«Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және даму перспективалары» республикалық семинар-кеңесі – Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің кәсіби дамуына бағытталған жыл сайын өткізілетін іс-шара. Семинар-кеңес шеңберінде білім беру және психология саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшыларды, бизнес-тренерлерді, коучтерді (Кембридж, Жапония, Корея, Ресей, Қырғызстан және т.б.) шақыру арқылы тренингтер өткізіледі. Тренерлер спикерлермен жеке тілдесуге, кәсіби және тұлғалық даму туралы сөйлесуге мүмкіндік алады. Әртүрлі аймақтан келген тренерлер коучингті ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөліседі, жұмыс барысында пайдалану үшін өздерінің лайфхактарын ұсынады.