Педагогикалық шеберлік орталығы

«Шабыт» бағдарламасы

Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметкерлеріне арналған «Шабыт» бағдарламасы бастау алды.

Бағдарлама аясында ғылым, өнер, театр, музыка және кино салаларындағы белгілі тұлғалардың көпшілік дәрістері тыңдалады.

Ай сайын компания қызметкерлерінің электронды поштасына бағдарлама қонағымен болатын кезекті кездесу және оның өтілетін уақыты мен орны туралы ақпарат таратылады.



«Шабыт» бағдарламасы:

«Тағдырлар. Есімдер. Абай Құнанбаев» (175 жылдығы) (20.02.2020)

2020 жылдың 20 ақпанында «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында барлық дербес ұйымның қызметкерлері Қазақстанның белгілі ғылым және қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Мұхтарұлы Арынмен кездесу өткізді.

Ерлан Мұхтарұлы «Тағдырлар. Есімдер. Абай» атты шығармашылық кездесуде қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әлі көпшілікке кеңінен жарияланбаған фактілерді әңгімелеп, ойлы ұсыныстар айтты. Кездесуге қатысушылар ұлы ойшылымыз жайлы заманауи зерттеулер, театр қойылымдары, Абай еңбектерінің мұрағаттық басылымдары туралы қызықты бірқатар мәліметтер алды.

Кездесу барысында Ерлан Мұхтарұлы Абай өз еңбектерінде тұжырымдап көрсеткен жан-жақты дамыған адам – «толық адам» ілімі туралы сөз қозғады. Аталған ілім бүгінгі күні де өзекті, онда үнемі дамуға, жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылған, өзгелерге үлгі болуға лайықты еңбекқор, әлемге ашық адамдар туралы сөз болды.

Кездесу атмосферасы көңілді, жанға жайлы өтті. Абайдың музыкалық шығармалары, өлеңдері мен қара сөздері айтылды. Көрермендер көп әсер алып, пікірлерін бөлісті.

Ерлан Мұхтарұлына зор шығармашылық табыс тілейміз!


«Музыка – өмір салты» (29.01.2020)

28 қаңтар күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері белгілі ақын, сазгер, халықтың сүйікті әншісі Елена Әбдіхалықовамен кездесті.

Елена Мәжітқызы 60-тан астам әндердің авторы. Оларды Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы және тағы басқа әншілер орындайды. Ол өзінің тәлімгерлері – Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынова туралы өте жылы сезіммен және ерекше құрметпен әңгімелеп берді.

Елена Мәжітқызы өзінің шығармашылық жолының негізгі кезеңдері туралы айтып берді. Тыңдаушылардың балалық шағы, мектеп, достары және жақын адамдары туралы сұрақтарына көп уақытын бөліп, өз өлеңдерін оқып, домбырамен ән айтты… Ақын шығармаларының барлығы бүгін ресми түрде мойындалып, халық сүйіспеншілігіне бөленді.

Кездесу атмосферасы еркін, жанға жайлы болды. Көрермендер көп әсер алды. Дарынды адамның бойында керемет харизма мен орынды әзілдердің ұштасуы, оның сөзсіз тамаша әңгімелесуші екенін айғақтайды.
Елена Мажітқызына үлкен шығармашылық табыс тілейміз!

Видеоның толық нұсқасы

«Қазақстан сурет өнері: классикадан авангардқа дейін»алдағы уақытта жоспарланған...

«Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының жауһарлары»алдағы уақытта жоспарланған...

«Театр жастық шақтан басталады»алдағы уақытта жоспарланған...

«Тағдырлар. Есімдер. Бауыржан Момышұлы» (110 жылдығы)  алдағы уақытта жоспарланған...

«Тағдырлар. Есімдер. Әлихан Бөкейханов» (145 жылдығы)алдағы уақытта жоспарланған...

«Балет: биге айналған музыка»алдағы уақытта жоспарланған...

«Қазақстанның опера өнері»алдағы уақытта жоспарланған...

«Қазақстанның архитектуралық ескерткіштері»алдағы уақытта жоспарланған...

«Заманауи фотография: ішкі көзқарас»алдағы уақытта жоспарланған...

«Бетке ұстар қазақстандық кино»алдағы уақытта жоспарланған...

Приглашаем всех желающих на публичные лекции

Более подробную информацию
Вы получите по корпоративной почте