаңартуға ұмтылған көркемөнер ағымдары. Авантюра - нақты күшпен жағдайды есепке алмай істелген әрекет, сондықтан мұнан түбінде еш нәрсе шықпайтын, сәтсіздікке ұшырайт

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР

Авангардизм – XX ғасырдағы өнердің мазмұнын және тұрпатын түбірлі түрде жаңартуға ұмтылған көркемөнер ағымдары.

Авантюра - нақты күшпен жағдайды есепке алмай істелген әрекет, сондықтан мұнан түбінде еш нәрсе шықпайтын, сәтсіздікке ұшырайтын күдікті, қара ниеттес, есуастық әрекет. Авантюрист - принципсіз епшіл дүниеқор, алаяқ дегенді білдіреді.

Авантюризм - саясатта билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат, мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлі жолмен, оңай жолмен іздеушілік.

Ауесбаева Майра

«Оқиғаны басқаларға жеткіз» Әр топта 7-8 адамнан келетіндей топтарға бөлінеді. Әр топтың басында отырған оқушыға оқиға беріледі. (Әр топқа түрлі оқиға беруге де болады.) Ол жанындағы адамға басқаларға естіртпей оқиғаның желісін жеткізеді. Осылайша бәрі ай

«Оқиғаны басқаларға жеткіз»

Әр топта 7-8 адамнан келетіндей топтарға бөлінеді. Әр топтың басында отырған оқушыға оқиға беріледі. (Әр топқа түрлі оқиға беруге де болады.) Ол жанындағы адамға басқаларға естіртпей оқиғаның желісін жеткізеді. Осылайша бәрі айтып болған соң, соңғы қатысушы оқиғаны дауыстап айтып шығады. 1-оқушы мәтінді оқиды. Қай топтың оқиғасы түпнұсқаға жақын болса, сол топ жеңіске жетеді.
Ауесбаева Майра

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР Аббат – 1. Католик шіркеуіндегі барлық дін қызметкерлерінің құрметті аты. 2. Еркектер монастырының басшысы. Аболиционист – аболиционизмдi жақтаушы, құлдыққа қарсы күрес жүргiзушi. Аболиционизм- АҚШ-та құлдықты және құл саудасын жою жолынд

ТАРИХИ ТЕРМИНДЕР

Аббат – 1. Католик шіркеуіндегі барлық дін қызметкерлерінің құрметті аты.                        2. Еркектер монастырының басшысы.

Аболиционист – аболиционизмдi жақтаушы, құлдыққа қарсы күрес жүргiзушi.

Аболиционизм- АҚШ-та құлдықты және құл саудасын жою жолында ХҮIII ғасырдың аяғы мен ХIХ бiрiншi жартысында болған, қандай-да бiр қолайсыз заңды бұзуға бағытталған қоғамдық қозғалыс.

Ауесбаева Майра

«Сұрақты ұстап ал!» Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа

«Сұрақты ұстап ал!»

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Ауесбаева Майра

«Ара ұясы» техникасы Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.Сонымен берілген осы техника

«Ара ұясы» техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.
Ауесбаева Майра

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSxB20FuxcmH8UA76L1wauXYDfiQeNlT3CcIT0aD0vBL6PoaTSM

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Ауесбаева Майра

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күндел

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.

Ауесбаева Майра

Жаңғақтың балаларға пайдасын біле жүріңіз Жаңғақ – баланың ойлау қабілетін дамытатын жеміс. Баланың ойлау қабілеті мен ми құрылысы жақсы дамысын десеңіз, жаңғақты күнделікті тұтыну өніміне айналдыру қажет. Әсіресе, грек жаңғағы мен бадамды бергеніңіз жөн.

Жаңғақтың балаларға пайдасын біле жүріңіз

Жаңғақ – баланың ойлау қабілетін дамытатын жеміс. Баланың ойлау қабілеті мен ми құрылысы жақсы дамысын десеңіз, жаңғақты күнделікті тұтыну өніміне айналдыру қажет. Әсіресе, грек жаңғағы мен бадамды бергеніңіз жөн. Бадамның ежелгі араб, грек оқымысты-дәрігерлері мидың қабілетін арттыратындығын дәлелдеген. Сонымен қатар бадам жаңғағынан сиырдың сүтімен пара-пар бадам сүті өндіріледі. Кейде бадам сүтімен кішкене балаларды да қоректендіреді. Бүлдіршіннің жақсы өсуіне көмектеседі. Сондықтан да жаңғақ ағашын «білім ағашы» деп бекер атап жатпаса керек.

