Центр педагогического мастерства

«Мониторинг пен эвалюация үдерісінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму»

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату бағытында Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы базасында «Мониторинг пен эвалюация үдерісінің алғашқы нәтижелерін талдау негізіндегі даму» тақырыбы бойынша жетекші мектептерінің басшыларына арналған оқыту семинары болып өтті. Семинардың мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи мектепішілік кәсіби даму құрылымындағы каскадты оқыту тәжірибесін жетілдіру мен жаңашыл идеялары бар жетекшімектептерінің педагогтеріне Атырау аймақтың білім беру жүйесінде тиімді басқаруды қолдану арқылы оқыту мен оқуды сапалы ұйымдастыруды одан әрі дамытуға және жетекшімектептерінің көшбасшы мұғалімдерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетуді көздейді. Күтілетін нәтиже: Пікір алмасу арқылы озық тәжірибелердің қажеттілігін анықтайды. жетекшімектептері тәжірибе алмасады, Қамтылған аудитория: 21 жетекші мектебі басшылары. Мақсатқа жету барысында мына іс –шаралар жасалынады: Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Нуржанова А.Т кіріспе сөз сөйледі.Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталық маманы Кулбалиева Н және 21 жетекші мектептерінің басшылары қатысты. Атырау қаласы химия-биология бағытындағы директордың бейінді-экспериментальды жұмыстар жөніндегі орынбасары Исмагулова С.М. «Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату. Жетекші мектептердің жоспарын жасақтаудағы алғы шарттар» тақырыбында тәжірибелік таныстырылым жасады. «Жетекші мектептің даму жоспарындағы ерекшеліктер» тақырыбында Исатай ауданы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің директоры Исмагулова Т.И. және Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры Даулетова Р.Қ « жетекшімектебінің жұмысын қалай тиімді ұйымдастыруға болады?» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, өз тәжірибелерін ортаға салды. Қорытындысында ПШО әдіскер менеджері Есбосынов Н.М ұйымдастыруымен жетекші мектептердің жылдық жоспарына SWOТ арқылы талдау жасалынды.

Возврат к списку