Центр педагогического мастерства

Новости

Облыстық «Тәлімгер және тәлім алушы» кәсіби шеберлік байқауы
Атырау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының 2019 жылға арналған жоспарына сай  2019 жыл  25-26 ақпанда  Облыстық «Тәлімгер және тәлім алушы» кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектеп ұстаздарының тәлімгерлік қызметтерін жетілдіру және идеясын насихаттау арқылы тәлімгерлік жұптардың жетістіктерін дәріптеу. Педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыра отырып, инновациялық тәртіпте қызмет ететін талантты ұстаздарды қолдау.
-    Күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  құрылымын,  ондағы материалдардың  күрделілігінің  өсу  ретін,  тәлімгерлік үдерісті жақсартудың мазмұнын  және  мақсаттарын  анықтайды  және  кәсіби біліктілігі артады;
Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде рефлексиялық кәсіби әңгіме арқылы сабақты жетілдірудің мазмұны туралы тәжірибелерімен бөліседі.
Іс-шараның өзектілігі:
Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету; Облыс мұғалімдерінің өз тәжірибелеріндегі тәлімгерлік үдерісті жақсарту үшін оларды педагогикалық тәсілдермен таныстыру, озық тәжірибелермен бөлісу болды.
         «Тәлімгер және тәлім алушы» кәсіби шеберлік байқауына аудан, қала мектептерінен тәлімгерлік 13 жұп (тәлімгер және тәлім алушы) қатысты.
Атырау қаласы педагогикалық шеберлік орталығының директоры  А.Т.Нуржанованың кіріспе сөзімен және байқауға қатынасушылардың жеребе арқылы рет саны анықталып байқаудың салтанатты ашылуы болды.
Облыстық «Тәлімгер және тәлім алушы» кәсіби шеберлік байқауы 2 кезеңнен тұрды:
    1 кезең (сырттай) – 11-15 ақпан 2019 жылы  өткізілді онда байқауға қатысушылар «Жаңа үлгідегі  тәлімгер қандай болуы тиіс» атты шығарма-монолог» (эссе) жазып, тәлімгерлік қызмет тәжірибесінен буклет-презентация  (5 слайдтан артық емес) арқылы өз жұмыстарыны баяндауға тиіс болды.
Байқаудың  2 кезеңі  ІІ турдан тұрды
    I тур: Деректеме кәртішкесі (визитка) (5 минутқа дейін) тәлімгер және тәлім алушы бірге ұсынады.
    II тур: Тәлім алушы сабағының үзіндісі (15 минутқа дейін), сабақты талдау – тәлімгер (5 минутқа дейін).
   Облыстық «Тәлімгер және тәлім алушы» кәсіби шеберлік байқауының салтанатты жабылуы -  26 ақпан күні  өттіп, байқау қорытындысы бойынша
І орын - Исатай ауданы Қ.Мырзағалиев атындағы орта мектебінің тәлімгері Рскалиева Эльмира Махсотовна  тәлім алушы Утешова Гулжанат Абугалиевна иемденсе.
ІІ орын - Жылыой ауданы №2 орта мектебінің тәлімгері Темирова Эльмира Жумабаевна мен тәлім алушы Тлепбергенова Гаухар Дагистановна мен Исатай ауданы Исатай орта мектебінің тәлімгері Есмаганбетова Бубек Галымжановна мен тәлім алушы Дәржанова Күншапақ Бейімбетқызы иемденді.
ІІІ орын - Атырау қаласы Қ.Сәтпаев атындағы №19 мектеп-гимназия тәлімгері Бисекенова Бакитгул Жолдыбаевна  тәлім алушы Утемисова Айнур Нурлыбековна Атырау қаласы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінің тәлімгері Нурушева Зульфия Сабитовна тәлім алушы Бекболатова Ляззат Нурсипатовна, Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің тәлімгері Утепкалиева Гулсара Зинелгабиденовна мен тәлім алушы Оразова Әсемгүл Жасталапқызы иемденді.
Сондай ақ барлық қатысушылар Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.
О семинаре в Глубоковском районе.

26.01.2019 г. Методическим центром НИШ ХБН и филиала ЦПМ г.Усть-Каменогорска с целью трансляции опыта АОО НИШ и поддержки педагогов общеобразовательных школ в процессе реализации обновленого содержания образования и критериального оценивания был организован семинар «Реализация обновленного содержания образования и модели критериального оценивания в школьной практике» .

Мероприятие проходило на базе Ведущей школы района КГУ «Глубоковская средняя школа им. Ы.Алтынсарина» (пос. Глубокое). В нем приняли участие: заместители директоров по УВР, учителя физики, математики, химии, информатики, биологии, английского языка, истории, географии, русского языка и литературы, казахского языка и литературы, начальных классов общеобразовательных школ района (178 учителей из 9 школ).

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған семинар
19 қаңтар күні Семей қаласының №7 мектеп – лицей базасында «БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын әзірлеудің әдіс -тәсілдері» атты оқыту семинары өтті. Семинар ұйымдастырушысы Өскемен қаласы ПШО филилалының Білім мазмұнын жаңарту және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру бойынша әдістемелік орталығының менеджер – әдіскері Усенова Д.Э.

Новости 1 - 7 из 177 Начало Конец