Бадам жаңғағы адамды зерек, зейінді етеді. Алайда өте көп, шектен асып қолдануға тағы да болмайды. Уланып қалуы мүмкін. Кезінде адамдар грек жаңғағын «ойлай алатын жаратылыс иесі» деп санаған екен. Себебі жаңғақтың дәні адам миының құрылысына өте ұқсас болатын. Осыдан барып грек жаңғағы бас ауруларын ғана емдеп қоймайды, сонымен қатар, адамға ақыл береді, сумиға дауа болатын бірден-бір шипа көзі деген түсінік пайда болған. Ал кейінгі медициналық зерттеулер мұны растаған. Грек жаңғағы ми жұмысын жақсартып, адамның логикалық ойлауын күшейтіп, ұмытып қалу жағдайларын азайтады. Сондықтан грек жаңғағын күнделікті өмірде көп тұтыну – ми қызметін жақсартуға мән беріп жүрсіз деген сөз.











Ауесбаева Майра

Инсталляция – бұл адамның қандай да бір іс-қимыл жасауға, яғни кез-келген әрекетке, мінез-құлыққа қатысты реакцияларға және тіпті ойларға алдын-ала дайындық жасауы.

Инсталляция – бұл адамның қандай да бір іс-қимыл жасауға, яғни кез-келген әрекетке, мінез-құлыққа қатысты реакцияларға және тіпті ойларға алдын-ала дайындық жасауы.

Ауесбаева Майра

Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы
Файлы:
Ауесбаева Майра

Менің көңіл-күйім баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмей

Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Ауесбаева Майра

Құрметті әріптестер! Демалыс күндеріңізді өте жоғары деңгейде өткізіңіздер! Алдағы оқу жылына аман-есен болып, тың күш-жігермен келуге алла нәсіп етсін!!!

Құрметті әріптестер! Демалыс күндеріңізді өте жоғары деңгейде өткізіңіздер! Алдағы оқу жылына аман-есен болып, тың күш-жігермен келуге алла нәсіп етсін!!!
Ауесбаева Майра

Дөңгелек стол Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып та

Дөңгелек с
тол
      Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды.
Ауесбаева Майра

ҰБТ нәтижесін қайдан білуге болады?! Ұлттық бірыңғай тест нәтижелерімен танысудың бірнеше жолы бар. Олар: @edu.gov.kz_bot telegram (https://web.telegram.org/)-боты; edu.mail.kz (https://edu.mail.kz/services/ent/) сайты; Ұлттық тестілеу орталығының www.tes

ҰБТ нәтижесін қайдан білуге болады?!

Ұлттық бірыңғай тест нәтижелерімен танысудың бірнеше жолы бар. Олар:

  • @edu.gov.kz_bot telegram-боты;
  • edu.mail.kz сайты;
  • Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz ресми сайты. Бұл сайтта тест қорытындысымен танысу үшін әрбір тест тапсырушыға берілетін ТЖК, яғни жеке код қажет.  
Ауесбаева Майра

ДЖТ СҰРАҚТАРЫ

ДЖТ СҰРАҚТАРЫ
Файлы:
джт.docx (467.62 КБ)
Ауесбаева Майра

«Терминдер конверті»Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек.

«Терминдер конверті»
Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл емтиханға дайындыққа жақсы көмектеседі.


Ауесбаева Майра

«Броундық қозғалыс» Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

«Броундық қозғалыс»
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.


Ауесбаева Майра

«Қағаздағы сұрақтар» Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. Бұл -

«Қағаздағы сұрақтар»
Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.
Бұл - үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді тәсіл.


Ауесбаева Майра

«Әріптер мен сандар» Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.

«Әріптер мен сандар»
    Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.


Ауесбаева Майра

«Қане, қайтала!» Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын о

«Қане, қайтала!»
      Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.
Ауесбаева Майра

«Үш пікір» Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады.

«Үш пікір»
Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.


Ауесбаева Майра

Бүгінгі тест тапсырған әріптестеріме сәттілік тілеймін!

Бүгінгі тест тапсырған әріптестеріме сәттілік тілеймін!
Страницы: 1 | 2 | 3 | 4 | След.