Центр педагогического мастерства

Атырау қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығы облыстың жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерін жаңартылған білім беру мазмұнынына қайта даярлау курстарын бастады.

2017ж. 29 мамыры күні Атырау қаласы,  Педагогикалық шеберлік орталығы  облыстың жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерін жаңартылған білім беру мазмұнынына  қайта даярлау  курстарын  бастады.

Төмендегі аталған курстардан:

«Бастауыш сыныптар», «Ағылшын тілі», «Қазақ тілі», «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика», «Тарих», «География» пәндері бойынша  осы жылы  503 пән мұғалімдері ПШО және №30 мектеп базасында білімін жетілдіреді.Курсты  сертификатталған ПШО және облыстың таңдаулы мұғалімдерінен іріктеліп тартылған  тренерлері жүргізеді. Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім мазмұнының қағидаларымен, атап айтқанда, пән мазмұны спиральді қағидатпен берілуі,

Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыруда 7 модулге негізделген жүйемен оқу дағдысы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аудару және бірлескен оқу ортасына негізделген оқуды ұйымдастырудың жай-жапсарымен танысады.Курс соңында аталған дағдыларды өз сабағында жаңа оқу жылына пайдалануға даярлығын қалыптастыру мақсатында жаңартылған білім мазмұнына негізделген сабақтарынан таныстырылым жасап қорғайды.Осындай дайындықтың арқасында 2017ж 1 қыркүйегінде мұғалімдер толықтай жаңа мазмұнда білім беруге дайын болады деп күтілуде.

 


Возврат к списку